Саба? жоспары 10 сынып Атом ядросыны? байланыс энергиясы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Күні:
Сынып: Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы
Мұғалімнің аты –жөні: Гимранов Н.Ш.
Қатысқандар саны: 12
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Атом ядросының энергия байланысы. Ядролық түзілудің теңдеуі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Химиялық элементтің түрлі нейтрондар саны бар изотоптардың бар болатындығын білу.
Қарапайым ядролық реакцияларды 714N+24He→ 817O+11Hтүрінде ұсынуды білу.
Сабақ мақсаттары Қарапайым атом ядросының моделін біледі. Химиялық элементтерде изотоптар болатындығын түсінеді.
Жетістік критерийлері Білімі және түсінігі протондарды, нейтрондарды және орбитальды электрондарды (бөлшектердің зарядтарын) қоса алғанда атомдық ядроны үлгілеу үшін белгіленген диаграмманы пайдаланады
Тақырып бойынша негізгі терминдерді білу «изотоп» терминіне анықтама береді
Түсіну өз нуклидін/изотопын қоса алғанда 714N+24He→ 817O+11H түріндегі теңдеуді пайдалана отырып, ядролық реакция теңдеуін ұсыну
Коммуникация өз нуклидін/изотопын пайдаланудың мысалын келтіреді.
Білімі және түсінігі Өз нуклонының үлгісін сауатты түрде құрады және изотоп терминіне дұрыс анықтама берді
Білімді қолдану Өз нуклиді/изотопы үшін А және Z дұрыс мәндерімен дұрыс жазылған ядролық теңдеу пайдалану.
Коммуникация және рефлексия Өз нуклидіне әртүрлі мысалдар келтіреді.
Тілдік мақсаттар Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.
37522155429250Арнайы пәндік лексика мен терминология:
1999615647700010414064325500
Атом –  atom атом
Ядро – nucleus ядро
электрон - electron электрон
протон proton протон
нейтрон neutron нейтрон
нуклон nucleon нуклон
нуклид nuclide нуклид
изотоп isotope изотоп
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)
Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
Пән аралық
байланыстарХимия және математика пәндерімен байланыс арқылы есептеулерді дұрыс жүргізуді жүзеге асыру
АКТ қолдану дағдыларыПрезентацияны АКТ көмегімен ұсыну
Бастапқы білім Кванттық физика
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ой шақыру
10 мин
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Физикалық диктант
Жарықтың әсерінен электрондардың ұшып шығу құбылысы
Тыныштық массасы болмайтын бөлшек
Фотоэффект үшін Энштейн теңдеуі
Атомның планетарлық моделін жасаған ғалым
Н.Бордың неше постулаты бар
де Бройль толқын ұзындығының формуласы
Атом қандай бөлшектерден тұрады
Жарық қысымын алғаш рет өлшеген ғалым? Оқушылар хабарламасы
Ойлану/ақпарат
20 мин
30 мин
20 мин
Атом ядросының заряды
22205951240155Атом ядросының негізгі сипаттамаларының бірі оның  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80_%D0%B7%D0%B0%D1%80%D1%8F%D0%B4%D1%8B" \o "Электр заряды" электр заряды болып табылады. Атом ядросының зарядын алғаш рет  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1913" \o "1913" 1913 жылы Г.Мозли өлшеген. Ал ядроның зарядын тікелей өлшеуді ағылшын физигі Дж.Чедвик 1920 жылы жүзеге асырды. Атом ядросының заряды элементар электр зарядының Менде-леев кестесіндегі химиялық элементтің  реттік нөміріне көбейтіндісіне тең болады:
Сонымен,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B5%D0%B2%D1%82%D1%96%D2%A3_%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BE%D0%B4%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D0%97%D0%B0%D2%A3%D1%8B" \o "Менделеевтің Периодтық Заңы" Менделеев кестесіндегі химиялық элементтің реттік нөмірі кез келген элемент атомының ядросындағы оң зарядтардың санымен анықталады. Сондықтан элементтің  реттік нөмірін зарядтық caн деп атайды.
26015951079500Атом ядросының массасы Атом ядросының HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Физика" физика-лық қасиеттері оның зарядымен қатар массасымен де анықталады. Ядроны сипаттайтын шамалардың ең маңыздыларының бірі — масса.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AF%D0%B4%D1%80%D0%BE%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%84%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Ядролық физика" Ядролық физика иондар мен атом ядросының мас-сасын көбінесе масс-спектрографтың көмегімен анықтайды. 8.2-суретте масс-спектрографтың сұлбасы келтірілген.
