География саба?ында логикалы? ойлауды дамыту ?дістерін ?олдану.
География сабағында логикалық ойлауды дамыту әдістерін қолдану.
Ақтөбе қаласы №15 ОМ география
пәнінің мұғалімі Балғалиев А.Н.
«Жақсы толтырылған мидан көрі, жақсы ойлайтын ми артығырақ.»
(Монтень)
Ойлау әрекеті туралы қысқаша анықтама
"Ойлау-зейін-ес" жүйесінде, ойлау ең негізгі бөлік болып табылады. Бұл жерде айта кететіні адамның ойлау мүмкіндігі кең болғанымен ол белгілі бір ойланылып жатқан обьектіге ұқсас түсініктермен байланыста болады. Бұл туралы қысқаша кесте арқылы былай көрсетуге болады.
Ойлау операцияларының түрлері Сөзбе-сөз аударма Операцияның логикалық мағынасы
Сәйкестендіру Теңдестіру Оъектіні соған ұқсас оймен арақатыстығын белгілеу
Дәріптеушілік Түсінік Шын барысында жоқ обьектіні ойша бар етіп елестету әрекеті, ол зат өзінше бір ерекше қасиетке ие екенін ойлау(мысалы: қап-қара дене)
Аналогия Сәйкестік Белгілі бір екі заттың арасында ұқсастық бар болған жағдайда, сол екі заттың арасында басқада ұқсастықтар бар екеніне көз жеткізу.
Теңестіру Екі заттың ұқсастығын және ерекшеліктерні анықтау.
Топтастыру Дәрежелік Түсініктің логикалық ойлауының тармақтарға бөлінуі және көпсатылылығы.
Экстраполяция Күрөзгеріс заттың сандық және сапалық қасиеттерін басқа бір затқа ауыстыру
Жүйелеу бөшектерден құралған бір бүтін Топтастырумен байланысты әрекет. Берілген обьектіні белгілі бір классқа таптастыру.
Абстракциялау Аудару, бұру Берілген обьектінің маңызды емес бөлігінен байыпты нышандарын кесіп тастау(зерттеушінің көзқарасы бойынша)
Шектеу - жаңа түсініктерді қосу барысында кеңмағыналы ақпараттан тар мағыналы ақпарат алу.
Жалпылау - Обьектінің жекелік қасиеттерінен жалпылама қасиеттеріне көшу. Теңестіру процесімен тығыз байланысты.
География сабағында логикалық ойлауды дамыту әдістері.
"Логикалық тапсырма" әдісі. Логикалық тапсырмалар басқатырғышты сүйетін адамдарға жақсы таныс. Мұнда, яғни берілген бірнеше шарттардан бірнеше тұжырым шығару қажет. Болжам тұжырымдар саны аз болып келеді солардың ішінен мүмкін емес тұжырымдарды алып тастау негізінде дұрыс тұжырым таңдалынады. Ол үшін арнайы матрицалар құрылады, олардың ішінде мүкін болар тұжырымдар орналасады. Одан соң солардың ішіне логикалық ойлау барысында минус плюстар қойылады. Минус берілген тұжырымқа сай келмесе қойылса, плюс белгісі берілген шартқа тұжырым сәйкес келсе қойылады.
Мысалы:
Берілген ақпараттарға сәйкес Орыс ғалым-саяхатшыларының қандай кемемен жүзгенін анықтаңыз:
1) «Әулие Фока»берілген кемелердің ішінде ең соңынан құрылған кеме;
2) «Әулие Гавриил» кемесі жүзіп жүрген мезгілде М.П. Лазарев және В.М. Головнин дүниеге келмеген;
3) В. Беринг өзінің жорығын берілген ғалымдардан бұрын жасаған.
4) «Мирный» кемесі Антарктида материгі ашылған жершарын айнала жасалған экспедицияға қатысқан.
5) Г.Я. Седов В.М. Головнинаның немересімен бірге Теңіз кадет корпусында бітіруші емтиханын тапсырып жатқан.
Мүмкін емес жауаптарға минус белгісін қою арқылы дұрыс шешімді анықтау.
«Әулие Фока» «Әулие Гавриил» «Диана» «Мирный»
М.П. Лазарев Г.Я. Седов В. Беринг В.М. Головнин Жауап:Оқушының ойлауы келесідей болуы мүмкін:
«М.П. Лазарев орыс антарктида экспидициясын басқарғаны екені белгілі. Шартта көрсетілгендей, мұндағы кеме "Мирный" . Алғашқы мұхитсаяхатшылардың бірі В. Беринг, ал Г.Я Седов В.М. Головнинаның немересімен бірге оқыған. Яғни, Г.Я. Седов өз саяхатын берілген ғалымдардың арасында ең соңғы болған, соған сәйкес кемесі "Әулие Фока". В. Беринг және В.М. Головиннің кемесі қалды, "Әулие Гавриил» кемесінің саяхаты кезінде В.М. Головин әлі дүниеге келмеген. Соған сәйкес ол кемеде В. Беринг жүзген. «Диана» кемесі қолды, яғни онда адмирал В. М. Головнин жүзген.»
