Доклад ИНФОРМАТИКА САБА?ЫНДА МОДУЛЬДІК О?ЫТУ ?ДІСІН ?ОЛДАНУ


ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Гупранов Қанат Сағындықұлы
І санатты информатика пәні мұғалімі
Қазіргі қоғам ақпараттық технологиялардың ұдайы дамыған тәсілдерімен ерекшеленеді. Қоғамдағы ақпараттандыру процесі білімнің мазмұны мен мақсатына елеулі ықпалын тигізеді және ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін қолдану саласында мамандарды кәсіби дайындауда жаңа талаптарды қажет етеді.
Кез-келген саланың мамандарынан компьютерлік сауаттылық, ақпараттық мәдениет, алға қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі бағдарламалық жетістіктерді қолдана білу, ақпараттық технологияның іс-әрекеттік және дидактикалық міндеттерін білуі талап етіледі.
Білім саласын ақпараттандыру оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатындаақпараттық технологиялардың қосымша әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын қарастыруға ықпалын тигізеді, сонымен қатар студенттердіңболашақ мамандығын игеру барысында ақпараттық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын дамытады.
Қазіргі кезде оқу процесінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды арттырудың мәні бірнеше факторлармен айқындалады:
оқу материалының көлемін арттыруға және оны талдап қорыту қажеттілігіне саятын студенттің кәсіби білімін кеңейту;
оқу процесіне болашақ технологияларды, сонымен қатар қазіргі телекоммуникациялық және есептеу құралдарын енгізу.
Осылайша, оқытудағы ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық әрекетін басқаруды оңтайландыруға қатысты жоғарғы кәсіби білім жүйесіндегі өзгерістерге үн қосады.
Қазіргі қоғамдағы өтіп жатқан процестерді күрделендіру қарқыны, адамдардың барлық қызмет саласында шешім қабылдау үшін ақпараттар көлемін мейлінше өңдеу қажеттілігі жоғары технологиялық және ақпараттық қоғамдағы білімнің тез «ескіру» проблемасын білдіреді. Сондықтан қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана отырып, білім беру процесінің ақпараттық-модульдік құрылымы концепциясына негізделген оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру негізгі міндет болып отыр.
Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушыларды өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.
Модульдік оқыту технологиясы – оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлауына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.
Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогін атайды. Модульдік оқытудың мақсаты: оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші хабарлаушы рөлін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала алады. Модульдік оқыту технологиясының мынадай қағидалары бар: модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-әрекет әдістері, жан-жақты әдістемелік нұсқаулар беру. Яғни, бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай мазмұнына өзгерістер енгізе алады. Мәселен, Н. Нечаев оқыту іс-әрекетіндегі мәселеледі шешуді қарастыру барысында нәтижесін көру жұмыстың іс-әрекет әдістеріне байланысты екеніне тоқтала келіп, модульдік оқытудың мақсаты тәжірибелік, дамытушылық және ойлауды қалыптастыратын іс-әрекет әдістері деп түйіндейді. Тәжірибелі педагогтер Ш. Амонашвили, Л. Рубенштейн тәжірибелерінен әр оқушының қабылдауы әр түлі болатыны белгілі. Ендеше бұл технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі әдістерді қолдануды көздейді.
Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нәтижесін түсіне білуі қажет. Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жолдары көрсетіледі.
Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:
ақпарат материалының мақсаттылығы;
жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;
модуль элементтерінің жеке даралығы;
ақпараттық және әдістемелік материалының оңтайлы берілуі.
Мұғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты қажет етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін көрсетеді. Тәжірибелік жұмыстарға түсініктеме беріп, теориялық және тәжірибелік тапсырмалар, оқушылардың білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттер береді. Мерзімдік бақылаулар арқылы оқушылардың игере алмаған тақырыптары айқындалып, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Модульде әр элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да, ақпарат өзгерген жағдайда өзгертіліп отырылады.
