Ашы? саба? М?най ??рамы, ??деу ?дістері ж?не ?німдері


Атырау сервис колледжі

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Мұнай құрамы, өңдеу әдістері және өнімдері»
Топ: Кондитер-2
Пән мұғалімі: Джулдаева Г.Т.
Атырау-2016ж
Сабақтыңтақырыбы: Мұнай құрамы, өңдеу әдістері және өнімдері. Күні:23.11.16ж
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мұнайдың құрамын, мұнайдың пайда болуын физикалық және химиялық қасиеттерін, өндіру мен өңдеу жолдарын, ашылу тарихын, алынатын өнімдері туралы түсініктерін тереңдету.
Дамытушылық: Әртүрлі әдістер арқылы бұрынғы өтілген материалды жаңа тақырыппен байланыстыра алу қабілетін, ой-өрісін, сөйлеу дағдысын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған елдің қазба байлықтарын қастерлеп, мақтанышпен жадында сақтау қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу, және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ – жауап интерактивті, түсіндірмелі – иллюстративті, зертханалық тәжірибе.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд-презентациялар, үлестірмелі қағаздар,«Мұнайдан алынатын өнімдер» жинақтамасы.
Пәнаралық байланыс: география, биология, тарих.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу,түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Iтоп «Химиялық диктант»
1. Көмірсутектердің табиғи көздеріне..........., ................, ......................жатады
2. Табиғи газдың құрамында................, .........., ............., .................болады.
3. Табиғи газ ........., ........, .......... фракциясына бөлінеді.
4. Мұнайға серік газдардың құрамында................................................болады.
5.Мұнайға серік газдар............................................................күйінде болады.
6. Табиғи газдар.............., ..................., ................... ретінде қолданылады.
II топ «Конверт-сұрақ» әдісі бойынша бірнеше деңгейлік тапсырмалар беріледі
IIIтоп «Сандарды сөйлетейік»
1. 1865ж **** этил спиртінен бутадиен алды****М.Фарадей2. 1932ж**** Бензолдың құрылымдық формуласын ұсынды****С.В.Лебедев
3. 1825ж****Бензолды алды**** А.Кекуле4. 1860 ж*** Ацетиленнен сірке альдегидін алды*** А.М. Бутлеров
5. 1881ж*** Химиялық қосылыстардың құрылыс теориясын ашты М.Г. КучеровІІІ. Негізгі бөлім
1) «Миға шабуыл»Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бүгінгі тақырыпты анықтау және мақсатымен таныстыру.
Біздің Атырау қаламыз қандай өлке?«Мұнай- табиғаттың берген сыйы» — демекші бүгін біз «Қазақтың қара алтыны» атанған Мұнайдың ашылу тарихы, құрамы, өңдеу әдістері және өнімдеріне тоқталамыз.
2) Тірек-сызбалар(слайдтар) бойынша бағыт-бағдар беру.
Кездесетін кен орнына байланысты мұнайдың сапалық, сандық құрамы да әртүрлі болады. Мұнайдың негізін
   парафиндер, циклопарафиндер, ароматты көмірсутектер құрайды.
              Сонымен қатар органикалық қышқылдар,күкіртсутек, күкірт органикалық қосылыстар болады.Мұнай құрамында бұлардан басқа да қосылыстар кездеседі. Оларға: сілтілік жер металдар,минералдар,тағыда басқа типтік металдар. Кездесетін кен орнына байланысты мұнайдың сапалық құрамы да,сандық құрамы да әр түрлі болады.Жоғары көрсетілген кестеге сәйкес мұнай құрамында кездесетін көмірсутектерге байланысты: парафинді, нафтенді, ароматты деп ажыратуға болады.Мысалы,Мақат мұнайы – нафтенді көмірсутектерге бай, Жетібай мұнайы парафиндерге бай.Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады оны шикі мұнай деп атайды.Шикі мұнайды суынан және қосалқы газдардан тазартып өңдеуге жібереді.
