Ашы? саба?: ?арлы?аш пен д?уіт
№ 37 орта мектеп
«Қарлығаш пен дәуіт»
ертегісі
Жансейтова Лаззат
2015 ж
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің тақырыбы:
«Қарлығаш пен дәуіт ертегісі»
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің мақсаты: Балаларға табиғатты сүюге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Тақпақ - өлеңдер арқылы тілдерін дамыту. Ертегі арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу.
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің барысы:
Психологиялық дайындық:
Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз сізге ақ таңның,
Қуанышын, шаттығын!
Қайырлы күн! Қайырлы күн!
Қуанышты күн бүгін!
Балалар табиғат дегеніміз не?
Бізді қоршаған орта
Табиғатқа нелер жатады?
адам, жер, су, күн, бұлт
тас, жануар, ағаш, гүл т.б.
Балалар, Қазақстанның табиғаты сұлу! Асқар таулары, шалқар көлдері, ну ормандары бар әсем табиғат тек қана біздің елімізге тән!
Балалар, ендеше, атап беріңдерші «Табиғат тіршілігі» дегеніміз не?
Табиғат тіршілік тұнып тұрған
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан
Сен көлсің
Сен ормансың
Сен бұлбұлсың адамды сұлулыққа құнықтырған
Сен жарықсың
Сен жерсің
Сен гүлсің
Сен адамның өмірісің
Сен ауасың
Сен жұлдызсың аспандағы жарқыраған
Сен бақсың жайнаған
Сен шөпсің құлпырған
Сен сусың, сен тіршілік нәрісің
Сен анамсың осы өмірдің бәрін маған сыйлаған.
«Көк көлдің сәулеті, құс пен ақ ердің дәулеті» дегендей қазақ халқы құстарға ерекше мән берген. Өздерінің жақсы көретін адамдарын құстарға теңеп отырған, Әнші, жезтаңдайларын – бұлбұлға, әдемі, сұлу қыздарын – аққуға, Отанын, елін қорғайтын ерлерін – қыранға теңеп отырған. Бүгін біз сендермен құстарға тереңірек тоқталамыз.
1 – бала: Торғай, торғай торғайлар
Жерден тары шоқып ап
Бөтегесі томпайып
Шиқ – шиқ отырмақ.
2 – бала Ала қанат сауысқан
Құртты көрсе жабысқан
Бір томардан томарға
Секең – секең ауысқан.
3 – бала Кезек- кезек шөп әкеліп
Ұлпа жүнді көп әкеліп
Таңдап алып қия жарды
Қарлығаштар ұя салды.
4-бала Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасаң болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
5-бала Мен қарғамын қап-қара,
Мендей қара тақта да.
Аузым толы ірімшік,
Балақай көп мақтама.
Ой, бәрекелді құстарды, табиғатты жақсы көреді екенсіңдер. Ал, енді біз «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін тамашалап көрейік.
Топпен жұмыс:
1-топ: Ертегіні мазмұндау.
2-топ: Ертегі кейіпкерлерін сипаттау.
3-топ: Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.
Көрініс: «Табиғатты аялайық»
Сергіту сәті
Қорытынды:
«Тыйым сөздер»
Балаларға сұрақтар қойып, мадақтап, алғыс білдіру.