Тапкыр математиктер 9 сынып


Ә.Жангелдин орта мектебі
Сыныптан тыс
«Тапқыр математиктер»
Интеллектуалды сайыс
Өткізген: Мырзакелен Аян
2015-жыл
Мақсаты: Оқушылардың ой- өрісін кеңейтін, қабілеттерін ерекшелеу, белсенділігін дамыту, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге, жылдамдыққа, ширақтыққа тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Тапқыр математиктер» интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысқа 7-11 сынып оқушылары қатысып отыр. 7,8,9 сынып оқушыларынан құралған Пифагор тобы, 10,11 сынып оқушыларынан құралған Аристотель тобы.
Сайыстың шарты:
1 кезең. (Сөзжұмбақ шешу)
2 кезең. (Сұрақ жауап)
3 кезең. (Терминдер жазу)
4 кезең. (Анаграмма шешу)
5 кезең. (Сөз құрау)
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста,-деп интеллектуалды сайысымызды бастайық.
1 кезең (Сөзжұмбақ шешу)
1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді? (диаметр)
2. Санның 100-ден 1 бөлігі? (пайыз)
3. Құрамында белгісізі бар теңдік? (теңдеу)
4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын қалай атайды? (шеңбер)
5. Ұзындық өлшемі? (метр)
6. Шеңбердің екі нүктесін қосатын қосынды? (хорда)
7. 2 бөлінбейтін сандар? (тақ)
8. Натурал санның мағынасы? (табиғи)
9. Дәлелденбейтін ұғым? (аксиома)
10. Шеңбер бойындағы кез келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді? (радиус)
2 кезең (Сұрақ жауап)
Пифагор тобына
1) 0-мен аяқталатын сан 10-ға бөлінеді (иә)
2) 990-ең үлкен үш таңбалы сан (жоқ)
3) 64 екінің алтыншы дәрежесі (иә)
4) Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы бұрыш синусты береді (жоқ)
5) Кез келген төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең (иә)
6) 7-құрама сан (жоқ)
7) 0-ден кіші сандар оң сандар (жоқ)
8) Квадраттық функцияның графигі парабола (иә)
9) Кесінді тұйықталған ба (иә)
10) 2-1 дәрежесі 22 тең (жоқ)
Аристотель тобына
1) 5-пен аяқталатын сан 10-ға бөлінеді (жоқ)
2) 99-ең кіші екі таңбалы сан (жоқ)
3) 81саны үштің төртінші дәрежесі (иә)
4) sinπ6 өрнегінің мәні √22-ге тең (жоқ)
5) Кез келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең (иә)
6) 37-құрама сан (жоқ)
7) 0-ден кіші сандар теріс сандар (жоқ)
8) Сызықтық функцияның графигі түзу (иә)
9) Сәуленің ұшы бола ма (иә)
10) Тригонометриялық функцияға кері функциялар арккосинус (жоқ)
3 кезең (Терминдер жазу)
А,Б,Т,П,К,Д берілген әріптерден математикалық терминдер жазу
4 кезең (Анаграмма)
И Ц Ү Ш Б Ө
О А Р Ы К Л
Н Б Ұ П Е Ш
А Ы Ж А Й Н
Л Т Ү З Ы Қ
Б Ө Л У С О
Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш
Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз)
5 кезең (Сөз құрау)
Теорема - ар, ор, ер, тер, ел, терме, ем, ерме, тор, тар.
Аралас - ас, лас, ар, сал, рас, ара, сара
Бөлшек - бөшке, бөлке, бөле, өлше, бөл, шек, бел, кел, шөл, кеш, ек, еш, ел, өш.
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділқазылар сіздерге сөз береміз
Жеңімпаз кім болып сарапталды?
Міне, сайысымыздың жеңімпазы анықталды
Білімділігімен, тапқырлығымен
Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы Пифагор тобы болып сарапталды.
Сайысты көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.