«Сан ?асырлы? арманы-Т?уелсіздік» атты сценарий
«Сан ғасырлық арманы-Тәуелсіздік» атты мерекелік кештің сенарийі.
1-жүргізуші: Қазақстан аян боп әлемге кең,
«Мәңгілік» деген сөзді дәлелдеген.
Әуені әр қазақтың Тәуелсіздік.
Мен бүгін тағзым етіп сәлем берем.
2-жүргізуші: Елін ойлар-Ерім бар мақтанатын,
Ұлы ұрпақ келеді өсіп жаттап атын.
Тәуелсіздік! Елбасы! Қазақстан!
Аттарымен баянды бақ табатын.
1-жүргізуші: Армысыздар, кең байтақ қазақ елі!
2-жүргізуші:Армысыздар, көк байрағын шалқытып,әлем тарихына мөрін басқан
Тәуелсіз Қазақстан!
Бірге: Елдігіміздің тұмары,ерлігіміздің шынары болған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Ендеше осындай ұлы мейрам қарсаңында өткізіліп жатқан «Сан ғасырлық арманы-Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізді Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік-сан буын бабалардың қасиетті жерімізді қорғау үшін төгілетін өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі.
2-жүргізуші:Тәуелсіздік-кешегі батыр бабалар өсиет еткендей Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі.
Құрметті қонақтар,әріптестер бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтарымен
таныстырып өтейік: Басқұншы ауылдық округының әкімі Желтоқсан
оқиғасына қатысушы Батырқұлов Тұрған Бақтыбайұлы бүгін қонақта.
Ән:Шүнетов Айдос пен Оспанбеков Бақыттың орындауында:
«Қазақстаным керемет қой» қабылалыңыздар!
1-жүргізуші:16 желтоқсан-бұл күн өз тағдырымызға өзіміз қонжалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы күн!
2-жүргізуші:Тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан күн!
1-жүргізуші: Бұл күн-Тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан күн!
1-жүргізуші:Бұл күнді-сан дәуірлер өтсе де ұрпағымыз ұлықтап өтетін Ұлағатты күн!
2-жүргізуші:Бұл күн-Алтай мен Атыраудың,Сырдария мен Есілдің арасында еліміздің жылнамасы алтын әріппен жазылған күн!
-88906159500299085010477500
Бейне баян
Алғашқы сөз кезегін кешіміздің қонағы: Басқұншы ауылдық округының әкімі, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Батырқұлов Тұрған Бақтыбайұлына береміз.
Ән:Халық әні «Бел жайлау» орындайтын Жаңагүл Молдахметова
1-жүргізуші:
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнің.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан
Жалтақтап кете барған боздақтарым
Туған елдің Тәуелсіздігі жолында көптеген қазақ жастары атап айтсақ: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжановалар сынды жастар Тәуелсіздің жолында құрбан болды. Біз оларды мақтанышпен еске аламыз.
1-жүргізуші:
Олар қазақтың ес жинап,етек жауып,өз алдында ел, мемлекет болғанын,өзгемен терезесі тең болғанын көкседі, бірақ көрген жоқ. Бірақ олар осы күнді жақындатып кетті, осы күнді бізге сыйлап кетті.
2-жүргізуші:
Олар қазақ үшін қан төкті,жанын берді.Қазақтың баласы ешкімнен көзтүрткі көрмеуін күндіз-түні тіледі.
Бірге: Оларды Отан үшін, Қазақстан үшін апат болғандарды әрдайым есте шығармауымыз керек!
Ән: «Гүлгүлім» орындайтын Жаңагүл Молдахметова
жүргізуші: Тәуелсіздік,тәуелсіздік-жыр-әнім
Ел іргесі берік болсын ұраным.
Тәуелсіздік-өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім-қолдан түспес құралым.
2-жүргізушы: Тәуелсіздік,тәуелсіздік-жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңба,Әнұраным.
Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным-дей келе Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын дей келе
«Сан ғасырлық арманы-Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізді қортындыладық.