Мұнай (парсы тілінен neft- тұтанатын) – жанғыш, майлы, түсі – кен орнына байланысты ашық қоңырдан қара- қоңырға дейін болатын, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Ол судан жеңіл, тығыздығы 0,80- 0,95 г /см, суда ерімейді, органикалық еріткіште ериді.
Мұнайды өндіру, тасымалдау. Жер қыртысынан өндіру кезінде ұңғымалардан қысым әсерінен мұнай бұрқақ түрінде атқылайды. Ал кейбір кен орындарында ағыс пен қысым төмен болады. Сонд-н ұңғымада тереңдікте насостар орнатылады. Мұнайды құбырлар, темір жол цистерналары, теңіз танкерлеріарқылы тасымалдайды.
Мұнайды өңдеу әдістері
Мұнайды өңдеудің екі түрлі әдісі бар.
1. Физ. әдіс Мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу. Бұл мұнайды айдау деп аталады.Серік газдан, судан айырылғаннан кейін мұнай қыздырылады, сонда ол фракцияларға бөлінеді.
С5- С11
40 –200 С
Бензин фракциясы
С8- С14
150 –250 С
Лигроин фракциясыС10- С16
150- 300 С
Керосин фракциясы2. Химиялықәдіс- крекинг әдісі.
Крекинг- мұнай өнімдерін белгілі қысымда үлкен молекулалы көмірсутектерді қайта өңдеу арқылы кішк молекулаларға айналдыру. Крекинг(ағылш. сrak- ажырату, үзілу) ( 1891ж Щухов)
Платина мен молибден катализаторы қатысында ашық және тұйық тізбек көмірсутектерді ароматты көмірсутектерге айналдыру ароматтандыру немесе риформинг процесі деп атайды.
Бензиннің сұйық жанар май ретіндегі аса бағалы қасиеттерінің бірі – детонацияға төзімділігі.
Бензиннің қозғалтқышта қопарылыс түзіп жануы детонация деп аталады, яғни жанған кезде дыбыс ырғағы бұзылады. Егер бензин құрамында ароматты көмірсутектер мен тармақты көмірсутектер көп болса, сапасы жоғары, ал ашық тізбекті көмірсутектер көпболса, сапасы төмен болады.
Детонацияға төзімділігі өте жоғары изооктанның 2,2,4 три метилпентанның октан саны 100-ге тең деп аталады. гербензиннің октан саны 76 болса, ондай бензин цилиндрде 76% изооктан мен 24% гептан қоспасындай детонациясыз қысым туғыза алады.
IV. «Ұшқыр ой»Топтарға арналған шығармашылық тапсырма:
1топ Мұнайдың пайда болуы, шығутарихытуралы.
2топ Мұнайдан алынатын өнімдер, қолданылуы
3топ Мұнайдың қоршаған ортаға әсері.
V. Бекіту
1. Мұнай құрамы қандай көмірсутектерден тұрады?
2. Мұнайдан алынатын өнімдерді атаңдар
3. Крекинг сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
4. Мұнайды тасымалдау түрлері .
5. Мұнайды өңдеу әдістері.
VI. Қорытындылау.
Біз мұнайдың құрамымен, қасиеттерімен, өңдеу әдісімен, шығу тарихымен, географиялық орнымен, қолданылуымен таныстық.
Мұнайшы елі үшін еңбек етіп,
Мұратын мұнайынан таба білген.
Бұрғымен қара жерді солқылдатып,
Мұнайшы мұңаймайтын- мықты халық.
демекші мұнай саласында қызмет еткен мұнайшыларымызда бар.
Қазақ мұнайының абызы, атасы атанған, мұнай саласының негізін қалаушы Сафи Өтебайұлы 1909 жылы, Бөлекбай Сағынғалиев 1927 жылы Атырау облысында қарапайым жұмысшы жанұясында дүниеге келген.
Мұнай – табиғаттың берген сыйы екенін бәріміз де білеміз.
Қазыналы байлықты,
Берген бізге құдайым.
Қосты елге бай, мықты,
Газы менен мұнайым.
VII. Үйге тапсырма « Атырау мұнайы» презентация
VIII. Бағалау