Математика саба?ында АКТ-ны пайдалануды? тиімділігі атты баяндама


«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Бәйге сайысы (1 минуттық сұрақтар)
3. Ғажайып жетілік (ұяшық таңдау)
5. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
6. Полиглот (ағылшын, қазақша, орысша)
6. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
7. Марапаттау.
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер.
Кіріспе сөз.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
«Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.
Кешімізді бастамас бұрын біз әділ –қазылар алқасын таныстырып өтейік:
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сіздердерді кешімізге шақырамыз,
Есеппен басыңызды қатырамыз
Математиканы ұғындырып,
Аз да болса білімізді толықтырамыз.
Кешіміз міне басталды
Ұмыт болғанды еске алды
Қиында болса қызық сабақ
Жұмыс істетейік бастарды.
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Бәйге сайысы (1 минуттық сұрақтар)
3. Ғажайып жетілік (ұяшық таңдау)
5. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
6. Полиглот (ағылшын, қазақша, орысша)
6. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
7. Марапаттау.
Сөз матемаикалық білім сайысына келген оқушыларға беріледі
1 – кезең. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі. Ендеше ортаға ойынымызды бірінші болып бастайтын 8 «А» сынып оқушыларын шақырамыз, қарсы алыңыздар Үшбұрыш тобы. Келесі кезекті
8 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз, қарсы алыңыздар Шеңбер тобы.
2 – кезең. БӘЙГЕ
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз – дей отырып, келесі кезекті «Бәйге» сайысына береміз. Ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топпен 2 минут ішінде жауап беру керек. Егер жауабы табылмаса келесі деп айтып жаңа сұраққа жауап беру керек. Уақыт шектеулі.
Үшбұрыштар тобы дайын болса ойынды бастаймыз.
Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді (0)
Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
Жарты түзу. (сәуле)
Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (диаметр)
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
225 нешенің квадраты? (15)
Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
Квадрат тобы
Ең үлкен хорда. (диаметр)
1 санының түбірі (1)
Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
Дәлелденетін ұйғарым. (теорема)
Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
Барлық қабырғалары тең параллелограмм (ромб)
144 нешенің квадраты (12)
Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
Жүргізуші: Әділқазы алқасынан 2-сайыстың қорытындысын сұраймыз.
3 – кезең. Ғажайып тоғыздық
20
36 см 30
9 см 40
48 см
20
7 сөз 30
50; 130 градус 40
5 тауық
10 қоян
20
4 мысық 30
300 кг 40
6 бала
Әділқазылар алқасынан 4 сайыстың қорытындысын сұраймыз.
4 – кезең.
Фигураны бөліп ал,
Бір түзумен бір кесіп,
Екі бөліктен екеуміз,
Квадрат жасайық бірлесіп.

5 – кезең. ПОЛИГЛОТ
Келді кезек полиглотты шешуге,Жауаптарды аударуға үш тілде.Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,30 ұпай, шәкірт саған несібе.
Бір үйде алпыс батыр,
Бір – бірден жанып жатыр.
(Сіріңке) Бойында өлшемі жазылып тұр,
(Сызғыш)
Қабат – қабат қаттама ,
Ақылың болса аттама.
(Кітап) Қаша жылда ел жаңа.
(50)
5 – кезең.
«Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.
Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
РЕФЛЕКСИЯ:
Бұл іс шараны өткізу барысында қиындығы мен қызығы қатар жүрді. Өткізер алдында үлкен жауапкершілік алып, көп ойландым. Жан – жақты ізденуге тырыстым. Оқушыларға қызғылықты етіп, ұстаздарға үлгі боларлықтай, қалалық семинарға келетін мұғалімдер үйренетін тың мәлімет ұсынғым келді. Математика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып, үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді (Freeman, 1991) қолдана отырып «Бақытты сәт» атты сайыс сабақ ұйымдастырдым. Сабақ мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Дарындылық, талант және данышпандық түсініктері жайлы бір ғана дұрыс көзқарасты іздеу емес, кез келген ерекше қабілеттілігі бар дарынды баланы анықтау білігін қалыптастыру және оны дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызу. Сайыс сабақ барысы үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді пайдалана отырып құрылды. 8 сыныптар арасында өткізілген іс – шараға сыныптардан алты оқушыдан қатысты. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады. Өз білімін жетілдіру барысында, оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады. «Үшбұрыш» және «Квадрат» атты екі топ таныстыру дайындауда, өздерінің шеберліктерін пайдалана отырып, ақын жанды топ мүшелері өлеңмен өрнектеген. Өлең шумақтарында ұстаздарын алғыс жариялаған сәттері де бар. «Бәйге» кезеңінде оқушылар ойлау қабілетінің жылдамдығы байқалып, ойлануға бірталай уақыт жұмсағанымен, жауабын дұрыс тауып отырды. «Ғажайып жетілік» кезеңінде берілген ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтады. Біліктілік сайысы (квадрат құрастыру) кезеңі күрделіге деген сүйіспеншілік, яғни қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады. Квадрат құрастыру барысында оқушылар аса қызығушылықпен белсене орындады. Тіпті құрастырып жатқан топтарға қатысушыларда келіп қызығушылық танытып жатты. «Ойымды жалғастыр» (математикалық мақал-мәтелдер) кезеңі халқымыздың қолданған мақал – мәтелдерін оқушыларға насихаттау, әр топ елуден құрамында цифрлар қолданылатын мақалдарды дайындап әкелу тапсырылған. Топтардың ұпайлары теңесіп қалғанда кезекпен мақал айтып «Үшбұрыштар» тоба 71 ұпаймен жеңіске жетті. Сайыс аса белсенділікпен, тартыста өтті. Жеңілген топтар өкініштен жылап жатқандар да болды. Әр іс – шарада кемшілік тұстары да кесдеседі, кемшіліктерін көре отырып үйренетініміз анық. Кемшіліктері әлі де ізденімпаздықтың, белсенділіктің жетіспеушілігі. Оқушылардың көпшілік аудиторияда сөйлеу, ойын айқын айту қабілеттерінің әлі де жеткіліксіздігі. PISA есептерін оқушыларға әліде таныстырып көбірек ұсыну керектігі байқалды. Тағы бір кемшілік қатысушыларды да бір кезеңдерде қатыстырып, белсенділіктерін арттырып отыру керек екенін байқадым. Болашақта дарынды және талантты оқушыларды оқыту модулін дамыту мақсатында әртүрлі іс шаралар ұйымдастыру. Кері байланыспен танысу барысында көптеген оң ұсыныстар тілектер жазылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ ҒАЛАМТОР РЕСУРСТАРЫ ТІЗІМІ:
Мұғалімге арналған нұсқаулықтар
Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов, - Алматы,2013ж.
Қара сөздер А.Құнанбаев, - Алматы,1998ж.
Мұғалімнің педагогикалық жаңалықтарын ұйымдастыру Б.Барсай, Ш.Таубаева, - Алматы,2007ж
http://catalog.kazakh.ru/sites/0/18571http://sabaq.kz/http://bilim.idhost.kz/ustaz