12 ЖЫЛДЫ? БІЛІМ БЕРУДЕ О?УШЫДА ?АЛЫПТАС?АН ??ЗІРЕТТІЛІКТЕР.(БАЯНДАМА)


12 жылдық білім беруде оқушыда қалыптасатын құзіреттіліктер
Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту мәселелерінің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары,бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін қалаптастыру. Білім берудің адамға,жеке тұлғаға бағытталуы,білім мазмұнынының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – 12 жылдық білім берудің әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады
Қазақстандағы білім жүйесін жаңарту процесі қазіргі кездегі әлемдегі білімнің даму тенденцияларына сәйкестендіру мақсатында бағалау жүйесін реформалау қажеттілігін анықтады.
Бағалау жүйесін реформалау білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу болып табылады.
Ол біріншіден, оқыту процесіне түзету енгізу үшін қол жеткізген білім нәтижелер туралы тұрақты ақпарат береді.
Екіншіден бағалау нәтижелері негізінде бітірушілерді, мұғалімдер мен білім мекемесін аттестаттау туралы шешім шығаруға ықпал етеді.
Үшіншіден оқушылардың оқу материалын меңгерумен қатар оның тұлғалық ерекшеліктері мен қасиеттерінің көрінуін ескереді.
Оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалаудың 12-балдық шкаласын енгізу мақсаты:
Қазіргі таңдағы білім сапасын басқару мен бақылау процесін жаңарту, сонымен қатар білім беру процесіне қатысушыларды және қоғамды білім жетістіктерінің деңгейі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Оқу жетістіктерінің деңгейін бағалаудың 12-балдық жүйесін енгізудің негізгі міндеттері:
-білім беру процесі мен мемлекеттік бақылау барысында бағалау процедурасының негізділігі мен ашықтығын оқу жетістіктерін бағалауда тұлғаның жеке қасиеттерін есепке алуды қамтамасыз ету;
-жеке нәтижелерді бағалаудың объективтілігін арттыру, соның негізінде білім алушылардың сәйкесінше өзін-өзі бағалауын қалыптастыру;
-білім алушылардың жеке білім алу траекториясын жүзеге асыруға, оқу-танымдық әрекеттерін ынталандыру мен мотивациялау үшін жағдай жасау;
-оқу процесінің тұтастығын қамтамасыз ететін мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында тұрақты байланыс орнату;
-бала психикасына кері әсер етуші жағдаяттарды болдырмау үшін жағымды психологиялық ахуал құру.

Бағалау жүйесі сартқы және ішкі бағалау болынып бөлінеді.
Сыртқы бағалау-оқушылардың оқу жетістіктерін, оқыту (образовательные) бағдарламаларын меңгеру нәтижелерін бағалайтын тәуелсіз (мемлекеттік бақылау) бағалау.
Сыртқы бағалауда, яғни білімді, білікті, дағдыны меңгеру деңгейін және құзыреттіліктерді өлшеу үшін Қазақстан Республикасының білім саласы бойынша орталық атқару ұйымдары дайындаған мазмұны, процедурасы және тексеру тәсілдері жағынан стандартталған тапсырмалар жүйесі қолданылады.
Ішкі бағалау оқу (учебные) бағдарламаларын меңгеру нәтижесін бағалауды (тікелей білім мекемесіндегі оқу процесі) қамтиды.
Ішкі бағалаудың мақсаты – оқушылардың жеткен нақты оқу жетістіктерінің оқу бағдарламаларындағы күтілетін білім нәтижелеріне сәйкестігін анықтау.
Білім алушылардың ауызша және жазбаша жауаптары, практикалық тапсырмаларды орындау нәтижелері, оқу жобалары, шығармашылық жұмыстары, портфолионың жұмыс парақтары ішкі бағалаудың объектілері болып табылады.
Ішкі бағалау барысында педагог білім алушылардың оқу пәндері бойынша жеткен жетістіктерінің (білімі, білігі, дағдысы және пән бойынша құзыреттіліктері) деңгейін бағалау үшін стандартталмаған тапсырмалар да қолданылады...
Ішкі бағалау қалыптастырушы және қортқы бағалау болып екіге бөлінеді.
Қалыптастырушы (ағымдық) бағалау.
