Презентация по казахскому литературу Ж. Молда?алиев Ар — ?ят туралы
Сабақ: Қазақ әдебиеті Мектеп: № 158 орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Кетепова Жаухар
Сыныбы: 5 «Б» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Жұбан Молдағалиевтің өмірі туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету. Өлеңнің идеясымен таныстырып, ақын мұратын ұғындыру.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар істей алады:
Халық жүрегінен орын алған ақын Ж. Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, «Ар - ұят туралы» өлеңіне талдау жасап, әдеби - теориялық білімдерін кеңейтіп, мазмұнымен танысады.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
Кейбір оқушылар істей алады:
Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады. Әр түрлі әдістер арқылы белсенділік, көшбасшылық қабілеттері айқындалады. Сыни ойлау дағдылары дамиды.
Тілдік мақсаттар Негізгі сөздер мен тіркестер: ұят, ар, ождан,зор парыз, зор сүндет, адамдық, ғұмырлы болу, құлаққа құю, тулау т.б
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Балалар, бұл өлеңнің авторы кім, жазушының айтпақ ойы не?
Жұбан ақынның басқа қандай өлеңін білесіңдер?
Шығармада не туралы айтылған?
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Менің ойымша, .....
Мен былай толықтырар едім ........
Маған қиын болды.........
Мен орындай алдым .......
Алдыңғы меңгерілген білім Ақынның өмірі мен шығармашылығын біледі. Өлеңдерін талдай алады.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Сабақта орындалатын іс - әрекеттер Ресурстар
І. Ұйымдастыру кезеңі
3 мин Топқа біріктіру
Сәлемдесу. Сынып ішінде түстер үйлесімділігіне байланысты
жағымды атмосфера қалыптастыру. Түстер таңдау арқылы топқа біріктіру.
Сыныпты 3 топқа біріктіру. 1 - топ қызыл «Әдеп» тобы, 2 - топ жасыл «Ақыл» тобы , 3 - топ жасыл «Адамгершілік» тобы.
Сабақ мақсатын анықтау жетістік критерийімен таныстыру.
Түрлі-түсті қағазар қимасы, плакат, желім
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1 мин -Балалар өткен сабақта қай ақынның өмірімен таныстық? Слайд, ақын портреті
5 мин
ІІІ. «Ойлы сұрақ - ұтымды жауап» әдісі
Оқушылардың үйге берілген тапсырма бойынша білімдерін жинақтау мақсатында әр топқа 2 – 3 сұрақтан қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек.
І топ: «Әдеп» тобына
1. Қасым Аманжолов қай жылы қай жерде дүниеге келген?
2. Ол жайлы не білесің?
3 Өлеңді жатқа айтып бере аласың ба?
ІІ топ: «Ақыл» тобына
1. Ақынның «Жамырап күнде жас өмір» өлеңі не туралы?
2. Теңеу дегеніміз не? Өлеңде теңеу сөздер бар ма?
ІІІ топ: «Адамгершілік» тобына
1. «Жамырап» деген сөзді қалай түсінесің?
2.Ақынның туған жерге деген сезімі өлеңнің қандай жолдарынан байқалады? Жұмыс дәптері, маркерлер, интерактивті тақта
ІV. Мағынаны тану
«Ой қозғау»
13 мин
Мен үйге ақын Жұбан Молдағалиевтің өмір жолымен және «Ар - ұят туралы» өлеңімен танысып келіңдер дегенмін. Олай болса, ақын өмірімен таныстық па?
Нені біліп келдік? Нені оқып келдік?
Ақынның бұрын соңды қандай өлеңін білесіңдер?
Жұбанды кім деп айтуға болады екен?
Жұбан - ақын. Жұбан - ірі тұлға. Жұбан - қоғам қайраткері. Жұбан - ел қамын ойлаған адам.
ІV Топтық жұмыс
«Еркін жауап» әдісі
Оқушылар топтаса отырып, түрлі әдістер арқылы Жұбан Молдағалиевтің «Ар - ұят туралы» шығармасын талдайды.
І топ: «РАФТ» стратегиясы Р- Рөл (Шығармадағы кейіпкерлер)
А- Аудитория (Шығарма кімге арналған және қандай оқиғалар суреттелген?)
Ф- Форма (Шығарма формасы қалай берілген және (өлең түрінде ма?) неше бөлімнен тұрады?)
