?арлы?аш пен Д?уіт (ертегі)
Тақырыбы: Қарлығаш пен Дәуіт (ертегі).
Мақсаты: Ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.
Сөздік жұмыс: дәуіт, жардың қуысы, амалы таусылып.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қарлығаш, дәуіт, көкек, кыланның суреттері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1.Кіріспе әңгіме Ертегі әуеніне қосылып балалар ән айтады. Есік қағылады. Ішке ертегілер елінен келген Тазша бала кіреді. Балалармен сәлемдеседі. Тазша бала өзімен бірге ертегі, жұмбақтар әкелгенін айтады. Балаларға жүмбақ жасырады.
Тазшаның жұмбағы:
Қонып алып жарға, қарқылдайды ... ( қарға)
Өзі жасыл әрі батыр, ол не? ... (дөуіт)
Өзі қара, бауыры ақ, ол не? ... (қарлығаш)
Тазша бала «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін айтып береді.
2.Дәптермен жүмыс: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін балаларға оқып таныстыру.
- Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?
- Жылан не үшін келді?
- Қарлығаш көмекке кімді шақырды?
- Көкек не деді?
- Қарға ше?
- Дәуіт не істеді?
- Қарлығашқа кім көмектесті?
Ертегіні рөлге бөліп ойнату.
Тыйым сөздер: сурет бойынша сызбамен жаттау.
Құстың ұясын бұзба!
Құстың балапанына тиіспе!
Құсқа тас лақтырма!3.Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,
ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,
Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.
(Қимылмен көрсетеді).
4.Дидактикалық ойын: «ұшты-ұшты».
Ойын шарты: «Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты» деген кезде балалар қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты айтқанда, қолдарын көтермеуі керек.
Тазша балалармен бірге ойнайды. Өз ризашылығын білдіріп, ертегілер еліне қайтады.
Қорытынды:
- Қарлығаш - адамға дос.
- Дәуіт - адал, достарына көмектеседі.
- Қиындықта достарыңа көмектесу керек.