Қалыптастырушы (ағымдық) бағалауға:
-оқу жетістіктерінің деңгейіне сәйкес келетін білім, білік, дағды түріндегі білім нәтижелері;
-түпкілікті құзыреттіліктерді меңгеру деңгейлері жатады.
Көрсеткіштер бойынша бағалау Қазақстан Республикасының ЖММБС-дағы білім аймақтарының ерекшеліктеріне сәйкес оқу жетістіктерінің төрт деңгейі шеңберінде жүзеге асады...
Білімділік нәтижелері (ББД) А критерийі бойынша бағаланады.
А критерийі шеңберінде әрбір деңгейдің көрсеткіші мұғалім бақылай алатын оқушылардың сыртқы әрекеттерімен сипатталады.
І деңгейде – минималды – білім алушы пәндік әрекет тәсілдері және білім, білікті көрсететін рецептивті-репродуктивті сипаттағы әрекеттер жасайды (білім алушы бұрын меңгерген ақпаратты толық және дұрыс қайталайды, таниды және типтік әрекеттерді орындау үшін оларды өзгеріссіз қолданады). Оқушылардың әрекеті мұғалімнің басқаруымен және бақылауымен үлгі бойынша жүзеге асады; оқушылар тапсырманы орындау барысында белсенділік танытпайды.
ІІ деңгейде – қанағаттанарлық – білім алушылардың әрекеті реконструктивті сипатта болады. Білім алушылар пәннің базалық мазмұнын меңгереді, оқу материалын түсіну бойынша жоспарланған (күтілетін) нәтижелердің негізгі бөлігіне жетеді, яғни пәндік әрекет тәсілдерін және білім, білік, дағдыны интерпретациялайды және өзгертеді. Білім алушылар білімдері мен қалыптасқан дағдыларын ұқсас жағдайларға қолдана алады, қажет болған жағдайда мұғалімнен жеке тапсырмаларға арналған нұсқауларды пайдаланады, бірақ мұғалімнің берген үлгісін дәл орындайды. Білім алушылар пәнге қызығушылық танытып, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады.
ІІІ деңгейде – жеткілікті – білім алушының өнімді әрекетін қамтиды. Оның әрекетін вариативті сипатта болады. білім алушы игерген оқу материалын таныс (стандартты) жағдайларға қолдана алады, яғни өз бетінше немесе мұғалімнің аздаған көмегімен алған білім, білік, дағдысын және пәндік оқу әрекеттерін қолданады және интеграциялайды. Жалпы алғанда білім алушы пән бойынша жоспарланған (күтілетін) нәтижелерге қол жеткізеді, жаңа байланысты орнатуды талап етілетін күрделірек тапсырмаларды орындай алады. Білім алушы әрекетінде білім алуға деген қызығушылық байқалады.
IV (жоғарғы) деңгейде жоспарланған білім нәтижелеріне толық қол жеткізеді және одан артады. Оқушының білімі мен білігі пән бойынша базалық мазмұн шеңберінен шығады, оқу әрекеті өнімді сипатта болады және шығармашылық элементтерді қамтитын, зерттеушілік әрекет болып табылады. Білім алушы меңгерген білімді жаңа жағдайларға қолдана алады, яғни әртүрлі проблемаларды шешуге игерген пәндік және пәнаралық білімін, білігін, дағдысын қолданады. Білім алушы мұғалімнің көмегінсіз игерген білімі мен білігін жаңа білім алуға, проблеманы анықтауға, олардың шешімін табуға қолданады және трансформациялайды. Білім алушы білімін жаңа жағдайға пайдалана алады...
Оқу пәні шеңберіндегі түпкілікті құзыреттіліктер В, С және D критерийлері бойынша бағаланады.
В критерийі проблеманы шешу құзыреттілігі немесе өзіндік менеджмент аспектілерінің қалыптасуын бейнелейді, ол зерттеу жұмыстарын, жобаларды, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау барысында жүзеге асады. В критерийі толығымен оқу жылының соңында жобаны қорғауға немесе құзыреттілікке бағытталған тесті бағалауға қолданылады. Оқыту барысында В критерийінің кейбір аспектілері құзыреттілік тапсырмаларын орындауда қолданылуы мүмкін.
С критерийі негізінен ақпаратпен жұмыс барысында ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтайды.
