Сыныптан тыс ж?мыс. ?лтты? ?оз?алмалы ойындар.


Спорттық жарыс
Тақырыбы: Ұлттық қозғалмалы ойындар
Мақсаты: 1. Оқушылардың қимыл қозғалыстарын дамытып, Ұлттық
қозғалмалы ойындарға қызығушылығыын арттыру.
2. Ұлттық ойындар арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Ұсақ моторикасын сауықтыру.
Көрнекілігі: Спорттық бұйымдар, ысқырық, асықтар, доптар жарнамалар.
Өтілетін уақыты, орны: 15:00 11.02.2014 жылы Акты залы.
Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Гимнін орындау.
Жарысқа қатысушыларды таныстыру.
Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Жарыс төрешілерін хабарлау.
Жарысқа қатысатын топтарды және оқушыларды таныстыру.
Жарыс барысы
Мектеп басшыларына соз беру
Топтардың атары: «ТҰЛПАР» және «СҰҢҚАР»
Топ басшыларының топтың атын, ұранын айтып таныстыру.
Әділ қазылар құрамын тағайындау.
Жарыс түрлері:
1. Аударыспақ – әр топтан екі ер бала бір-біріне мініп қарсыластың шабандозын аударып түсіру.
2. Асық ату – ортадағы асықты алыстан атып дәл тигізу.
3. Қол куресі – әр топтан жекпе-жекке өзара күш сынасу.
4. Сұрақ жауап – ой өрісінің деңгейін көрсетіп сайысу.
5. Оқтау тартыс – жекпе-жек сайыс.
Қорытынды кезеңі:
Төрешілер оқушылардың жинаған ұпайларын есептеуі.
Жарысты қорытындылануы.
Марапаттау.


«ҮМІТ» Мектеп-интернаты
Сыныптан тыс жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: «Қазақтың Ұлттық ойындары»
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Б. Тапелов


Қаратау – 2014 жыл