?ылыми жоба М?ш??р Ж?сіп К?пеев ж?не оны? кесенесі
Мәшһүр Жүсіп және оның кесенелері
Жобаның мақсаты: Алты алашқа әйгілі әдебиетші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдеби мұрасын жинақтап, «Мәшһүртанушылар» зерттеу тобын ұйымдастыру Егер менің жобамдағы тарихи мағлұматтармен мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар танысатын болса, мәдени құндылықтарды, рухани дүниетанымдарын нығайып, әдебиет саласына деген қызығушылықтары артар еді. ГИПОТЕЗАСЫ: ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ауылына, мұражайына, кесенесіне саяхат жасап барып, ұрпақтарымен кездесіп мәліметтер мен деректер жинадым. ЗЕРТТЕУ ЖАҢАЛЫҒЫ: Зерттеу барысында «М.Ж.Көпейұлы және оның кесенелері» атты кітапша құрастырдым. Бұл кітапша мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға көмекші құрал бола алады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы1858 – 1931 жж Өзі тірісінде: “Жетпіс үшке жеткенше балталасаң да өлмеймін. Жетпіс үштен ары қарай сүйресең де аспаймын”, – деген екен. Басына белгі етіп қойғызған тас “Менің де күткенім сол болса керек.Сындырмай тұтас ал да жоғарыға шығар,-деп тағы дұға оқиды. Биіктігі бір жарым, ені бір кезге таяу, қалыңдығы 20-30 сантиметр бұл тасты алып, аты-жөнін жазып, басына белгі етіп қойғызған екен, тірісінде. Сол тас әлі күнге сақтаулы, мұражайының алдында тұр.” М.Ж.Көпейұлының 1931 жылғы кесенесі Ал, зират - үйін екі бөлмелі етіп салдырған ... –Мен өлгеннен кейін қырық жылға дейін денем бұзылмайды. Тірі адам көзі көреді, серт етем. Тек жаздың ыстық айлары ақыретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ. Сонда көздерің жететін болады - деп үлкен баласы Шәрәпиге өсиет етеді. Бала күнімде есімде қалғаны зират ауыз үйден және төр үйден тұратын. Атам жатқан жерде қақпақты көтеріп ашып, сатымен төмен түсетін. Іші қараңғы. Екі қария дәретін алып түсіп, денесіне ақ жабады. Мен ол кезде баламын. Алдын-ала жағып, дайындап қойған шамды маған алып бер дейді. Мен апарып беретінмін, - дейді. Мәшһүр Жүсіптің немересі, профессор Қуандық Пазылұлы ағаның айтуы бойынша: М.Ж.Көпейұлының 1977 жылғы кесенесі Міне осы жерде Нұрила апамыз белсенділік көрсетіп, Мәшһүрдің кіші баласы Пазылды бетке ұстап, ел-қалаларға, жекелеген азаматтарға сауын айтып іске кірісіп кетті. Ол көпшілік тарапынан қолдау да тапты. Жер-жерлерден құрылыс материалдар, заттай, ақшадай қаржы келе бастады. Осы жағдайда қыш кірпіштен салынған екінші нұсқасын бұзып, қайтадан салу қажеттілігі өзінен-өзі ашық жай болды. Бұл екі арада /1969 жылы/ Пазыл дүние салады. Біраз үзілістен соң, яғни 1976 жылдың жазында зират іргесі жабайы жобамен көтеріле бастайды да, оны 1977 жылы сол кезгі «Жаңа жол» совхозының екі құрылысшысы аяқтап шығады. М.Ж.Көпейұлының 2006 жылғы кесенесі Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлтымыздың сарқылмас қазынасы жаңғыртуға бағытталған «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекттік бағдарламасы негізінде елеулі іс – шаралар атқарылды. Дүниеге жаңа еңселі ескерткіштер келді. Соның бірі – Ескелді елді мекеніндегі жаңа үлгіде салынған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі. Қазақстанда сирек кездесетін, өн бойы киелі құран сөздерімен өрілген, әсем кірпіштермен қиюластырылған, төрт мұнарасы бар, әсем күмбезбен көмкерілген Мәшһүр Жүсіп кесенесі бұл күнде имандылықтың киелі орнына айналып отыр. 2006 жылы салынған кесене Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 150 жылдығына орай ашылған болатын. Кесенесінің тарихы да міне осындай сан қырлы болған екен. Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!!!