Кашимбаева Анаргуль Нуркасымовнаны? Ата — баба д?ст?рі — ?рпа??а аманат атты іс — шарасы


Ата- баба дәстүрі – ұрпаққа аманат
Мақсаты: Ата- баба дәстүрі – ұрпаққа аманатұғымының қыр сырынна терең бойлай отырып ата-баба дәстүрін оқырман бойына сіңіру; Ұлттық салттарымызды насихаттай отырып ұрпақ жадында жаңғырту, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру;Қазақ халқының бойындағы қасиеттерді тілге шешендігі, сөз тапқырлығын, көркем сөйлеу дағдысын, ата-баба дәстүрін құрметтеу. Халқымыздың асыл мұрасы әдебиет жанрларын оқып үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер салт-дәстүрге байланысты суреттер мен кітаптарбұрышы.
Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар! Бүгінгі «Ата- баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Біздің ата-бабаларымыздан қалған орасан бай салт-дәстүріміз бүгінгі ұрпақ біздерге аманат. Осы дәстүріміз соңғы біршама жылдарда бір жола ұмыт болып кете жаздады.
Тек Егемендікке қолымыз жетіп, тәуелсіз ұлттық мемілекетіміз қайта бас көтергенен кейін ғана ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасқан дәстүрімізді қайта жанданыра бастадық.
Олай болса ата-бабадан қалған дәстүріміз бүгінгі жасұрпақ сіздерге аманат екен.
Жалпы дәстүріміз туралы сұрақ жауап ретінде бере кетейік.
Жалпы ата-баба дәстүрі дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәстүр латын тілінде жалғастыру деген ді білдіреді. Атадан балаға жалғасып отыратын өнегеліөнер болып табылады.
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді . Оқырмандарды екі топқа бөлеміз.
Таныстыру
Салт-дәстүрді білесізбе? Сұрақ- жауап.
Бабалардан қалған асыл сөз. Шешендік сөздер оқылады соның авторын табу
Сөздің көркі –мақал. Берілген сөзге мақал айту
Қорытынды.
Амандасу салтымыз,
Есенбісіз, жалпыңыз.
Бағалыны артына,
Қалдырғаны халқымыз. –деп сайысымызды бастай отырып әділ бағасын беретін әділқазы алқасын сайлайық.
Сайыста қатысушы топтар өздерін таныстырып өтеді.
«Мұрагер» тобы және «Жалғас» тобы
Кітапханашы:
Біздер бұрын көрмеген.
Салт- дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп,
заманымыз өрлеген.
Салт-дәстүрді білесізбе? Сұрақ- жауап.
Қазқта аталып өтетін тойдың түрлерін ата? (Наурыз тойы, Қымызмұрындық, Мизам (сабан тойы), Соғым басы.
«Қонақжайлық» деген сөзді қалай түсінесің? (келген қонақты дұрыс қабақпен қарсы алу, дұрыстап күтіу.)
«Көрімдік» қандай жағыдайда сұралады? (жаңа зат сатып алғанда беріледі)
Балаға байланысты салт-дәстүрлерді біесіз бе? (шілдехана, бесік той,тұсау кесу, сүндет той, тіл ашар)
«Шілдехена» қандай рәсім? (бала дүниеге келгенде жасалатын той)
«Аманат» деген не? (тапсырған нәрсені орындау)
Ерулік дегеніміз не? (жаңадан көшіп келген үйге көршілерінің әкелетін сыйы)
Діни рәсімдерді білесіз бе? (намаз оқу, ораза ұстау,зекет-садақа беру, қажлыққа бару)
Жеті ата дегенді білесіз бе?(бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ат
Қандай ұлттық ойындарды білесің? (бәйге, қыз қуу, асық, тенге алу, алтыбақан, ақ сүйек, аударыспақ)
Атадан қалған асыл сөз. Шешендік сөздер оқылады соның авторын табу.
Үш арыстың үлгілері.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің:
Жаңбыр жаумаса жер жетім.
Басшы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса
Жан мен тәннің шырағы.Төле би:
Аты жаманның арманы кетер,
Баласы жаманның дәрмені кетер. Қазбек би:
Дау мұраты – біту,
Сауда мұраты – ұту,
Қыз мұраты –кету,
Жол мұраты – жету. Сырым шешен.
Алтын ұяң –Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат. Қазбек би:
Бай болсаң
Халқыңа пайдаң тисін
Батыр болсаң
Жауыңа найзаң тисінӘйтеке би:
Кітапханашы:
Хақымыз «Сөздің көркі –мақал»деген. Келесі кезеңде берілген сөзге мақал айту
Үлгі өнеге туралы
Балапан ұяда нені көрсе,
Ұшқанда соны алады.
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Қызды асырай алмаған күң етеді, Ұлды асырай алмаған құл етеді.
Жаман іске ақыл көп керек, Жас адамға үлгі көп керек.
Көп тыңда , аз сөйле.
Тәлім тәрбие тәрбие
Еңкейгенге еңкей, атаңның қара құлы емес.
Мал сақтама, ар сақта.
Ақыл ауыздан, мерей көзден.
Айтылғанның айыбы жоқ, Өзі біліп жапқан соң.
Жарылғанды жау алады, бөлінгенді бөрі алады.
Қорытынды. Сарапшыларымыздың бүгінгі екі топқа берген бағаларын тыңдайық.
Бүгінгі ұрпққа ата бабаларымыз ұлан байтақ жеріміз бен салт дәстүрімізді аманат етіп қалдырды, олай болса сіздерде келер ұрпаққа салт-дәстүрімізді үйретесісіздер.ұлтымыздың ұлы ерекшеліктері ғасырдан ғасырға ұрпақтан ұрпаққа жету керек.
Ақтілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Ең жақсысын халық «Ақ бата» деп қастерлейді.
Сайыс сабағымызды батаменен аяқтайық.
Бата
Түндерің тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын.
Еліңде бірлік болсын ,
Жарасты тірлік болсын! Әумин!
.
«Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат»
Сайыс сабақ