«12 жылды? жалпы орта білім беруге к?шуді? негіздемесі»


Тақырыбы: «12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі»
Курс тыңдаушысы:
Харифоллина Нұргүл Амантаевна
Үштерек ЖОББМ
Информатика мұғалімі, Ақсу қаласы.
Исамалинова Ырысты Бакытбекона
Ертіс №2 ЖОББМ
Информатика мұғалімі, Ертіс ауданы.
Жоспар:
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері
12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар
Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттарын бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының; «Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; «Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н..Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлері кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.
Қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және қол жеткен табыстарға сын көзбен қарап бағалау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тиімді жолдарын табу – 12 жылдық білім беру мәселесі. Бүгінде осы бағыттағы білім беру ең негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайында оқыту болып отыр. Білім беру жүйесінденгі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
қоғам дамуының қиындылығы;
постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
қоғамның демократиялануы;
экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
адам капиталы мәнінің артуы.
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып отыр:
- білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру, жаңа білім технологияларының енгізілуі және т.б;
- оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі, терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
оқушы жастарға азаматтық - патриоттық, рухани - адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру ролінің күшейтілуі;
білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы
болып табылады.
Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болған да осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді. 12 жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:
- мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді құрылымымен сәйкес келтіру;
- оқушылардың өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;
- әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;
- оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жүктейді:
- оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
- оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру;
- білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;
- психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру;
- білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету;
- оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру.
Адамның жан-жақты дамуы білім берудің ғаламдық мақсаты болып табылады. Педагогикада білім берудің мақсатын, оның мазмұны мен құрылымын анықтауға қазірігі заманғы адам тұжырымдамасының тұрғысынан келу көзқарасы берік қалыптасып отыр. Жүргізілген зерттеулер тұлғаның қалыптасу моделінің компоненттерінің мынадай үш тобын қамтитынын көрсетеді: психиканың функционалдық тетіктері, тұлғаның тәжірибесі, тұлғаның жинақталған типологиялық қасиеттері. Компоненттердің осы топтары адам қызметінің жалпы құрылымының және зерттеу объектілерінің құрылымымен бірге 12 жылдық мектептің жалпы білім беру стандарттары мен базалық оқу пәндерін жасаудың теориялық негізі болып отыр.
12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерне қарай қамтамасыз етуге тиіс.
Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міндеттері:
12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап көрсету;
12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау;
Осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибелерге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
Жалпы орта білім беру құрылымы.
Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Педагогикалық кадрлар.
Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды. Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:
Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.
Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттың болмауы.
Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.
Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады
1-саты – жалпы бастауыш білім беру . Оқуды бастау жасы - 6 жас. Оқыту ұзақтығы - 4 жыл ( 1-4- сыныптар – бастауыш мектеп)
2-саты – негізгі орта білім беру Оқыту ұзақтығы – 6 жыл (5-10-сыныптар – негізгі мектеп)
3-саты – жалпы орта білім беру. Оқыту ұзақтығы -2 жыл (11-12-сыныптар – жоғарғы мектеп)
12 жылдық мектепке енгізілген бейіналды және бейіндік дайындық оқушының өз қабілеті мен өмірлік құқығына сәйкес өзін-өзі кәсіби анықтауында, болашақ кәсіби қызметін саналы да жауапты таңдауына едәуір тиімді дайындыққа қол жеткізуде олардың әллеуметтендірілу мүмкіндігін кеңейтеді.
12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар
1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі.
Қазіргі білім беру тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңіcтігін құру.
2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау.
Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғары сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, республикада 2 миллионнан астам бала 66% әр түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз, асқорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс аппараттарының зақымдануы сияқты т.б. аурулар ондаған есеге артып отыр.
12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.
3-фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.
Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажеттіліктеріне орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.
4-фактор. Оқу сапасын арттыру.
12 жылдық білім беруге көшу күнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асырылады.
5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.
12 жылдық білім берудің басым бағыты-педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас-педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық жаңа бағыты.
Болашақ мамандардың 12 жылдық білім берудің әдіснамасын, оның теориялық және практикалық негіздерін қазірден бастап жан-жақты үйренуі аса маңызды әрі өзекті мәселе. Осы орайда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың жалпы жүйесінде педагогика курсы ерекше орын алады.
Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама
Информатика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен төмендегі құрамда ұсынылады:
Оқулық
Әдістемелік құрал
Дидактикалық материалдар
Хрестоматиялар
Информатика оқулығына қойылатын талаптар
Информатика оқулығына қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізге алынады. Оқулыққа қойылатын талаптарды анықтап жүйелеуде оқулық функциялары:
білім мазмұнын тасымалдаушы;
мазмұнды меңгеру процесін ұйымдастырушы;
ақпараттық;
трансформациялы;
материалды бекітушілік;
өзін-өзі бақылау;
өз бетімен білім алу;
дамытушы-тәрбиелеуші.
басшылыққа алынып, негізінен ескеретін құжат болды десек те болады.
Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулыққа қойылатын талаптар жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізінде төмендегіше іріктелді:
ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
бағдарламаға сәйкестігі;
мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;
әлеуметтік-мәдени құндылығы;
ұсынылған материалдың тарихилығы;
оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;
мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;
сабақтастық принципінің сақталуы;
компьютерлік программалар пайдаланылуының ескеріліуі;
практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестілігі;
оқушылардың жалпы оқу біліктерін және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасауы;
деңгейлік тапсырмалардың болуы т.с.с.
Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.
Информатика пәнін оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар:
Информатиканы оқыту әдістемесі-әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл әдістемелік оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді.
Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
Әдістемеде информатикадан білім мазмұнының сипттамасы беріледі.
Оқулық пен құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игерудегі білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды орындау біліктілігін қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. Есептердің шығару үлгілері ұсынылады.
Информатиканы оқыту процесінде пайдаланылатын мультимедиалық үйрету программаларының, электрондық оқулықтарының өскелең өмір талабына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы арқылы пайдалана алатындай деңгейде болу керек.
12 жылдық білім жүйесіне арналған типтік оқу жоспары
Білім аймағында оқытылатын пәндер Әр сыныпқа бөлінетін апталық сағат саны Жүктелетін сағат
Математика және информатика 4 4 5 6 6 25 800
Математика 4 4 5 5 5 23 736
Информатика - - - 1 1 2 34
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көптілділікті қамтамасыз етеді.
Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Келешегімізден үмітті болуымыз үшін жас буын өскенде, ата-баба мұрасын білу қажет. Ол үшін жас буынды уақыт санына төтеп беріп, тұрмыс өлшеміне шақ келген ата-бабаларымыздың қасиетті тәжірибесімен ауыздандыру керек. Себебі, қазіргі адамгершілік, әдептілік, имандылық сынды шынайы қасиеттерді адамзаттың әлсіз тұсы деп қарауға жетіп қалған техногендік өркениеттіліктің уытын қайтару үшін салт-дәстүрлерге маңызды рөл жүктеледі. Мектепте оқытылатын информатика пәні оқушыларға компьютерлік технологиялардың барлық мүмкіндіктерін үйретуге негізделген. Міне осы білім беруді ұлттық негізде тәрбиелік жұмыстармен байланыстыра жүргізсе оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге болады.
Қорыта келгенде айтарым, білім-қоғамды қанағаттандыратын, рухани мұраны сақтайтын ұрпақ пен ұрпақты сабақтастыратын құрал. Сондықтан, оқушының елдің ертеңі, үміт күтер азаматы екенін ескере отырып, тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейлерінің әлемдік стандартқа сай болуға лайықты жұмыс істеу, білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.
Қолданылған әдебиеттер:
12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. Астана,2001 жылдың 10 мамыры // Қазақстан мектебі.-2001.-С.7.-1б
12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны // Қазақстан Тарихы. -2006. -3.-С. 3-10б
«12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгісі» Информатика негіздері 2008ж-№2-24б
«Информатика негіздері» 2003-№5, 29-30
Сұрақтар:
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің тұжырымдамасы.
Қазіргі мектептің білім мазмұны ізгілендірумен даралауға айқын бет бұруға жүктелетін міндеттер
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің тұжырымдамасының бөлімдері
12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты
12 жылдық жалпы орта білім беруде информатика пәнінен оқулыққа қойылатын талаптар