Ядролық физикадағы өлшем бірліктерӨлшем бірліктерінің Халықаралык жүйесіндегі қолданылатын ұзындықтың, массаның және т.б. өздеріңе таныс өлшем бірліктерімен қатар,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AF%D0%B4%D1%80%D0%BE%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%84%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Ядролық физика" ядролық физикада арнайы бірліктер қолданылады. Бұл қажеттілік ядролық процестердің субатомдық әлемде өтетінінен туындайды.
Мысалы,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AF%D0%B4%D1%80%D0%BE%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%84%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Ядролық физика" ядролық физикадағы ең үлкен қашықтық атом ради-усының өзі 10−10 м-ге тең. Ұзындық бірлігі ретінде ферми алынады: 1фм = 10−15 м. Массаның бірлігі ретінде көміртегі   атомы массасының бөлігі алынады, ол массаның атомдық бірлігі болып табылады:
23348952641601 м.а.б.=1,660546 · 10-27 кг, 1 кг=6,023091 · 1026 м.а.б.
Салыстырмалы атомдық масса
атомның абсолюттік массасында неше массаның атомдық бірлігі бар екенін көрсетеді. Мысалы, сутегі үшін Ar= 1,00783, көміртегі үшін Ar = 12,0 , оттегі үшін Ar = 15,99482.
Ядролық физикада  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B8%D1%8F" \o "Энергия" энергияны  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D1%82" \o "Электронвольт" электронвольтпен өлшейді,
1 эВ = 1,6 · 10-19 Дж.
Еселік мәндер де қолданылады:
1 кэВ =103 эВ; 1 МэВ =106 эВ;1 ГэВ =109 эВ.
Көбінесе элементар бөлшектердің массаларын массаның атом-дық бірлігімен қатар энергияның өлшем бірлігі МэВ немесе ГэВ-пен де өлшейді. Сондықтан массаның атомдық бірлігіне сәйкес болатын энергияның эквивалентін анықтайық. Масса мен энер-гияның өзара байланыста болатыны Эйнштейнніңформуласынан белгілі.Атомдағы  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD" \o "Электрон" электрондар массасы ядроның массасымен салыстырғанда өте аз, оны ескермеуге болады. Сондықтан  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%81%D1%81%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D0%B1%D1%96%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%B3%D1%96" \o "Массаның атомдық бірлігі" массаның атомдық бірлігімен алынған және атом массасына ең жақын бүтін санды массалық сан деп атайды. Оны  әрпімен белгілейді. Ол жоғары дәлдікті қажет етпейтін есептеулерде, әсіресе массалардың қатынасы кіретін өрнектерде ядро массасының шамасы ретінде қолданылады. Мысалы, гелий атомының массасы MHe = 4,0026 м.а.б. болса, массалық саны A = 4болады.
Атом ядросының пішіні мен өлшемі3634105417830Көптеген эксперименттік зерттеулер атом ядросының пішіні сфера тәрізді болатынын көрсетті. Атом ядросының радиусын мына формула бойынша жуықтап анықтауға болады:
-8255654325мұндағы R0 = 1,25 = 1,25 · 10-15 м, A — массалық сан. Ал ядроның радиусы оның массалық санының кубтық түбіріне пропорционалдығынан ядролық заттың орташа тығыздығы үшіншығады, мұндағы Мя = (mр + mn) · А — ядроның массасы. Есептеулер жуықтап алғанда ядролық заттың орташа тығыздығы р ~ 2,7 · 1017 кг/м3 - екенін көрсетті. Заттың осындай  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%9B" \o "Тығыздық" тығыздығы ғарыштағы  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B5%D0%B9%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D0%B6%D2%B1%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80" \o "Нейтрондық жұлдыздар" нейтрондық жұлдыздар-пульсарларға да тән көрінеді.
