Химиядан саба? жоспары. Та?ырыбы М?най
Сабақтың тақырыбы: Мұнай құрамы, қасиеті, өңдеу әдістері, өнімдері.
Сабақтың мақсаты:
Мұнай құрамы, қасиеттері, өңдеу әдістері, өнімдерінің қолданылуы жөнінде оқып үйрену;
Қоршаған ортаны бақылай білу дағдысын, кең арнада ойлау қабілетін дамытып, экологиялық сауаттылыққа, мамандыққа бағдарлау;
Байлықтар мекенін танып, жадында сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Әдісі: топтық жұмыс,сұрақ-жауап,зертханалық тәжірибе, есептер.
Сабақтың көрнекілігі:Мұнай, мұнай өнімдерінің үлгілері, Қазақстанның экономикалық картасы, шикі мұнай, су, марганцовка ерітіндісі.
Пән аралық байланыс: география, экология.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасы.
Сұрақ-жауап:
1.Көмірсутектердің табиғи көздерін ата.
2.Мұнай дегеніміз не? Мұнайдың физикалық қасиеттері қандай?
3.Мұнайдың құрамына кіретін заттарды атаңдар.
4.Табиғи газдың құрамы қандай?
5.Табиғи газдың мұнайға серік газдардан қандай айырмашылықтары
бар?
6.Қазақстандағы ірі газ, мұнай, тас көмір кен орындары туралы не
білесіңдер?
ІІІ. Проблемалық сұрақ: Көз алдымызға елестетіп көрейік, бізге 200 гектар мұнайлы жер сыйға тартылды делік. Біз алдымен не істейміз?
Алдымен мұнай туралы біліп алуымыз керек.
Постермен жұмыс(оқушыларға тапсырмалар беріледі)
І-топ Мұнай құрамы туралы не білесіздер?
Жауабы: Мұнай химиялық құрамы жағынан органикалық қосылыстардан тұрады, яғни оның негізі – С,Н. Мұнай құрамында көмірсутектерден басқа да аз мөлшерде органикалық қосылыстар болады.Ол қосылыстардың құрамына О,S,N және металдар кіреді. Шайыр және асфальт заттары сияқты үлкен молекулалы қосылыстар да бар. Мұнайдың құрамы бірдей емес. Бірақ олардың бәрінде де көмірсутектердің үш түрі – парафиндер, циклопарафиндер, аромат
қосылыстар болады, бұл аталған көмірсутектердің барлығының мөлшері әр мұнай кенінде әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Маңғыстау мұнайы қаныққан көмірсутектерге, Баку аймағындағы мұнай циклопарафиндерге бай келеді.
2-топ.
Мұнай табиғатта қалай пайда болады? Бұл сұрақ ғалымдар мен мамандар арасында бір ғасырға жуық уақыттан бері талас тудырып, бүгінгі күнге дейін өз шешімін таба қойған жоқ. Осы сұраққа қалай жауап берер едіңіздер.
Жауаптары:
Менің ойымша, мұнай жануарлар қалдықтарынан пайда болды.
Мұнай органикалық қалдықтардан түзіледі. Солардың ішінде өсімдік қалдықтарынан да, кейде екеуінен де бірдей түзілуі мүмкін.
Жер қыртысының дамуы, өзгеріске түсуі кезінде пайда болған жарылулар мен жарықшақтар арқылы жер бетіндегі сулар жердің, терең ішкі қабаттарына, яғни металды деңгейге дейін жетеді. Сол жерлерде әртүрлі химиялық реакцияға түсіп, мұнай түзілуі мүмкін.
3-топ.Мұнайдың қоршаған ортаға әсері
Алдыңғы екі топтың жауаптарына өз пікірлерін қосу.
Жауабы: Мұнайдың пайда болуы – әрі ұзақ, әрі өте күрделі үрдіс. Осыдан шамамен 200 жыл бұрын орыстың атақты оқымыстысы М.В.Ломоносов өзінің «Жер қабаттары» туралы еңбегінде мұнай органикалық заттардан пайда болды деген болжам айтқан. Мұнай түзілетін органикалық заттардың қалдықтары көбінесе теңіз, мұхит табандарында түзіледі. Кейде кішігірім көлдерде де органикалық заттардың қалдықтарына айналуы мүмкін. Дегенмен де органикалық қалдықтар қандай жағдайда және қандай жерлерде жиналмасын, оларға қажетті жағдай туғызатын орта сулы орта болу керек. Сулы ортада ғана органикалық қалдықтар тотығу үрдісіне шалдықпай жақсы сақталады. Сонымен қатар жер бетіндегі кез- келген су айдындары әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай келеді. Планктон түрлері су айдынында мол тараған. Организмдердің қалдықтары теңіз, мұхит табандарында шөккен шөгінді жыныстардың құрамында да мол кездеседі. Осындай органикалық қалдықтардың 65 – 90% С пен Н тұрады. Бұл келешекте жер қойнауында пайда болатын мұнай кендерінің негізі болмақ. Қазіргі кезде еліміздің ғалымдары мен шетел мамандары мұнайдың пайда болу гипотезасын және оның органикалық негізін толығымен қуаттайды.
