Конспект на тему ??зіреттілікті ?алыптастыру?а ба?ыттал?ан тапсырмалар


Құзырлылыққа бағдарланған тапсырма
Пән: математика
Тақырып: «Процентке берілген есептер»
Сынып: 5-сынып
Мұғалім: Шинтимирова Амина Камешқызы
Тапсырманың сипаттамасы:
Түйінді құзіреттілік: ақпараттық
Аспект: алғашқы ақпараттың шығуы, ақпараттың алғашқы өңделуі
Деңгей: ІІ
Стимул: тақырып бойынша білімді тексеріп, жақсы баға алу. Ұлы Отан соғысы тарихынан жаңа деректер білу.
Міндеттің тұжырымдалуы: «ҰОС-ғы кейбір деректер» анықтамалық материалын мұқият оқып шығыңдар. Берілген мәтінді пайдаланып, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, кестені толтырыңдар. Тапсырманың орындалуына 20-25 минут уақыт беріледі.
Тапсырмалар:
Проценттерді 1-ші бағанға қысқартылмайтын жай бөлшектер түрінде, екінші бағанға ондық бөлшектер түрінде жазыңдар.
Балтық теңізінен Қарпат тауларына дейінгі шекарада жаудың қанша танктері, зеңбіріктері және минаатқыштары болды?
Теңізшілер саны барлық шекарашылар санынның неше процентін құрады?
Бланк
1. 1) 1)
2) 2)
3) 3)
4) 4)
2. 1)
2)
3. «ҰОС тарихынан кейбір деректер» анықтамалық материалы.
Соғыс басталар алдында біздің шекарамызда 47 жаяу әскер және 6 теңіз шекарашылар отрядтары, 9 жеке шекара комендатурасы және 11 полк барлық саны жалпы алғанда 100 мыңдай адам болды.
Фашистік Германия Советтер Одағының шекарасы маңайында бес жарым миллион әскер – 190 дивизия, 4 мың танк, 4980 ұшақ, 47200 зеңбірік пен миномет шоғырландырды.
Балтық теңізінен Қарпат тауларына дейінгі советтер шекарасының маңайында тұрған фашистік Германияның құрамаларына ерекше роль берілді. Дәл осы жерде гитлершіл басқарушылар өздерінің негізгі күштерін шоғырландырды: барлық дивизиялардың 70 процентін, зеңбірік пен минометтердің 75 процентін, танктердің 90 процентін, қолда бар соғыс ұшақтарының 95 процентін осы жерге орналастырды. Бұл қуатты топтастық қапыда шабуыл жасау арқылы шекара аймағындағы совет күштерін талқан етіп, фашистік әскерлерге кедергісіз, Совет елінің ішкі жағына, өте маңызды саяси және экономикалық орталықтарға, Мәскеуге жол ашу үшін ұйымдастырылды.
Тексеру инструменті (жауап үлгісі)
1. 1) 70%=7101) 70%=0,72) 75%=342) 75%=0,753) 90%=9103) 90%=0,94) 95%=19204) 95%=0,952. 1) 90%∙4000=0,9∙4000=3600(танк)2) 75%∙47200=0,75∙47200=35400(зеңбірік пен миномет)3. 6 :47+6∙100%=111753%
Ескерту: 1 және 2 тапсырмаларда амалдардың орындалу ретін өзгертуге болады. 2-тапсырмада оқушылар процентті жай бөлшекпен ауыстыруына болады. 3-тапсырмада оқушылар 2 немесе 3 амал орындау арқылы сұраққа жауап беруіне болады, сонымен қатар соңғы жауапты жуық мәнмен 11,3% деп жазуына болады.
Аналитикалық шкала:
№ Критерийлер Специфика Барлық ұпай
1 Проценттерді 1-ші бағанға қысқартылмайтын жай бөлшектер түрінде, екінші бағанға ондық бөлшектер түрінде жазыңдар Әрбір дұрыс жауапқа
0,5 ұпай 4 ұпай
2 Балтық теңізінен Қарпат тауларына дейінгі шекарада жаудың қанша танктері, зеңбіріктері және минаатқыштары болды?
Әрбір дұрыс жауапқа
2 ұпай 4 ұпай
3 Теңізшілер саны барлық шекарашылар санынның неше процентін құрады?
Дұрыс шешілген есеп 4 ұпай 4 ұпай
Оқушы 25 минутта үлгерді (дұрыс жауаптармен) 4 ұпай
Ең үлкен ұпай 16 ұпай