Доклад на тему Физика саба?ында СТО ?алыптастыру?а ба?ыттал?ан тапсырмалар ?олдануды? тиімділігі
Алматы облысы. Еңбекшіқазақ ауданы.
«О.Мухаммадий атындағы орта мектеп» КММ
Физика сабағында сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар қолданудың тиімділігі.
Физика пәні мұғалімі:Заирова Огулям Имарджановна
Ават ауылы. 2017 жыл
Тақырыбы:Физика сабағында сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар қолданудың тиімділігі.
Мақсаты: Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
Инновациялық әдіс-тәсілдерін түрлі жұмыс формаларын айқындай
отырып, сапалы білім беру;
Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, білім сапасын арттыру;
Оқушылардың білім деңгейін сапалық есептер шығару арқылы жоғарылату, шығармашылық жұмыс жасауына жағдай жасау.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді.
Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни жаңа әдіс- тәсілдерді толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.
Мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр.
Дәстүрлі сабақтан айырмашылығы төмендегідей:
Д ә с т ү р л і с а б а қ т а рМұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер туралы айтып береді Кейіпкерге мінездеме береді
Мәтіннің идеясын анықтайды Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады Шығарма жазады
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді
RWCT с а б а қ т а р ыМұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Мәтінмен өздері танысады
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды
Өз ойларын жазуды ұсынады Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді
Ойларын қорытуға бағыттайды Өз тұжырымдамасын жасайды
Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Осы технологияның мақсаты-оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;
Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:
Бірінші-бұл өз бетімен ойлау;
Екінші-бұл ойын қорыту;
Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі;
Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;
Бесінші-сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты).
СТО технологиясындағы мұғалім ролі:
Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау;
Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді;
Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды;
Оқушыларға өз беттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді;
Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ережесі:1. Тыныштық.2. Жылдамдық.3. Белсенділік.4. Ұйымшылдық.5. Толық қатысым.6. Уақытпен санасу.
Оқушылардан осы ереженің орындалуын талап ету қажет.
“Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
1.Қызығушылықты ояту;
2.Мағынаны тану;
3.Ой – толғаныс.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу технологиясының үш кезеңі
1.Қызығушылықты ояту кезеңі:
Мұғалім міндеті Оқушы міндеті Әдіс-тәсілдері
Оқушылардың
қызығушылықтарын сақтай отырып, жаңа тақырыппен жұмыс істеу, бірте-бірте «ескі» білімнен «жаңа» білімге көшу т.б. Оқушы мәтінді оқиды,
мазмұндайды, талдайды, түсіндіреді, жаңа тақырып бойынша жазбалар жүргізеді. - Кластер;
- Білемін, білмеймін, білгім келеді кестесін толтыру;
- Екі бөлікті күнделік;
- Берілген сұрақтарға жауап іздеу.
Бұл кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жұмыс жеке, жұппен немесе топпен жүргізіледі.
2.Ой толғаныс кезеңі:
Мұғалім міндеті Оқушы міндеті Әдіс-тәсілдері
Өтілетін тақырып бойынша оқушы білімін тексеру, оқушы
белсенділігін арттыру, сабақтың келесі кезеңдерін жоспарлау, алдағы жұмыстарды кескіндеу т.б. Оқушы өтілетін тақырып бойынша не білетінін еске түсіреді, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, білгісі келетін нәрселерді сұрайды т.б. - Әңгімелесу;
- Кластер;
- Дұрыс, дұрыс емес атты қағидалар;
- Инсерт;
- Екі бөлікті күнделік;
- Концептуалды кесте т.б.
3.Қорытынды кезеңі:
Мұғалім міндеті Оқушы міндеті Әдіс-тәсілдері
Сабақтың алғашқы кезеңіндегі жазбаларға оралып, өзгертулер
мен толықтырулар енгізеді, өтілген тақырып бойынша зерттеулер жүргізеді т.б. Оқушылар жаңа тақырыптан алған мәліметтер мен оған дейінгі өз білімдерін салыстырады, сол дәуір мен қазіргі дәуірдегі ролдерін
салыстырады т.б. - Пікірталас;
- Кластер;
- Кесте толтыру;
- Сұрақтарға жауап;
-Шығармашылық жұмыстар жазу;
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 120-ге жуық стратегиялар бар.
