Дуальді о?ыту-заман талабы баяндамасы
«Дуальді оқыту – заман талабы»
Елбасының 7 желтоқсан 2010 ж бекітілген жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған мемелекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіптік білімнің сапасын арттыру, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында Германия елінің тәжірибесін үлгі ете отырып, дуальді жүйеге көшу талабы барлық кәсіптік-техникалық оқу орындарына міндет етіп қойылды. Оқушы дуальді жүйенің басты факторы деп санасақ, колледжде кәсіптік білім беруге баса назар аударылуы оның жарқын айғағы мамандықтар бойынша тиісті мекемелермен алдын ала жасасқан келісім шарттар негізінде оқушыларымыздың өз теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына жағдай жасалынуы.
Диплом алды тәжірибелерін өткен мекемелерде жұмысқа орналасып жатқан оқушыларымызда бар. Еңбек нарығының талабы, сұранысы, кәсіби өз ісінің шебері мамандары екенін ескерсек, біздің колледжді бітіруші мамандар нарықта сұранысқа ие деп айта аламыз.
Бүгінгі еңбек нарығы қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелерінің де жауапкершілігін арттыру уақыт талабы. Осы орайда шет елдерде қолданылып, өзінің жақсы нәтижесін беріп келе жатқан оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады.