«Дарабоз» романы ?зіндісінен сахналы? ?ойылым
№ 31 мектеп – гимназия
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
«Тарих – мәңгілік дастанымыз» атты тақырыбына
«Дарабоз» романы үзіндісінен сахналық қойылым
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қарманова З.М.
Астана қаласы
2015 – 2016 оқу жылы
Қазақ хандығының 550 жылдығына
орай өткізілген іс – шара туралы
мәлімет
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қарманова Зульфия Мұхамеджанқызы.
Астана қаласындағы №31 мектеп-гимназясында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 6 сынып оқушыларымен «Тарих – мәңгілік дастанымыз» атты тақырыбына «Дарабоз» романы үзіндісінен сахналық қойылым өткізілді.
17 қыркүйек күні «Тарих – мәңгілік дастанымыз» атты тақырыбында «Дарабоз» романы үзіндісінен қазақтың ханы Абылайдың өмірінен сахналық қойылым көрсетілді. Мектебіміздің «Қазақ тіліндегі театрының» мүшелері дайындаған қойылымына 6 сынып оқушылары қатысты.
Бұның мақсаты: Қазақ хандығының 550 жылдығын дәріптей отырып, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды құрметтей білуге, тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, патриотизмге, өз Отанын, елін – жерін қорғауға тәрбиелеу
Пайдаланған көрнекілігі: интерактивтік экран (Абылай мен қазақ батырлардың жоңғарлармен шайқасының видео ролигі), қазақ хандығы туралы суреттер мен карта, музыка, домбыра, қазақ үстелі мен ыдыс - аяқтары.
Барысы:
«Сарыарқа» күйі ойналып тұрады
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естенТағдыры шыншыл аталар Қазатың туын көкке көтерген «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Үш ғасыр тарихымыз пен ар-ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек.
«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқан. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады. Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих – мәңгілік дастанымыз» атты тақырыбына 6 сынып оқушылары «Дарабоз» романы үзіндісінен сахналық қойылым ұсынады!
Сахналық қойылым кезеңі:
Хан ордасы.
Абылай тағында отыр, жан – жағында Қабанбай, Бөгенбай қолбасшылар отыр. Сырттан дыбырласқан дауыстар шығады.
Қабанбай: Бұқар жырау келді!
Бөгенбай: Арқаның ардагерін қарсы алайық!
Бір топ адаммен ордаға Бұқар жыраудың өзі де кіреді. Абылайхан түрегеліп, амандасып, оң жағынан орын береді.
Бұқар жырау: Армысың, Абылай!
Абылай: Армысыз, Бұқар баба!
Бұқар: Армысыңдарым, жақындарым!
Қабанбай, Бөгенбай: Армысың, Бұқар жырау!
Бұқар сәл ойланып, Абылайға қарап сөзін бастайды:
Біз бармыз – ау, хан ием. Қазақтың халін айтсандаршы, сол кезендегі запыран. Қандауыз жоңғар қазағымды құл қылғысы келеді. Қайран қазақтың халі өте нашар, Абылай? «Берекесі жоқ елдің – бірлігі жоқ» Не қылмақ бар а, Абылай?
Ордада үнсіздік Бұқар Абылайдан жауап күткендей.
Бұқар (Абылайға түйіле қарап: Бар сенгеніміз сенсің, Абылай! Баста мына еліңді!
Бөгенбай: Қарт баба дұрыс айтады. Үш жүздің қазағының басын қос, баста мына еліңді!
Бұқар: Даңқты батырларың, қалың қазағымыз сені қолдамаса, маған кел!
Абылай ойға берілгендей қалады:
Ақиқатты ғана айтасың-ау, жырауым! Ақтабан шұбарындының кегі үшін ғана емес, қазақтың бостандығы үшін бүгін осы Ақордаға жиналып отырмыз. Жырауым, ақыл қосып отырмыз!
Бөгенбай: Уа, хан ием! Міне, мына жерде біз Қалдан Цереннің әскеріне соққы береміз. Бүкіл үш жүздің әскері, міне осы тұстан кеп қоршайды.
Қабанбай: Көрсің сонда, қалың шүршіт осы қақпаннан құтылып.
Бөгенбай: Осы жолы біз олардың көк желкесін қиямыз!
Қабанбай ( оң қолын кеудесіне қойып, сөз сұрайды): Хан ием, қазақтың шүршітте кеткен қанды кегі бар. Құдай қаласа, қазақ жері азат болады!
Абылай: Жауға шабар кім бар?
Сахнаның сыртында (құғыншы): Жауға шабар кім бар? Жауға шабар кім бар? Жауға шабар кім бар?
Батыр Баян: (оң қолын кеудесіне қойып): Қазақ жауға шапса, сенен сұрап шаба ма? Хан ием, аттанайық!
Абылай хан: Қалмақтың батыры Арқауылды кім тірі ұстаса, не өлтірсе, соның ерлігін құрметтеп сыйлаймын!
Сахнаның сыртынды (құғыншы): Қалмақтың батыры Арқауылды кім тірі ұстаса, не өлтірсе, соның ерлігін Абылай құрметтеп сыйлайды!
Қалмақтың батыры Арқауылды кім тірі ұстаса, не өлтірсе, соның ерлігін Абылай құрметтеп сыйлайды!
Бұқар: Бұдан былай, Абылай, қазақ туы астында жиналуы керек! Қазақтың халі қыл үстінде тұр, ағайын!
Қабанбай: Иә, жырау!
Бөгенбай: Табанды боламыз!
Батыр Баян: Жауға құл болғанша, өлгеніміз жақсы!
Сахнада Бұқар жырау қалады
Экранда Абылай мен қазақ батырлардың жоңғарлармен шайқасының үзіндісі
Диктор: Сары дала. Алыстағы белестен асып, қазақтың қалың қолы жорыққа, азаттық үшін арпалысқа барады. Азаттықтың туы, азат елдің ақ туы!
Бұқар жырау ( экранға қарап):
Қазақтың ханы Абылай,
Қорқып жаудан қайтпаған!
Қазақ деген халқынан,
Қарсыласқан батырлар
Бөгенбай мен Қабанбай!
Мұғалім:
Құрметті оқушылар мен қонақтар! Біз мың өліп, мың тірілген қазақпыз. Демек, қан мен тер арқылы келген тәуелсіздігімізді әрқашанда ұмытпайық. Тәуелсіздігіміздің тірегі болған, мемлекетіміздің негізгі болған осынау айрықша елімізді, қорғап мақтаныш етейік!
«Көк тудың желбірегені» әні