СТО технологиясының негізгі тәсілдері
Сұрақтарды дұрыс құру дағдысын дамытуға арналған тәселдер.
«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар кестесі? ?
· Неліктен, үш түсінік бер…..?
· Неліктен, түсіндір ……?
· Неліктен, сіз солай ойлайсыз…..?
· Неліктен, сіз солай ойлайсыз……?
· Қандай айырмашылығы бар…..?
· Не боларын, болжап көр….?
· Әйтпесе, не …….? Кім …..?
Не…?
Қашан…?
Мүмкін…?
Болар…?
Алар ме еді….?
Қалай аталады….?
Болды ма….?
Сіз келісер ме, едіңіз….?
Дұрыс па….?
Блум сұрақтарының түймедағы:
Блум сұрақтарының түймедағы:
Қарапайым сұрақтар— Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.
Дәлелдеуші сұрақтар— «Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?»
«Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз …?»
Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар— Әдетте неге? деген сөзден басталады.
Кейбір жағдайларда олар ақталуға мәжбүр етушілік сияқты негативті қабылдануы мүмкін.
Басқа жағдайларда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға бағытталған.
Бағалау сұрақтары- Неге … жақсы, ал … жаман?»
«… … айырмашылығы неде?»
Бұл сұрақтар осы немесе басқа да оқиғалар, құбылыстар мен айғақтардың
бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған .Шығармашылық сұрақтар (жорамал)- «Қалай ойлайсыздар, … кейін (егер) … қалай болады?
Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз қолданылады. Ол алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .Практикалық сұрақтар— «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?»
Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған.
Кластерлар (ұяшықтары)
Өтілген материал автор өмірбаянын не мәтін бойынша алуға болады.
«ФИШБОУН» тәсілі
Проблема— проблеманы тудырушы себептер —шешімПроблеманы тудырушы себептердің айғақтары
«Бағалау терезесі»
Дереу қолдана аламынЕштеңе түсініксіз Жақсы маған түсінікті
Ешқашан қолдана алмаспынҚАҚ (Қосу-Азайту-қызықты)-авторы Эдвард де БоноҚосу (+) –«Не жақсы?», «Несімен жақсы?» деген сұрақтарға жауап беретін айғақтарды жазамыз.
Азайту (-)-«Несі жаман?» деген сұраққа жауап беретін ағйақтар мен ойларды жазамыз.
«?»-«Несімен қызықты?» деген сұраққа жауап беретін оқушыны түрлі ойға салатын ойлар мен айғақтарды жазуға арналған.
Донна Огл кестесі
«Білем-Білгім келеді-Білдім» (БББ)
Б-біз нені білемізБ-нені білгіміз келедіБ-нені білдік және тағы білмеген не қалды
Біз қолданатын ақпараттар тізімі /Басты сөз/ Біз алғалы отырған ақпарат көздері
А
Б
В
Г Д
Е
Ж
З1
2
5
4
«Борттық журнал» (Гудлат)
Маған осы тақырып бойынша не түсінікті? Мәтіннен қандай жаңалық білдім?
«Екі бөлікті күнделік»
Сұрақтар (Цитата) Тақырыпты түсіну негізі
Не?
Қалай?
Несімен ерекшеленді?
Неліктен? «Концептуалды кесте»
Салыстыру сызығы Ток күші Кернеу
Белгілінеу Өлшем бірлігі Формуласы Өлшейтын құрал Инсерт (шартты белгілері)
V
+
—
?
Ойлану мен оқуға арналған өзіндік белсенділік жүйесінің белгісі:
» V » – білдім
» + » –жаңа
» — » – басқаша ойладым
» ? » – түсінбедім, сұрағым бар.
Неліктен «6 W»
Why- деген ағылшын сөзінен шыққан, мынандай сұрақтардан тұрады?
Неліктен? Неге? Не себепті?…..