Т- Тақырып ( Шығарма тақырыбы не? Шығармада жазушы кім туралы айтқысы келді?)
ІІ топ: Шығарманы құрылысына қарай талдау «Ар ұят туралы» өлеңін СКТ ( Сатылай кешенді талдау)Шығарманың аты-----------------
Авторы------------------------------------Шығарманың идеясы-------------------------
Шығарманың жанр түрі--------------------------------------
Шығармадағы шумақ саны ----------------------------------------
Шығармадағы тармақ саны----------------------------------------------------
Шығармадағы бунақ саны-----------------------------------------------------
Ұйқас түрі-------------------------------------------------------------------------
ІІІ топ: Ж.Молдағалиевтің «Ар ұят туралы» өлеңінің мазмұнына сай жоспар құрып, мақал мәтелдерді табады. Үлестірмелі парақшалар, плакат, маркер, жұмыс дәптері, интернет материалда
ры
Жұптық жұмыс
10 мин V. «Ойлан, жұптас, талқыла!»
«Зейініңді зерттеп зерделе» 1 - жұп «Мюнстенберг» әдісі
бойынша сөз құрастырады.
Вншарашожданагаемеабыройжао
-татақлдпұятқұнамыс
Тижадаллджылоллдмекпарызқрож
-ігерметлопмектепм
Жұбаншгдщшміндеторнпавкнадан
-рощшжігітмптқариянрпажүрексчяқ
-уатчфыәдепмтрбілімоджэхзщ
Дұрыс жауабы: ар, ождан, абырой, от, атақ, ұят, намыс, адал, жыл, ол, парыз, жігер, мектеп, Жұбан, міндет, надан, жігіт, қария, жүрек, қу,ат, әдеп, білім (23 сөз)
2 - жұп «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі бойынша балалар өздеріне әсер еткен жолдарды жазады және оны не үшін жазғанын дәлелдеп ойын жинақтайды. 5 - сыныпқа арналған әдебиет оқулығы, жұмыс дәптері, маркерлер
Жұмыс дәптері
VІ. Ой толғаныс кезеңі
Жеке жұмыс
5 мин
І топ: Шығармадағы сөздіктердің баламасын табады
ІІ топ:Шығармадағы синоним, омоним, антоним сөздер мен теңеу сөздерді табады
ІІІ топ: Шығармадағы қайталанған сөздер анафора мен эпифораны табады. Анафора – өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану. Эпифора – өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталану.Дайын үлгі жауап арқылы бағалау Жұмыс дәптері
Түсіндірме сөздік
VІІ.Сабақты қорытындылау
5 мин
«Аяқталмаған сөйлем .....» әдісі арқылы интер тақтаға шығармадан үзінділер жазылады балалар өздері аяқтайды.
Адам ол өледі мен десе,.............................
Ұятпен.................өлшенеді,
Ұятпен................өлшенеді.
Ұятсыз кісіде .............................................
Өлгендер өлсін тек ажалдан,.....................
Ар – ұят – кісілік,..................................
Ажалдан әркім ақ бір өлер,......................... Жұмыс дәптері
Үйге тапсырма
1 мин Шығарма жазып келу «Ар - ұят кісіліктің белгісі» Кері байланыс
2 мин Рефлексия «Инсерт» әдісі
Нені ұқтық? Нені білдік? Қандай болу керекпіз?
Стикер, маркер, плакат
Бағалау. Жетістік критерийі. Әр оқушы сабақ кезеңдері бойынша оқу мақсатына жеткенін өздері бағалайды, жұмыс дәптерлерін жинап алып жауаптарын растаймын.
Қосымша ақпарат
Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-ны қолдану
Құндылықтармен байланыс
Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді.
Нәтижені саралау. Ерекше дарынды баланы сабақ басында бағалаушы ретінде тағайындап, баға береді.
Белсенділігі төмен: Егер топ ішінде талқылауға ынтасы жоқ бала болса, ол оқушы суреттер салуға көмектеседі Әр топ өз ішінде ерекше көзге түскендер мен белсенділік танытпағандарды ескере отырып, өздерін бағалау парақшасындағы жетістік критерийлері арқылы бағалайды. Интернет желісі, кітапхана, қазақ тілі пәні.
Топпен жұмыс істеу дағдылары, топ оқушылары арасындағы ынтымақтастық, бірін-бірі тыңдау.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары, оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.