Т?рбие са?аты. Та?ырыбы: Т?уелсіздік –?аза?ты? сан ?асырлы? арманы.


Тақырыбы: Тәуелсіздік –қазақтың сан ғасырлық арманы.
Мақсаты:
1) Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу;
2) Көп ұлтты Қазақстанның әрбір азаматын біздің ортақ үйіміз Қазақстанда халықтар арасында достық сенім, келісім және тұрақтылықты сақтауға үлес қосуға тәрбиелеу.
3) Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалды сайыс
Көрнекілігі: еліміздің туы, интерактивті тақта, слайдтар, көрме
Барысы:
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Мұғалім: Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»
Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат.
Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты интеллектуалды сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар сайлап, оларды ортаға шақырайық.
Әділқазы, аққазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйірік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл !
Сайысқа 3 топ қатысады. Ортаға сайыскерлерді шақырып, олардың жақсы жақтарын сипаттап, таныстыру.
І. «Бәйге».
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйірік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз!
Қазақстан туралы 20 сұрақ беріледі, қай топ бірінші қол көтерсе, сол жауап береді. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?
Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
16-желтоқсан қандай күн?
Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
Тудың авторын атаңыз.
Елтаңбаның авторы кім?
Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?
Ұлттық валютаны айтыңыз
Биыл Ата заңға неше жыл?
Қазақстанның мемлекеттік, ресми, халықаралық тілдерін атаңыз
«Желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастарды білесіз бе?
«Желтоқсан оқиғасы» туралы не білесіз?
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
Қазақтың атақты ұлы ақындарын атаңыз.
«Желтоқсан оқиғасы» туралы жазған қандай ақынды білесіз?
Республика күнін айтыңыз
Алматыдағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?
Республикамыз 12 жылда қандай жетістіктерге жетті?
Президенттің халыққа жолдауы туралы не білесіздер?
ІІ. «Тапқырлық» сайысында берілген сөз тіркестерін жалғастырып, мағынасын түсіндіру керек.
топтың тапсырмасы.
Өш алғаннан гөрі... (кешірген жақсы)
Әділ істің ... (арты игі)
топтың тапсырмасы.
Әр адамның құдай... (оның ары)
Жамандық қылсаң пәле күт (бәріне де зауал бар)
топтың тапсырмасы.
Заңның құрығы..... (бәрінен ұзын )
Жазасын тартпайтын... (жамандық болмайды)

ІІІ. «Көкпар»
Сен де болдың мамандықтың иесі,
Не істер едің бұл өмірге жүйелі.
Асыл тастан өнер жастан шығар деп,
Бабам айтқан, баба сөзі киелі.
Бұл сайыста туған жер, Отан, батыр, ерлік туралы мақал-мәтелдерді берілген 2 минутта көп айтқан топ жеңіске жетеді.

ІV. «Тілмар»
Білімдіден шығады алғыр,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырылып шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.
Ер елінде ... жерінде (гүл – цветок - flower)
Ер туған жерінде, .... тоңған жерінде. (ит-собака - dog)
Туған жердің .... да болысады. (тас-камень-stone)
Отаның ..... бесігің. (алтын-золото-gold)
Мұғалім:
Сайыс соңында әділқазылар шешімімен жеңімпаз топ анықталады.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп интеллектуалдық сайысымызды аяқтаймыз.