«Неліктен?», «Неліктен?», «Неліктен?» жағдаятында «Иә, сол себепті….»
«Шатастырылған логикалық тізбек»
Мұғалім оқушыларға дұрыс және дұрыс емес сөздер жазылған ретті ұсынады.
Оқушылар жекелей жұмыс жасайды, мәтінді оқиды, шатастырылған тізбекті белгілейді.
Өзінің тапқан сөздерін топтағы оқушылармен бөліседі, толықтырады, қатесін түзейді.
Жорамалдау дағдысын дамытудың тәсілдері:
Дұрыс немесе дұрыс емес ойлар;
Сабақтың басында жаңа тақырып бойынша ұғым, соның дұрыс немесе дұрыс еместігін бағалау және өзінің шешімін дәлелдеу қажеттілігі беріледі.
Кері байланыс кезінде оқушыларға бекітілген тақырыптың сабақ басындағы өз шешімінің дұрыстығын бағалауды және өз ойымен алмасуды беру.
«Анадан-мынаған» стратегиясы1 Тақырып бойынша топтар жалпы тапсырмалар алады.
1 топ: 2. Әр топ мүшесі өзінің зерттеу
тапсырмасын алады
3. Ақпараттар жинайды4. Жинаған ақпараттарын топта
бөліседі
5. Жалпы бөлінгенді кестеге салып
біріктіреді6 Кесте толтырады7. Бірлесіп зерттеу тақырыбын
жасайды. 8. Зерттеу бойынша перзентация
жасайды.
Проблеманы шешу дағдысын дамыту бойынша тәсіл
Миға шабуыл
Карусель. Топпен жұмыс.
Топтағы оқушылар санына қарай тапсырмалар немесе проблемалы сұрақтар. Әрқайсысы өз шешімін жазып келесі оқушыға береді, осылай шеңберді айналып жүре береді.
Пікірталасты жүргізу дағдысын жетілдіру тәсілі:
Рөлдік ойындар
Әрлі-берлі пікірталас
Диалог-талас
6 қалпақ (қалпақтардың түстеріне сәйкес ойлау үшін, оқушы өзінің пікірінің дұрыс немесе бұрысын дәлелдейді)
Аквариум
Өз ойы және өзгенің ойын тыңдауды ұсыну тәсілі
Тізбек құру (5 жолды өлең, шеңбер бойынша бір-біріне беретін суреттер. Әрқайсысы 5 жолды өлең құрып, өз ойын дәлелдеп шығуы)
Еркін хат, эссе
Ирек (бірін-бірі оқыту) ауысып отыратын топпен жұмыс.
ҰБО әдістемесі.
5 жолды өлең
1 қатарға-тақырыпты бір сөзбен жазу (зат есім) теңдеу
2 қатарға-тақырыпты 2 сөзбен жазу (екі сын есім) қарапайым, күрделі
3 қатарға-3сөзбен жазылады (етістік) шығарады, табады, қосады
4 қатарға-4 сөзбен жазылады, тақырыпқа жақын сөзбен (сөз тіркесі) (белгісіз сан арқылы шығарылады)
5 қатар-тақырыпқа қатысты синоним.
Сюжетті кесте
Бұл қарапайым таныс тәсіл. Ақпаратты берген уақыттан бастап жұмыс барысында ойыдың кезеңін анықтап отыру.
Кім? Не? Қашан? Қайда? Неліктен?
Кубизм стратегиясы кубик жасалып оның 6 қырында 6 түрлі тапсырмалар жазылады:1. Ассоциация.2. Суреттеу.3. Талдау.4. Дәлелдеу.5. Ұсыныс.6. Салыстыру.«Кубизм» стратегисымен сабақ өткізу үшін оқушыларды 6-топқабөліп отырғызу керек.Мысалы «Қысым» тақырыбын осы стратегиямен өткізу үшін, тақырыптағы мағлұмат кубиктің алты қырындағы тапсырмаларға сәйкестестендіріп қарастырылады. Әр топ кубикті лақтыру арқылы тапсырмаларын анықтайды.1. Ассоциация. «Қысым» сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді? (қызығушылық ояту)2. Суреттеу. Суреттеледі3. Талдау. Формулалар жазады.4. Дәлелдеу. Қысымды анықтаған ғалым (Блез Паскаль) туралы айтылады.5. Ұсыныс. Қысымды техникада есепке алу, қолданылатыны ұсынлады.6. Салыстыру. Венн диаграммасы қолданылады, сұйықтықтардағы және қатты денелерге берелетін қысымды салыстырады.
