Экономикада?ы т?бегейлі ?згерістер,разработка 9класс 
Күні:  Сыныбы: 9 Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Экономикадағы  түбегейлі  өзгерістер 
 Сілтеме ҚР.Білім стандарты .Жоспар
Жалпы мақсаты 1.Ел экономикасындағы өзгерістер жайлы ақпарат беру;
2.Өтпелі кезеңдегі Қазақстан экономикасы бойынша дәлелді, толық мағлұмат беру;
Күтілетін нәтиже  1.Экономикалық өзгерістерді қоғамның дамуына қарай жаңарғанын түсінеді;
2.Дереккөздерді пайдаланып топта жұмыс жасай алады;
3.Өз ойларын еркін жеткізеді;
4.Қорытынды шығарады
Негізгі идеялар  Экономика.Ұлттық валюта. Жекешелендіру.Баға. Монополия.
Тапсырмалар  Топтық жұмыс./постер қорғау/
Жұптық жұмыс./қатесін тап/
Жеке жұмыс//миға шабуыл, сәйкестендіру тесті./
Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)                                                   І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
Сәлемдесу,          Сыныпта жағымды ахуал тудыру.           Топқа бөлу.  Санау арқылы 1-2-3
ІІ.Жеке жұмыс. «Миға шабуыл» (5 минут)
1.Дүниежүзі  қазақтарының  тұңғыш құрылтайы қай жылы өтті?/1992ж/
2.Құрылтайға әлемнің қанша елінен  өкілдер қатысты?   /33/
3.Қазақстанда Кеңестер  жаппай өзін-өзі қай жылы таратты.?  /1993ж/
4.Парламамент палаталары  қалай аталады?  /Сенат және Мәжіліс/
5.1990 жылдыры Қазақстанды қандай  саяси партиялар мен бірлестік,  ұйымдар  жұмыс жасады? /3 саяси партия,11 республикалық ұлттық-мәдени топтар, 300 ден астам  қоғамдық саяси бірлестіктер/
6. Қазақстан халқы Ассамблеясы  қай жылы құрылды?  1995 ж 1 наурыз/
7. «Отан» республикалық саяси партиясы қай жылы құрылды?/1999ж/
8 «Отан»  партиясының атауы  қай жылы  «Нұр Отан» ХДП  деп өзгертілді?/2006ж/
9.Құрылтай деген не? /қоғамдық бірлестіктердің  аса маңызды мәселелерге байланысты  басқосу жиналысы/
10.Халықаралық ұйым мүшелерінің   жалпы жиналысы  қалай аталады?   /Ассамблея/
Бұл тапсырманың жауабын бармақпен бағалаймыз.
ІІІ. Ой қозғау 3 минут
«Экономика» деген сөзге сипаттама берейік және мына көріністерге қараңыздар( слайдтан зкономикадағы өзгерістердің жағдайы көрсетіледі)
ІҮ. Топтық жұмыс:               (15 минут).
 І топ «Нарықтық жүйеге көшудің қиыншылықтары»
2 топ «Нарықтық экономиканы  қалыптастыру»
3 топ» Ұлттық валютаны енгізу мен ауылшаруашылығын нарық талабына  сай қайта құру»
 Бұл жұмыс  «критерий»  арқылы бағаланады.
Р/с Бағалау өлшемдері І - топ ІІ - топ ІІІ - топ
1 Тақырыптың ашылуы 2 Безендірілуі 3 Жүйелілігі Сергіту сәті  «Судың дауысы»2 минут
Ү. Жеке жұмыс. «Тест жұмысы»   5 минут.
Сәйкестендіру тесті.
1 ҚР Президентінің Жарлығымен  ұлттық валюта –теңге айналымға  енгізілді А 4 кезеңде
2 Қазақстанда жекешелендіру өтті В «САМСУНГ» компаниясы
3 «Жезқазғантүстіметалл»комбинаты  акциясын сатып алу  бойынша өткен тендерде жеңіске жетті С 1993 жылы 15 қарашада
4 Республика аумағында  бағаны босату туралы  Жарлық шыққан жыл Д 1992 ж  6 қаңтар
5 Көпшілік алдында  кім бағаны            асырса ,соған сатылатын  бәсеке сауда Е Заттың құны,нарқы
6
Баға  Ж аукцион
 «Смайлик» арқылы бағалау
ҮІ. Жұптық жұмыс.   «Қатесін тап» 8 минут 
Термин сөздердің мәнін ашу.
Инфляция Баға Жекешелендіру Акция
 Жұптық жұмыс  « Өзара бағалау»  арқылы бағаланады.
 Үйге  тапсырма .Тақырып бойынша әр оқушы 2сұрақтан дайындап келу. 1минут
ҮІІ.  Кері байланыс жасау. 3 минут.
Оқушыларға стикерлер беріледі, сол стикерге «Маған не ұнады, не қиын болды?» әдісімен кері байланыс жасайды.