Оқушы өзінің жауабын кесте ретінде белгілейді:
«Әулие Фока» «Әулие Гавриил» «Диана» «Мирный»
М.П. Лазарев - - - +
Г.Я. Седов + - - -
В. Беринг - + - -
В.М. Головнин - - + -
Логикалық тапсырмаларда сыныпта жаттықтыру тапсырмасы ретінде де, үй тапсырмасы ретіндеде беруге болады. Логикалық тапсырмаларды күрделі ету қажет емес. Логикалық тапсырмалар жалпы оқу сағатының 10 инутын алуы тиіс. Логикалық тапсырмалармен жұмысты 8 сыныпта бастаған жөн. Айта кететіні, сыныпта мұғалімнің көмегінсіз логикалық тапсырманы орындай алмайтын оқушылар болаыд. Бұл логикалық ойлаудың барлық балаларда бірдей емес екенін көрсетеді, алайда логикалық ойлауды дамытуға болады және қажет.
«Географиялық пошта». Бұл әдісті барлық сыныпта қолдануға болады. Оқушыға ір түрлі мекенжай жазылған бірнеше хатқалта және кеспеқағаз жиынтығы беріледі. Сол кеспе қағаздарды хат қағаздарға салып сәйкестендіру қажет. Мысалы, 6 сыныптың "Гидросфера" тақырыбының қорытында сабағында оқушы 3 хат қалта алады, олардың біреуінде "Теңіз", екіншісінде "Гидросфера", ал соңғысында "Өзен" деп жазылған. Хат қалтаның қасынд 12 кеспе қағазы орналасқан. 9 кеспе қағазда келесі сөздер жазылған:
1. Амазонка
2. Каспий
3. Жерорта
4. Сел
5. Салқын ағыс
6. Шұңқыр, арық
7. Суы әрдайым тұзды
8. Суы әрдайым тұщы
9. Суы тұщы және ащы болуы мүмкін
3 кеспе қағазда жануарлардың бейнесі көрсетілген: көк кит, байкал итбалығы және шортан. Оқушы барлық 12 кеспе қағазды 3 хатқалтаға сәйкестендіріп салуы қажет. Бұл әдіс оқушының логикалық топтастыру қаиетін дамытады.
«Географиялық диктант» немесе «Келісемін - келіспеймін» әдісі. Оқушылар бір бағанға 1 ден 10-ға дейінгі сандарды жазып шығады. Содан соң мұғалім 10 сөйлем оқиды. Әр сөйлем өзіндік аяқталынған мағынаға ие Сойлем мағынасы дұрыс және бұрыс болуы мүмкін. Оқушы мұғалімнің оқыған сөйлемімен келіссе сөйлем реттік санының қас ына плюс белгісін қояды, келіспесе минус белгісін қояды.
«Бірдей қасиеттерін іздеу» әдісі. Кез келген екі географиялық обьект беріледі. Оқушы осы екі обектінің бірдей жақтарын анықтау қажет. Мысалы: Калифорния түбегі – Волгоград қаласы. Бір қарағанда олардың арасында еш ұқсастық жоқ. Алайда терең ойлап бірнеше ұқасастықтарды табуға болады:
1. Екеуіде солтүстік жарты шарда орналасқан.
2. Екі обьектініде + 24°С изотермасы кесіп өтеді.
3. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 300 - 400 мм.
4. Екі сөздеде «А», «Л» және «Р» әріптері кездеседі.
5. Екеуіде құрлық жерде орналасқан.
Жалпы алғанда кез келген екі сөздің ұқсастығын табуға болады. Мұндай тапсырманы уақытқа жарыс ретінде беруге болады. Бұл ойлауға деген жақсы жаттығу болып табылады.
«Ұқсастығын тап» әдісі. Мұғалім белгілі бір сөзді айтады, оқушылар сол сөздің кез келген қырынан ұқсас сөздерді анықтау қажет. Мысалы Рио-де-Жанейро қаласын алайық.
Рио-де-Жанейро – Рига (екеуіде «Р» әріпінен басталады)
Рио-де-Жанейро – Стамбул (екеуіде бұрынғы астаналар)
Рио-де-Жанейро – Копенгаген (екеуіде теңіз жағасында орналасқан)
Рио-де-Жанейро – Кейптаун (екеуіде оңтүстік жарты шарда орналасқан)
Рио-де-Жанейро – Гавана (екеуіде тропиктік белдеуде орналасқан)
Рио-де-Жанейро – Нью-Йорк ( екеуіде батыс жарты шарда орналасқан)
Рио-де-Жанейро – Лиссабон ( екі қаланың тұрғандарыда португал тілінде сөйлейді)
Рио-де-Жанейро – Венеция (екі қалада өзінің жәрмеңкелерімен әйгілі)
Рио-де-Жанейро – Санкт-Петербург (екі қалада өз мемлекетінде халық саны жөнінен екінші орын алады)
География сабақтарында логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды тиімді пайдалану арқылы, оқушылардың ойлау қаблетін дамытудың басты шарты болып табылады. Логикалық тапсырмаларды оқушылардың біліктілігіне қарай деңгейлеп беру қажет. Тапсырмалардың орындалу барысында жүйелі түрде күрделендіру арқылы оқушылардың логикалық ойлауын сапалы арттыруға болады. Қазіргі мектептерде сабақтын тыс уақытта, немесе қосымша сабақтар кезінде оқушыларға кез-келген пәнннен логикалық тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Логикалық ойлауды дамыту, болашақта дұрыс, жылдам ойлайтын және кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын ұрпақты тәрбиелеудің негізі деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Душина И.В, Понурова Г.А Методика преподавания географии. М.; 1996.
2. Сергеева А.М. "География сабағындағы логикалық тапсырмалар жинағы" А.2012 ж.
3. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
4. И.В. Душина. Методика обучения географии в общеобразовательных учереждениях: учебник для Вузов / И.В. Душина – М.: Дрофа, 2007.