Изотоптар - Ядроларында протондар саны бірдей, бірақ массалары әртүрлі белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрі. Бір ғана элементтің әртүрлі изотоптарына тән атомдар өздерінің ядросына кіретін  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B5%D0%B9%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD" \o "Нейтрон" нейтрондар саны жағынан, ядролық қасиет-тері тұрғысынан бір-бірінен анық өзгешеленеді, алайда олар, электронды қабаттары құрылысының бірдей болуына байланыс-ты, бір-біріне өте ұқсас химиялық қасиеттерді иемденеді. Химиялық элементтердің көпшілігі атомдық  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D2%9B" \o "Салмақ" салмақтары әр түрлі изотоп қоспасынан тұрады. Изотоптардың өмір сүру кезеңі секундтың мыңнан бір бөлігінен бірнеше миллион жылдарға дейін созылады Бүгінгі танда 264 тұрақты изотоптар, 50 шамалы табиғи радиоактивті изотоптар және 1000-нан астам жасанды радиоактивті изотоптар белгілі. Радиоактивтiк құбылысты зерттеу атом ядроларының табиғатына қатысты маңызды жаңа-лықтардың ашылуына себепшi болды. Белгiлi химиялық тәсiл-дердiң бәрiмен де оларды ажырату ешбiр мүмкiн болмады. Осы-ның негiзiнде 1911 ж. Содди хямиялық қасиеттері бiрдей, басқа жағынан, мәселен өзiнiң радиоактивтiгiмен ұксамайтын эле-менттер бар екенi жөнiнде болжам айтты. Мұндай элементтердi Менделеевтiң периодты жүйесiнiң бiр тор көзiне орналастыру керек. Сондықтан Содди оларды изотоптар (яғни периодтық жүйеде бiрдей орын алатындар) деп атады. Бiр жылдан соң Дж.Дж. Томсон электр және магнит өрiсiндегi ауытқу тәсiлiмен неон индарының массасына дәл өлшеулер жүргiзген кезде Соддидiң болжамы ойдағыдай дәлелденiп, оған терең түсiнiк-теме берiлдi. Томсон неон атомдардың екi түрiнiң қоспасы еке-нiн байқады. Олардың басым копшiлiгiнiң салыстырмалы атом-дық массасы 20-ға тең. Бiрақ салыстырмалы атомдық массасы 22-ге тең аздаған атомдар қоспасы да бар. Осының нәтижесiнде қоспаның салыстырмалы атомдық массасы, 20,2-ге тең. Бiрдей химиялық қасиеттерi бар атомдардың массаларында айырма-шылық байқалады. Неонның екi түрiнiң де Менделеев кестесiнде бiрдей орын алатындығы анық, ендеше, олар изотоптар болып табылады. Сонымен, изотоптардың тек өздерiнiң радиоактивтiк касиеперi жағынан ғана емес, массасы жағынан да айырмашы-лығы болады екен. Сонымен бiрге соңғы жағдай басымырақ рөл атқарады. Изотоптарда атом ядроларының зарядтары бiрдей болады. Сондықтан атом кабықшаларындағы электрондар саны, демек, изотоптардың химиялық касиеттерi бiрдей. Бiрақ ядро-ның массалары әр түрлi. Сонымен қатар, ядролар радиоактивтi де, тұрақты да бола алады. Радиоактивтi изотоптар касиеттерiнiң түрлiше болуы олардың ядроларының массалары әр түрлi болуына байлансты.
Қазiргi уақытта  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%8D%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80" \o "Химиялық элементтер" химиялық элементтердiң бәрiнiң изотоптары бар екендiгi анықталған. Кейбiр элементтрдiң изотоптары тұракты болмайды (яғни радиоактивтi).
Тапсырмалар
Төмендегі таблицаны толтырыңыздар.
№ Элементтің белгіленуі Реттік номері Протондар саны Нейтрондар саны Электрондар саны Массалық саны
1 511В2 2 4
3 7 7 4 92238U5 29 63
6 1 1
Коназ стратегиясын пайдаланып салыстырыңыздар.
Изотоптар Изобаралар
Химиялық теңдеуді аяқта
37Li+11H → + 01n 37Li+ → 510B+ 01n
714N+ 24He→ 817O+ + 11H→ 1122Na+ 24He
Cутегін және гелийді қолдана отырып химиялық теңдеу құрыңыздар. HYPERLINK "http://www.bbc.co.uk/bitesize/higher/physics/radiation/nuclear_reactions/revision/1/" http://www.bbc.co.uk/bitesize/higher/physics/radiation/nuclear_reactions/revision/1/
Изотоптың анықтамасы!http://www.youtube.com/user/SocraticaStudios/featured?v=906B0b25-KsРефлексия
1 мин
Үй жұмысы:
1 мин Мен білемін
Мен білдім
Мен білгем келеді Стикерлерге өз ойларын түсіру
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Барлық оқушылар:
Дәптерге қажетті мәліметтерді толтырады.
Оқушылардың көпшілігі: сұрақтар құрастырып жауап береді. Есептер шығарады
Кейбір оқушылар:
Қосымша тапсырма орындап үлгереді
Мадақтау
Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау
Көз жаттығуларын орындау
Кабинетті желдету
Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?