«Т?уелсіздік бастауы – Желто?сан!»
«Бекітілді»
Мектеп -лицейі директоры
Казиева А.Б
_______
«_»_____2015ж
Сынып сағаты:
«Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан»
Сынып жетекшісі: Жаңбырбаева А.Т
8 «ә» сыныбы
2015 – 2016 оқу жыл
«Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан!»
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд, видеоролик, суреттер, кітап көрмесі.
Жүру барысы:
ҚР Гимні орындаладыМұғалім: слайд І – жүргізуші Шынарай: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Сыныбымыздағы Алауұлы Азаматтың өнерін тамазалаймыз. Хор:«Желтоқсан желі» ІІ – жүргізуші : 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат,Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. І – жүргізуші: Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. ІI – жүргізуші: Сахнаға екі студент шығады, бірі – жігіт, бірі – қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар.Айжан: Сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.
Алижан: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?Айжан: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.Алижан: Неге? Неліктен?Айжан: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.Алижан: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез барайық! І – жүргізуші: Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «контрреволюционер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын - 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді. ІI – жүргізуші: Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Каждому народу – своего вождя», «Ленин идеясы жасасын», «Қазақстан - қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген транспоранттар бар. Оларға Мақсат пен Айгүлде келіп қосылды.Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жағдайды.Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?Дауыс: Талап – тілекті айтамыз, шықсын ортаға басшылар!Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тараңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданамын! Үйге қайтыңдар.Осы кезде залда әскери команда беріледі.Әскери адам: Первая рота! Слушайте мою команду. Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота, за мной! Ура! І – жүргізушіОсы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар – көктен кіріп, алаңдағы жастарды ұрып – соға бастайды. Қаралы музыка баяу ойнап тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды. Беті – аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас Қазақ қызын екі әскери солдат сүйрей бастады. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйледі.Ләззат : - Әй туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға І – жүргізуші : Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып қалады. Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ляззат Асановаға өзін - өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ляззаттың да алаңда болғаны анықталды. ІI – жүргізуші Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы қабылданды. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы 17, 18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады.
Мұғалім сөзі: Оқушылар сіздер бүгінгі сабақта өз бойларыңыздағы патриоттық сезімдеріңізді сезіңдіңдер деп ойлаймын. Қайрат, Ляззат, Ербол, Сабира сияқты жастардай бойларыңызда патриоттық сезім болады деген үміттемін. Осымен 8 сынып оқушыларының ашық тәрбие сағаты аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен – көп рахмет. Қош сау болыңыздар.