Ашы? саба? ?арлы?аш пен Д?уіт 3 сынып


Сабақ: әдебиеттік оқу Мектеп: Надек орта мектебі
Күні: 24.01.17 Мұғалімнің есімі: М.ТолепбергеноваСынып: 2 «ә» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Қарлығаш пен дәуіт.
Барлық оқушылар:
Ертегі туралы түсініктері кеңіп, ертегі кейіпкерлерін сипаттай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Ертегі бойынша негізгі ойды қорытып әңгімелеп бере алады
Кейбір оқушылар:
Берілген сұраққа толық жауап беруге үйренеді.
Алдыңғы оқу Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Психологиялық көңіл – күйді реттеу.«Көңіл – күй табиғаты» әдісіМақсаты: жағымды эмоция орнату.б) Топқа бөліну.Мақсаты: серіктестік қарым – қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.Оқушылар сурет қималарын құрау арқылы 3 топқа бөлінеді. (қарлығаш, көкек, дәуіт)Қарлығаш, көкек, дәуіт туралы білгендерін жинақтау, сабақ тақырыбын ашу.Жереби тастау арқылы топ мүшелерін сайлайды.КӨШБАСШЫ, БАҚЫЛАУШЫ, ОРЫНДАУШЫ, СУРЕТШІ.(Білу)Бір оқушы үйге берілген ертегіні ойдан жаңғыртуды бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта жалғастырады. Соңына дейін солай жүреді.«Қыз баланың қайырымдылығы»! эссесін оқыту. Ортасы Жаңа сабақ(Түсіну)Қызығушылықты ояту.«Миға шабуыл» Мақсаты: Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару.Оқығанда оқушыларда қандай ой, сезім пайда болғанын анықтау, сонымен бөлісу.Тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;- белсенді әрекетке жұмылдырылады;- ойлау жұмысына ынталандырыладыЖұмбақ:Қонып алып жарға, қарқылдайды...( қарға)Өзі жасыл өрі батыр, ол не?... (дәуіт)Өзі қара, бауыры ақ, ол не?... (қарлығаш)«Араласып кеткен оқиғалар» әдісі арқылы оқыту.Ертегіні үш бөлікке бөліп, топтарға таратып беру керек. Бөлінген бөліктерді дұрыс қою арқылы ертегіні толығымен түсініп оқиды. Әр бөлімге ат қою арқылы жоспар құрады.« Мағынаны тану».Мақсаты:Ертегіні үнтаспадан тыңдату. Әр топқа мазмұнын айтқызу.«АРАШАШЫ» - ҚҰТҚАРУШЫсөздік жұмысТоптық тапсырма«Синкуейн» әдісі бойынша бес жол өлең шығару арқылы ертегі кейіпкерлеріне сипаттама беру.1 - топ. Қарлығашты құрастыру. Мінездеме беру2 - топ. Дәуітті құрастырып мінездеме беру3 - топ. Жыланды құрастыру. Мінездеме беру. Аяқталуы Сергіту сәті.Ой - толғаныс:(Талдау)« Ойлан, жұптас, топ тас» әдісі.-«Бір күні Көкек торға түсіп қалыпты...» деп бастап, ертегіні ары қарай жалғастырыңдар.- Өз ертегілеріңде Қарлығашты қалай бейнелер едіңдер? Мейірімді, кек сақтамайтын, әлде бұрынғы ренішін ұмытпай, Көкектен немесе Қарғадан өшін алатын.Оқушылар топпен ертегіні ары қарай жалғастырады, сыныптастарыңа әңгімелеп береді.Ойқозғау- Ертегідегі нағыз достықты неден көруге болады?- Көкек пен қарғаның мінезіндегі кемшіліктер өмірде кездесе ме?Қорытынды.Өтілген ертегі бойынша кестені толтыру:1. Ертегінің аты2. Басты кейіпкер3. Оқиғаның болған жері4. Жаман кейіпкер5. Тапқыр кейіпкер- Сабақтан алған әсерлерің қандай?- Қандай тапсырма орындаған оңай болды?- Қандай тапсырма қиындық келтірді?Үй тапсырмасыЕртегіні оқу, мазмұны. Дәуіт туралы қосымша мәлімет іздеу Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті
қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған
саралау шараларытиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және
неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?