Модульдік оқыту технологиясының әдістерін көптеген ғалым-педагогтер зерттеп келеді. Л.Йоваиша модульдік оқытудың мынадай әдістерін қарастырған:
Ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелесу, топтық оқыту, демонстрациялау, ақыл-кеңес, дәріс, емтихан).
Операциялық оқыту әдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын).
Ізденпаздық оқыту әдісі (мәселені талдау, тыңда да ойлан, шығармашылық диолог, іс-әрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет).
4. Өздігінше оқу әдісі (тыңдау, оқу).
Ақпараттық оқыту әдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргенде қолданады. Мысалы, сабақ барысында жоғары білімді мамандар тақырыпқа байланысты баяндама жасайды да, міндетті түрде эксперттің пікірімен толықтырылады. Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы қатысып отырады.
Операциялық оқыту әдісі оқушылардың дағдысы мен іс-әрекетін дамытуға арналады. Мысалы, «видеоконфрантация» әдісі өзіне басқа адамның көзімен қарауға үйретеді. Мұнда оқушылардың әрекеттері сырттай камераға түсіріліп, өздеріне қайталап көрсетіледі және өзінің талдауына жағдай жасайды. Мұғалім әр уақытта нұсқаушы ретінде көмекке келе алады.
Ізденпаздық оқу әдісі оқушылардың белсенділігін, қабілетін дамытады. «Іскер себет» әдісіне оқушылар себеттен жеке-жеке тапсырма алып, жеке орындайды. Тапсырма орындалып болған соң оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп талдайды.
Модульдік оқыту баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды. Модульдік оқыту технологиясы оқушыларды өздігінше тапсырманы орындап, мәселені шеше алуына, өз пікірін қорғай білуіне, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға септігін тигізеді.
Әр мұғалімнің алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқандай “науқандықты” көтере алмайтыны белгілі.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектері жалғаса бермек.
“Педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асу жобасы”, - дейді В.П.Беспалько.
Оқыту технологиясының негізгі параметрлері:
1. Оқыту іс-әрекетінің теориясы, барлық технологиялардың психологиялық негізі ретінде қарастырылады (қабылдау, ойлау, еске сақтау, қолдану, жалпылау, жаңа информацияны жүйелеу).
2. Диагностикалық мақсат қою. Оқыту мақсатын жобалау тәсілі. Оқушының ісімен көрінетін оқыту нәтижесі қалыптастырылады.
3. Оқу үрдісінде технологиялық оқытудың жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, әр түрлі деңгейлі оқытуды жүзеге асырады.
4. Оқушының өзіндік іс-әрекет жасауына, оқу материалын оптимальды ұйымдастыру, оқу материалының мазмұны кіретін дидактикалық модульдер, блоктар және циклдар даярланады.
5. Оқушыларды бағыттау. Оқытуды негізгі принциптері мен тәсілдерін, бақылау және бағалау нәтижелерін түсіндіру, оқу әрекетінің түрткісі.
6. Оқыту мақсаттарына сәйкес оқыту сабақтарының барысын ұйымдастыру, мұнда басты назар оқыту материалын дайындауда, оқушыға сараланған өзіндік жұмыс жасауға аударылу қажет. Оқыту қарым-қатынасының барлық түрі қолданылады, топпен, ұжыммен және жеке баламен түрлеріне байланысты жүргізіледі.
7. Білімді қабылдау деңгейі мен әрекет тәсілдерін бағалау. Дәстүрлі бақылау жұмыстарымен бірге жүргізіледі және неғұрлым икемді рейтинг әдісімен бағалау пайдаланылады.
8. Стандартизациялау. Бұнда берілген шарттарға технологияны пайдалану мүмкіндігі шығады.
Белгілі оқыту технологиялары жоғарыда айтылған параметрлердің біреу-екеуін ғана дамытумен шектеледі.
Адам ой-әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді. Ұстаздың міндеті – осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысын да бақылап отыру. Қазіргі заманда әлеуметтік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңа оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:
Модульдік технология.