Эссе стратегиясы арқылы да оқушылардың ойлау білігін арттыруға болады. Эссе жазу берілген тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, ойын дұрыс жеткізіп, сабақта берілген дәлелдемелермен бекітіп, оқылған тақырыптың негізгісін көркемдеп жазып және сол арқылы өмір, болмыс сырын қалай түсінетіндігі жайында ойын ашық білдіру.
«Қысым» тақырыбын бекіту мақсатында оқушыларға эссе жазуды ұсынуға болады.
Сын тұрғысында ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болады. СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден – бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады.
Менің өзімнің пәнім физика болғандықтан, оқушылар арасында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту негізгі аспект болып табылады. Физика пәні есептеулер мен логикалық тапсырмалардан тұрады. Сондықтанда, сыни тұрғыдан ойлау есептеулер мен тапсырмаларды орындауда өте қажет. Осыған байланысты мен сабақтарымды жоспарлағанда көбінесе сыни тұрғыдан ойлауды дамытатын тапсырмалар қолданғанды жөн көрдім. Мәселен, сабақты бастағанда өткен тақырыптарға байланысты және жаңа тақырыпты ашатын сұрақтарды дайындаймын. Осының нәтижесінде оқушылар өткен сабақты еске түсіріп, жаңа сабаққа қатысты ұғымдарды анықтайды. Келесі тапсырма "Физикалық диктант" арқылы өрнектерден оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, әріпті өрнектерді сандық қрнектерден айырып жазады және әріпті өрнектер мен сандық өрнектерден айырмашылағын түсінеді. Топтық жұмысқа арналған тапсырмалар оқушылар бір біріне көмектесе отырып орындайды. Бірінің білменгенін бірі айтып бір-бірін толықтырып, жаңа ұғымдарды , есептің шығару жолдарын естеріне сақтап отырады. Физиканың ажырамас бір бөлігі логикалық есептер. Бұл есептер қоршаған ортамен, өмірмен байланысты болып келеді. Сондықтанда сабақты жоспарлағанда логикалық есептерді көбірек пайдаланамын. Бұл да өзінің жемістерін беріп жатыр.
Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатыңдығын баяңдайды.
ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі,жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екеніні бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. «Оқушы жетістігі-мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында».
Өзімнің алдағы 22 жылғы іс - тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім.
Оқушыларым «Ақ бота», «ЧиП», «КИО» интелектуалдық ойындарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Интеллектуалық ойындарға қатысқан оқушылар
оқу жылы «Ақбота» «Человек и природа»
«КИО» Республикалық қашықтық олимпиадасы
қатнасқаны сертификат диплом қатнасқаны сертификат диплом қатнасқаны сертификат диплом
2012-2013 12/60 12 1 23/40 23 2 - - -
2013-2014 15/89 15 - 11/50 11 3 34 34 2014-2015 13/103 13 -
- - 13 13 -
Интеллектуалық ойындарға қатысқан оқушылар
оқу жылы Международный дистанционный олимпиада проекта «Инфоурок»
сезон «ЗИМА-2015/2016»
Международный игровой конкурс по естествознанию
«Человек и природа»
қатнасқаны сертификат диплом қатнасқаны сертификат диплом
2015-2016 10 3 7 13 13 -
ІІІ. Қорытынды.
Заманымыздың заңғар ойшылы лингвист- ғалым Ахмет Байтұрсынов "Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады "деген екен. Солай болған соң, ең әулі мектепке керегі- білімді, педагогикалық әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Қазіргі білім беру саласындағы оқутыдың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Еліміздің ертеңі жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс- тәсілдер қолдануда. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу- әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.