Отпан тау-Адай Ата кесенесі-Ма??ыстау т?рінде та?ырыбында?ы ашы? саба? презентациясы


Сыныбы: 7-сынып
Сабақ тақырыбы: Отпан тау-Адай ата кесенесі-Маңғыстау төріндеСабақтың мақсаты: Ұлттық мәдениет пен өнердің тәлімдік мүмкіндіктерін аша отырып, ғасырдан ғасырға жалғасқан асыл мұралар арқылы рухани адамгершілік қасиетті,ерлік рухы, әсемдік сезімі жетілген тұлғаны қалыптастыру.Дамытушылық мақсаты: Маңғыстау халқының мәдениеті мен өнерін олардың даму ерекшеліктерін оқушыларға үйрету.Тарихи кесенелер тарихын, сәулет өнерінің сырларын ұғындыра отырып имандылыққа тәрбиелеу.Тәрбиелік мақсаты:Туған жерге өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып,еліне деген мақтаныш сезімін ояту.Туған өлке табиғатын қорғауға баулу.Пайдаланылған көрнектіліктер: Маңғыстау туралы суреттер,интерактивті тақта.Әдісі:Жеке топтық, ұжымдық.Тәрбие сағатын өткізуге арналған материалдар дайындау оқушыларға алдын ала тапсырма беріледі.Бұл оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасын арттырады.Олар қандай материалдарды қайдан табуға болатындығы жөнінде бағыт бағдар беріледі.Басылымдар мен Маңғыстау туралы кітаптардан деректер жинайды.Бұның өзі оқушыны ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге үйретеді.Тәрбие сағатын өткізудің жоспары. 1. Топтарға бөлу.2.Жылдамдық сұрақ.
3.Адай ата-Отпан тау кесенесінің тарихы.
(Көк бөрі,Ұран оты,Ту төбе.) 4.Қорытынды.
Маңғыстау үш қиянның өрген жері. Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
Атамыз Адай мекен еткен жері, Той қылып «Адай» туын тіккен жері.
1-топ аты Отпан тау.2) 2-топ аты Желтау.3) 3-топ аты Ақтау.Әр топқа мынандай сұрақтар қойылады.1.Маңғыстау облысы қай жылы құрылды?2.Маңғыстауда неше аудан бар?3.Маңғыстау облысының қалалары?4.Маңғыстауда қандай қорық бар?5.Маңғыстауда ең төмен жатқан ойыс, оның тереңдігі?6.Маңғыстаудың ең биік жерлері?7.Маңғыстау билері кімдер?8.Маңғыстауды зерттеген зерттеушілерді ата?9.Маңғыстауда қандай түбектер бар?10.Маңғыстау географиясы оқулығының авторы кім?11.Маңғыстаудан шыққан батырлар?12.Маңғыстау сөзі қайдан шыққан?13.Маңғыстаудан шыққан билерді ата?14.Отпан таудың биіктігі?15.Отпан тау қай жерде орналасқан?16.Маңғыстау аруларына кімдер жатады?
Әлиханова Жұлдыз «Маңғыстау» әні.
«Отпан тау» тобы: Отпан тау-тарихи мәдени кешен. кесенесі 2005жылы 25 қазанда ашылды.Кешен К.Демесінов жобасын негізінде құрылды.Осы жоба бойынша Отпан таудың басында салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп,ол алтынмен апталды.Үш құлпытастың ортасындағысының бетіне алтын әріппен”Адай ата»деген сөз жазылған.Кесенеге кірер есік екеу:олар «қасиетті қос босаға» деп аталады.Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз арысының аттары,алішкі жағына Адай ұрпақтарының аты мен рулық шежірелері алтын әріппен жазылған.12қанат керегенің ішкі бетіне гранитпен қапталып.Адай туралыдеректер әртүрлі тілде жазылған.Кесененің диаметрі 7м,биіктігі13м.
Адай ата кесенесі.Бұл Қаратау жотасының ең биік шоқысы Отпан тауда орналасқан.Биіктігі күмбез найзасының ұшына дейін 37метр. Адай атаның екі жағында екі баласы Келімберді мен Құдайке атамыздың құрметіне арналған кесене.

«Желтау» тобы: «Адай ата-Отпан тау»этнографиялық рухани тарихи-мәдени кешені салынды.Оның авторы қоғам қайраткері,көрнекті ақын Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткер»Сабыр Адай.

Маңғыстау – қой тастарың жүрегімдей,Мұнараң жолы жалын күреңімдей.Аспаның - Адайлардың көкірегі.Құс жолы - Көкмойнақтың шілдеріндей.
Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері,Кетіріп кіндік қанын жуған жері.Кіндігін Қожа молда қолымен кесіп,Тамырын тарамыспен буған жері
«Ақтау» тобы: Көк бөрі Түркі халықтарының символы.Ертеде заманда аталарымыз көкжал қасқырды пір тұтқан.Себебі ол қандай қиыншылыққа да төзімді,өз жауларыынан да қорғана білетін,қолға үйренуге көнбейтін,туған жерінен басы ауған жаққа кетпейтін,ұяластарын сыртқы жауға бермейтін,қызыл кітапқа енген айлакер аң.Аталарымыз өз ұрпақтарының болымысында осындай қасиеттер болғанын қалап, балаларына үлгі тұтқан.