Рейтингтік жүйе.
Дамыта оқыту технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп қолданылады.
Модульдік оқыту технологиясының мазмұны.
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.
Оқу модулінің кіріспе бөлімі.
Оқу модулінің диалогтік бөлімі.
Диалогтік бөлімді айқындаудың негізгі этаптары.
Диалогтік бөлімді құру принциптері.
Танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дәрежесін есепке алу.
Шығармашылық және технология.
Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері.
Психологиялық атмосфера және оның диалогтік бөлімдегі рөлі.
Диалогтік бөлім – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Оқу модулінің қорытындысы және бақылаудың басқа түрлері. Бұл педагогикалық технологиялық негізінде “қалпына келтіре қайталай” оқыту циклының иедясы жатыр.
Оның мазмұны:
Оқыту мақсатын жалпы анықтау.
Оқыту мақсатын анықтаудан оны нақтылауға көшу.
Оқушылардың білімділік дәрежесін алдын-ала бағалау.
Оқыту процедураларының жиынтығы (бұл кезеңде “кері байланыс” негізінде оқыту коррекциясы орын алады).
Нәтижені бағалау.
Осындай құрылымына қарай оқу процесі “модульдік” сипатқа ие болады. “Модуль” – қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесі – ортақ құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны оқытып қана қоймай, оның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін “диалогтік” қарым-қатынас негізінде құруға тырысу қажет. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш бөліктен тұрады, яғни кіріспе, диалогтік және қорытынды. Әр оқу модулі әр түрлі сағат сандарынан тұрады, әрине бұл оқу бағдарламасы бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады.
Оқу модулінің бірінші ерекшелігі – жалпы қанша сағат бөлінсе де кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды бөліміне 2-3 сағат беріледі де, қалған сағаттың барлығы диалогтік бөлімде игеріледі. Мысалы, оқу модуліне 9 сағат жоспарланса, 1 сағаты – кіріспе бөліміне, 2 сағаты – қорытындыға, қалған 6 сағаты – диалогтік бөлімге берілуі керек. Егер оқу модулі 12 сағаттан тұрса 1 және 3 бөлімдегі сағат сандары өзгеріссіз қалады да, “диалогтік” бөлімге 9 сағат беріледі.Бұл оқу материалын барлық оқушылардың 3 деңгейді күрделілікте өз деңгейіне сай оқып меңгеру қажеттілігіне байланысты. Яғни оқу модулінің мазмұны бойынша оқушылар қарапайым білім, білік, дағдылы меңгеруден бастап “білімді көшіру” немесе пайдалануға” дейнігі машықтарын көрсете білу керек. Бірнеше рет қайталау – қарапайымнан күрделіге қарай, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске дейін итермелейді. Бұл әр оқушыға оқу материалын “түсіну” деңгейінен білімді көшіру” деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік берді.
Қорыта айтқанда, болашақ мамандарды даярлауда ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланунегізінде ұйымдастырудың мақсаттарын айқындау негізінде келесі мүмкіндіктерді анықтауға болады:
оқу процес інде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ақпараттық мәдениеттіқалыптастыруға мүмкіндік береді;
болашақ мамандардың кәсіби қызметтерінде оңтайлы шешім қабылдауға дағдылану қабілеттері мен логикалық ойлауларын дамытады;
студенттердің білім сапасын арттыру мақсатында оқу орындарында оқытудың алғашқы қадамдарынан бастап арнайы жасалған бағдарламаланған оқулықтың оқу-әдістемелік материалдарын басшылыққа алып, өзіндік жұмысқа баулуға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
«Білім-Образование» журналы. 2007 ж. №3,4,6
«Білім берудегі менеджмент» журналыМодульное обучение. Казакова А.Г. Москва: ИПК СК. 1997 г.
Современные информационные технологи в образовании. Роберт И.В. Москва: Школа-Пресс, 1994 г.
Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.Б. Алматы, 2002 ж.