D критерийі бітірушінің жалпы білімнің белгілі бір сатысында қатынас (коммуникативтік) құзыреттілігінің құраушылары болып табылатын жазбаша, ауызша және өнімді қатынас дағдыларын дамыту мен қалыптастыру дәрежесін анықтайды.
Қорытынды (қортқы) бағалау.
Қорытынды бағалау оқушылардың қол жеткізген білімін, білігін, дағдысын және түпкілікті құзыреттіліктерін анықтау мақсатында оқу периодының (тоқсан, семестр, оқу жылы) соңында жүргізіледі.
Мұғалім қорытынды (қортқы) тоқсандық бағаны қоюда келесі алгоритмді қолданады.
Әр критерий бойынша қорытынды (қортқы) бағаны қою үшін келесі әрекеттер орындалады:
әр критерий бойынша қорытынды бағаны қоюда тоқсан барысындағы барлық оқу модульдерін меңгеруде алған барлық бағалардың орташа балы есептеледі;
А критерийі бойынша орташа балл сынып журналына қойылған ауызша және жазбаша жауаптардың, теориялық жұмыстары мен тексеру, диагностикалық, аттестаттау және практикалық жұмыстардың бағалары бойынша есептеледі.Үй тапсырмалары бойынша балл басқа бағалармен қатар А критерийі бойынша орташа балл есептегенде қосылады.
В, С және D критерийлері бойынша орташа балл ұсынылған портфолио материалдары бойынша есептеледі.
Егер орташа балл бөлшек сан болса, математика ережесіне сәйкес бүтінге дейін дөңгелектенеді (мысалы 7,8 ≈ 8).
Егер оқушы тоқсан барысында оң динамика көрсетсе, онда есептелген орташа балға 1 балл қосылады. Мысалы, оқушының бағалары 4, 5, 6, 5, 6 болғанда А критерийі бойынша орташа балл (4 + 5 + 6 + 5 + 6) : 5 = 5,2. Бұл жағдайда дөңгелектеп есептелген 5 орташа балға 1 балл қосылып, орташа балл 6 болады.
Пән бойынша қортқы балды (қ.б.) есептеу үшін әр критерий бойынша есептелген қортқы балдар қосылады (А қ.б. + В қ.б. + С қ.б. + D қ.б.).
Алынған қортқы балл 12 балдық шкала бойынша қорытынды бағаға аударылады.
Оқу жетістігінің деңгейі :
- бағдарламада жоспарланған білім нәтижелеріне сәйкестік дәрежесі,
- бітірушінің жалпы білім алудың әрбір сатысындағы мазмұнды меңгеру деңгейі,
- оқу әрекетінің типі,
- білім алудағы өз бетінше әрекетінің дәрежесі,
- түпкілікті құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейі сияқты көрсеткіштерді қамтиды..
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін жалпы білім беретін мектептің 3-12 сыныптарына бағаның 12-балдық шкаласы енгізіледі. Ал 1-2 сыныптарда оқу жетістіктерін бағасыз бағалау енгізіледі.
Білім алушының келесі сатыға немесе келесі оқу жылына өтуі дайындықтың минимал міндетті деңгейіне қол жеткізген жағдайда жүзеге асады...
Дайындықтың міндетті деңгейі (немесе оған сәйкес келетін өту балы) сынақ жұмысы барысында көптеген білім алушылардың жеткен деңгейі ретінде анықталады. Міндетті ІІ деңгей (өту балы – 6) анықталды, дегенмен сынақ барысында түзетулер енгізілуі мүмкін.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жалпыланған критерийлері.
- білімділік – оқыту бағдарламаларын меңгеру көрсеткіші (көрсеткіш – қол жеткізген және жоспарланған білімнің сәйкестігі), білім мен білікті меңгерудің белгілі деңгейіне қол жеткізу, пәннің базалық мазмұнын меңгеру дәрежесінің сапасы;
- әрекеттік – білім алушының түпкілікті құзыреттілігін құрайтын арнайы пәндік, сонымен қатар интеллектуалдық, жалпы оқу тәсілдерінің әрекеттерінің қалыптасу дәрежесі;
- жеке-тұлғалық – белсенділік, өз бетінше әрекет ету, мотивация мен қызығушылық, білімге, берілген оқу пәніне деген қатынасы.