IV.Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты
1-топ.
Физикалық қасиеті.
Мұнайдың қандай зат екенін көрейік
Зертханалық тәжірибе 1.
Мұнай үлгісімен танысу. Мұнайдың суға әсерін байқау, қорытындысын дәптерге жазу
Сонымен мұнай жеке зат немесе қоспа ма?
Мұнай – қоспа. Құрамына қарай парафинді, нафтенді, ароматты деп бөлінеді. Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады. Оны шикі мұнай деп атайды. Шикі мұнайды суынан және қосалқы газдарынан тазартып, өңдеуге жібереді. Тазартылған мұнай
тауарлық мұнай деп аталады.
Мұнай туралы білдік , әрі қарай не істейміз?
Мұнай өндіру, құрлықтан, сулы ортадан
2-топ
Мұнайды тасымалдау.
Теңіз (танкерлер)
Теміржол (цистерналар)
Трубалар
3-топ.
Мұнай өңдеу әдістері.
Физикалық әдіс – мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу. Ол мұнайды айдау деп аталады. Мұнайды қыздырып айдау арқылы молекулалық массалары әр түрлі көмірсутектерге жіктейді.
Химиялық әдіс – ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы жеңіл
көмірсутектер алу немесе крекинг процесі деп аталады. Және
көмірсутектерді ароматтандыру немесе риформинг процесі.
фракциялары берілген таблицаны толтыру (тексеру)
Мұнайды тікелей айдаудан бөлінетін бензиннің шығымы 15 – 20%. Сондықтан айдаудың ауыр фракциялары мен мазутты қайта өңдейді.Мұнай өңдеудің екінші сатысы.
Барлық бензин бірдей ме? Сапалы бензин несімен ерекшеленеді?
Крекинг – молекулалы қосылыстарға ажырату. Бұл процесті алғаш орыс ғалымы В.Т.Шухов ұсынды (слайд 19-20)
Термиялық крекинг С16Н 34 С8Н18 + С8Н16
С8Н18 С4Н10 + С4Н8
Катализдік крекинг (19 кесте оқулықтан)
Риформинг - ароматтандыру.
Гидротазарту- S,N қосылыстарынан тазарту.
Қазақстандағы мұнай өңдеу заводтары– Атырау,Павлодар,Шымкент.
V.Деңгейлік тапсырмалар есеп шығару.
1 нұсқа.Жылына жер қыртысына 3,6 млрд тонна мұнай өндірілді дейік.Егер ол сыйымдылығы 60 тонналық цистерналарментасылатын болса, онда 50 цистерна тіркей алатын қанша пойыз керек?
2 нұсқа.Автомобиль 100 км жол жүргенде 20 м3 пропан газын жағады.Автомобиль 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем (қ.ж) ауа жұмсалады?
VI. Сабақты бекіту
Біз мұнай құрамымен, өңдеу әдістерімен таныстық . Сыйлыққа алған мұнайымызды не істейтінімізді білдік, талдадық. Мұнай өнімдерінің қайда қолданылатынымен танысып, кімдерге сататынымызды ойланайық
1. Мұнай өнімдерінің қолданылуы.
2. Проблемалық сұрақ «Сіздіңше зауытты қай жерден салған дұрыс»
VII. Сабақты қорытындылау
Екі жұлдыз ,бір тілек
(төмендегі сұрақтар бойынша оқушы пікірлерін тыңдау)
1. Мұнайдың пайдасы
2. Мұнай қалдықтарының зияны
3.Екі пікірді қорыту.
4. Оқулықпен жұмыс .Тапсырмалар жинағы есептер.
5. Тапсырмалар жинағы тест. (Темірболатова Ә)
VIII.Үйге тапсырма 17,18. 149бет Шығармашылық жұмыс «Атырау мұнайы»
IX. Бағалау(Әр топтағы оқушылардың бағалау парағындағы ұпай санын есептеп бағасын қою.)
Махамбет атындағы орта мектеп.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Күкірт қышқылы.
9 сынып
Пән мұғалімі: З.Шалекенова.
2015ж.