Воспитательный час на тему Желто?сан Т?уелсіздік бастауы
«Желтоқсан – Тәуелсіздіктің Бастауы»
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, слайд.
Барысы: 1 – жүргізуші:– Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Бастауыш сынып оқушылары дайындаған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты тәрбие шарасына қош келдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр.2 – жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. – Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!1 – жүргізуші:– Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп түсінемін.1-жүргізуші:– Олай болса, оқушылар тәуелсіздік туралы не айтады екен?1.Оқушы: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 2-оқушы:Тәуелсіздік – менің байтақ ОтанымБір өзіңсің Мұхтар, Абай, ШоқанымТәуелсіздік – сәбилердің шаттығыТәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім3-оқушы:Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім,Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігінАта - бабам армандаған, аңсағанҰрпақтары көрді тәуелсіздігін.4-оқушы:Республика! Ерікті ел – Қазақстан!Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.Келді алыстан аңсатып,армандатып,Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Ән: «Атамекен» хор
Бейне сюжет «Қазақ елі ұсынады»
2-жүргізуші: – Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.1-жүргізуші. - Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдары мен қыздарын ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаммеджановаларды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
Видеоролик «Желтоқсан шері»
Көрініс : «Қайраттың тұтқындалуы»
Мұғалім сөзі: 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17 –ші желтоқсан күні жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі. Көрініс. Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді. Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың рұқсат қағазы бар. Міне! Жеңгесі: Қайрат, бері кел. Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
2-жүргізуші.
Тұтқынға түстім жаутаңдай,
Жоламай ешкім қасыма.
Бара қалсаң сәлем айт.
Елдегі құрбы досыма, – деп мұңая жырлаған албырт жас
Қайрат Рұсқұлбеков ел Жаңа жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде отырғанда тұтқынға алынды.Міне ,осыдан Қайрат үйіне оралмады.
Жүргізуші: -Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым». Эльза 5-оқушы: Өмір бойы жолым болып көрмеді, Жылап келем бұл дүниеге келгелі. Қайғы шаңы басты менің денемді, Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. Жолдаған сәлемімді дос алмады, Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. Айта берем, айта берем қайбірін, Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. Тағдыр мені аямады, қорлады, Жалынсам да, жыласамда болмады. Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
Ән «Желтоқсан желі» Альбина
6-Оқушы: ГүлзадаБолсын осы ар алдында сөз ақтық,Қан мен намыс болса бойда қазақтық.Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.
7- оқушы Көркем сөз Данагүл
Жиырма төрт жыл, жиырма төрт жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
8- Оқушы: Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын, Туды күнім әділетті арлы шың. Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 24 жыл толып отыр. Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.
Ән: «Елім менің » 4 сынып оқушысы Қайыржанов Әділжан
9-оқушы:
Көк аспанда тулардыңЖелбіреген күні - бұл,Елім деген ұлдардыңЕлжіреген күні - бұл.Жұпар шашқан гүлімніңЖаңа ашылған күні - бұл.Менің ана тілімніңБағы ашылған күні - бұл.Дүбірлетсін өңірдіДүбірлесін дүлділі.Қазақ деген елімніңҚұтты болсын бұл - күні!
2 – жүргізуші:– Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға – әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Ендеше, осындай бейбіт елде ата- ана,бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!би «Саржайлау» қыздар тобы
Би «Қазақтың қара баласы» 2 сынып оқушылары
Би «Қазақ би » 2 сынып қыздар тобыӘн «Көк тудың желбірегені» Қайыржанов Әділжан
2 – жүргізуші:Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы» атты әдеби музыкалық кешіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді. Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың рұқсат қағазы бар. Міне! Жеңгесі: Қайрат, бері кел. Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың рұқсат қағазы бар. Міне! Жеңгесі: Қайрат, бері кел. Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың рұқсат қағазы бар. Міне! Жеңгесі: Қайрат, бері кел. Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз
1.Оқушы: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2-оқушы:Тәуелсіздік – менің байтақ ОтанымБір өзіңсің Мұхтар, Абай, ШоқанымТәуелсіздік – сәбилердің шаттығыТәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
3-оқушы:Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім,Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігінАта - бабам армандаған, аңсағанҰрпақтары көрді тәуелсіздігін.
4-оқушы:Республика! Ерікті ел – Қазақстан!Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.Келді алыстан аңсатып,армандатып,Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
«Менің тағдырым». Эльза 5-оқушы: Өмір бойы жолым болып көрмеді, Жылап келем бұл дүниеге келгелі. Қайғы шаңы басты менің денемді, Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. Жолдаған сәлемімді дос алмады, Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. Айта берем, айта берем қайбірін, Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. Тағдыр мені аямады, қорлады, Жалынсам да, жыласамда болмады. Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
6-Оқушы: ГүлзадаБолсын осы ар алдында сөз ақтық,Қан мен намыс болса бойда қазақтық.Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.
7. Данагүл
Жиырма төрт жыл, жиырма төрт жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
8- Оқушы: Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын, Туды күнім әділетті арлы шың. Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 24 жыл толып отыр. Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.
9-оқушы:
Көк аспанда тулардыңЖелбіреген күні - бұл,Елім деген ұлдардыңЕлжіреген күні - бұл.Жұпар шашқан гүлімніңЖаңа ашылған күні - бұл.Менің ана тілімніңБағы ашылған күні - бұл.Дүбірлетсін өңірдіДүбірлесін дүлділі.Қазақ деген елімніңҚұтты болсын бұл - күні!