14 наурыз БатысҚазақстан өңірі халқының көне заманнан бергі Амал келді,жыл келді”деп жыл басы ретінде тойлаған,ғасырлар бойы салт-дәстүрге енген мейрам.2008 жылдан бастап,бұл мейрамөлкемізде Отпан таудағы Ақсарай алаңында өткізіліп келеді.


Ерте заманда елге жау шапқанда кең байтақ Маңғыстауды ру-ру болып жайлап жатқан халықтың басын жинау үшін Отпан таудың басында ұран отын жаққан.Сөйтіп,Адай халқы бірігіп елін,жерін жаудан қорғап қалған Отпан таудың басынан жаққан алау от сонау Үстірттің үстінен көрінеді екен.Маңғыстау халқының амал мерекесі 14 наурызда басталады.Сол кезде Тағзым оты жағылады.
Ту төбе.Тәуесіздігіміздің көрінісі.Ту тұғырдың биіктігі 20метр шамасында.Сонымен қатар болашақта Баһадүр батыр ескерткішін орнату жоспарланған.Бұл-қазақ жерін қорғағанАлатауға дейін барып,Сайрамды үш айналған Адай ата ұрпағы батырларына арналған ескеркіш статуя,Адай Ата-Отпан тау ТТЭМ орталығының мәртебесін көтеру,өлкеміздегі туризмді дамыту мақсатындағы ұлттық мәдени шаралар. Кең байтақ жерімізді қорғап,бүгінгі күнге жеткізген ата бабаларымыздың рухына арнап және бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосып жүрген халқымыздың еңбектегі жеңісінің құрметіне Ұран отын жағу.
Кадір Дәулет «Адай» күйін орындайды. Оқушылар шығармашылығы «Маңғыстауға арнау» өлеңдерін оқиды
Тәрбие сағатының негізгі бөлімінде Адай ата кесенесін интерактивті тақтадан оқушыларға суреті көрсетіледі.Оқушылардан алдарыңдағы суретте не бейнеленгені сұралады,тәрбие сағатының негізгі тақырыбы ашылады.Бұл көріп отырғандарын «Адай ата-Отпан тау»этнографиялық рухани тарихи-мәдени кешені.Адай ата туралы қандай әнгімелер мен өлең жырларды білесіңдер?Адай ата кесенесін тұрғызуға ұсыныс берген кім еді? Сабыр Адай суреті көрсетіледі.Бұл кісі туралы не білесіңдер?Негізгі бөлімінде оқушыларды жоғарыда бөлінген топтар бойынша жұмыс істейді.Мәселен бірінші топқа Адай ата кесеснесінің тарихы туралы. екінші топқа Отпан тау, Ұран оты тауы туралы. үшінші топқа Көк бөрі туралы әңгімелеп қорғайды.
Маңғыстау ақын-жазушыларының шығармаларын әр топ мәнерлеп оқиды.
(Сабыр Адай, Әбіш Кекілбаев, Темір Мыңжас, Ғалым Әріп, Светқали Нұржанов) Әр топ берілген тапсырмаларын қорғап болғаннан кейін,біз бүгінгі тәрбие сағатынан
Не үйрендік? Не білдік?-деп оқушылардан сұралады.
Қорытынды. Мұғалім «Отпан »тарихи мәдени кешенінің салыну мақсаты ата-баба рухынан нәр алу,оларды құрмет тұту, сол арқылы өткен өмір тарихы арқылы өзіміздің тәуелсіз жаңа тарихымызды жасау. Елбасымыз Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат ,бір мүде,бір болашақ»Жолдауын халқына жария етті.Ел бірлігін,ынтымағын нығайту мақсатында маңғыстаулықтар жылда 14наурызда бүкіл қазақ және қазақ елінің этнос өкілдері Адай ата-Отпан тау кесенесінде кездеседі.Бұл Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: Мәңгілік ел» стратегиялық Жолдауын жүзеге асырудың жарқын көрінісі. «Көне де қасиетті Маңғыстауда сан қилы сын сағаттарда ұран отын жаққан,кәрі сеңгір Отпан таудың бүгінде мәңгілік отын маздатар Тағзым биігіне айналуы жан сүйсінерлік жақсылық өткенге құрмет, болашаққа деген жауапкершіліктің биік өнегесі дер едім.Бұл кешен түбі терең тарихымызды ұрпағымыздың есіне салып,жүректеріне имандылық нүрын сеуіп,ұлы мұраттарға үндеп тұратын болады.Ол сондай-ақ Маңғыстау өңіріне жолы түсетін шетелдік туристердің де арнайы іздеп барып тәу ететін қасиетті мекеніне айналады деп үміттенемін» деген Елбасы. Тарихи-мәдени мұраларды оқып үйрену-рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастырады.
«Маңғыстау  - біздің әніміз» әні хормен орындалады.
Көк байрағым көпке өзін танытты!Көк аспан мен астасып-ақ қалыпты.Жүрегім ғой – Жүрегіме көрдің бе-Күн қонақтап, Қыран ұя салыпты. Желбірейді ниетіндей қазақтың.Қазағыммен көк те жалғыз талас күн.Бейбіт аспанБерекесі - Әлемнің,Үміттілер үзбей көзін санассын- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Сау болыңыздыр!
Қорғанбай Айдарсұлу,
№23 мектептің география пәнінің мұғалімі
Ақтау қаласы