Открыйтый урок по историй на тему Жібек жолыны? басты ба?ыттары


Сабақтың тақырыбы: Жібек жолының басты бағыттары.
Пайдаланған материалдар: Мұғалімге арналған нұсқаулық, Александер оқулық, интернет, энциклопедия, карта.
Сабақтың жалпы мақсаты: Жібек жолының қазақ жері арқылы өтуінің, және оның халықтың араласуы арқылы қала мен дала өркендеуіне тигізген әсерін жеткізу, диалогты дамыта отырып сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау. Отаншыл нағыз патриот тәрбиелеу.
Негізгі мақсаты: Өздігінен ізденіп үйренеді. Сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады. АКТ-мен жұмыс істеп үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Топтық жұмысқа белсене араласады. Өз ойын еркін жеткізіп, басқаның пікірімен санасады. Өзін және өзгені жан-жақты бағалайды.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
Қорытынды.
Үй тапсырмасы және жаңа сабақ топтық жұмысқа негізделеді.
Сабақта қолданылатын көрнектілер: карта, сызба, интертақта, оқулық, түрлі-түсті қағаздар.
Тапсырмалар:
Жібек жолының пайда болуының себебін, дамуын, тарихи маңызын суреттер, сызбалар арқылы талдап жеткізу.
1 топ- Пайда болу себебін түсіндіреді.(карталар, сызбалар арқылы)
2 топ- Түрлі-түсті суреттер арқылы Жібек жолы бойындағы қалаларды анықтайды.
3 топ- Алдынғы 2 топқа сұрақтар қою арқылы диалогты дамыта отырып, пікірталас тудырады.
Үй тапсырмасы сыни тұрғыдан талданады.
Тапсырма барысында туындаған сұрақтарға жауап беріледі.
Сергіту уақыты- пошташы ойын, жаттығуы.
Жаңа сабақ:
Сабақты интертақта арқылы өтіліп, әр топқа жаңа тапсырмалар беріледі.
1 топ- Кестелерді сәйкестендіреді.
2 топ- Жібек жолына дейінгі еліміз арқылы өткен жолдарды іздейді. (интернет пайдаланылады)
3 топ- Сабаққа байланысты сұрақтар әзірлейді (кесінділер,суретжұмбақтар)
Соңында сабақ жалпы талданып, қортындыланып, бағаланылады. бағалау кезінде «Чеклист» әдісі қолданылады .Жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталамыз.
І-топты бағалау «3» «2» «1»
Іс-әрекет
Топтың ынтымақтастығы Пікірін сыйлау Нақты деректерге сүйену Уақытты үнемдеу ІІ-топты бағалау
«Смайликтермен » жеке оқушылар бағаланады

ІІІ-топты бағалау «Стикердің түстері » бойынша бағалау

Тапсырма: Тақырыпқа байланысты кескін картаны пайдалана отырып, суреттер салып, шағын әңгіме құрастыру.