Авторлы? шы?арма: жас географтар ?ні 
                         Жас  географтар   әні 
                            ( “Еркем-ай”әнімен)
1.“География” - грек  сөзі:
    Жер  туралы  ғылым  ол.
    Жер  шарында  жасайсын,
   Сондықтан ән мен  жырың ол.(2рет)                   
2.Алты  жыл  бойы  мектепте –
   Географияны  оқисын.                                 
  Табиғаттың  заңдарын –                                     
  Зердеңе  сонан  тоқисын. (2рет)                                                                                       
3.Неге  қыс – жаз  болады,
   Неге  гүлдер  солады?
  Іздеген  жан  жауабын –
  Географиядан  табады.(2рет)                                
4.Адасқанда  алдыңнан –
   Жол  көрсетер  -  география.                                    
   Зерттеген  жанға  жұмбағы  көп –                                   
   Сарқылмайтын  дария. (2рет)                                  
5.Қандай  тау  бар,  қай  жерде?
   Байлық  қайдан  шығады?
   Оқыған  жан  бұл  пәнді – 
   Бәрінің  сырын  ұғады. (2рет) 
   Қсы: Білім,  білім,  білім – ай,
             Білім  жолы  қиын – ай.
             Ерте  кезде  болыпты  -                                                                                              
             Бұл  пәнге  көп  тиым-ай(2рет)                                                                                                                        
                                                                              Рудный  қаласы , №19-мектептің  география  мұғалімі: Қалжанова. Сара. Срайловна.                                                                                                       
6.”Жер айналады,”  дегенде 
     Коперникті  жағыпты.     
     Дінге  қарсы  шықтың,  деп:
     Айып  оған  тағыпты.
7. Эратосфен,  Птоломей
    Алғаш  карта  жасапты.
    Экспедицияға  шығыпты,
    Колумб  бастап  жасақты.
8.Жердің  жүзін  айналып, 
  “Домалақ”,  депті  Магеллан.
   Бастағы  жерге  қайтып кеп-
   Қалыпты  оған  өзі  таң.
9.Сонан  бері  ғылым  боп,
   Жинақталды  география.
   Ал,  жер  шары – адамға –
   Болды  пана  әрі  ұя. (2рет)
Қ-сы: Білім,білім,  білім-ай,
            Білім  жолы  қиын-ай.
            Барын  берген  адамға-
            Жер  анаға  сиын-ай. (2рет)
            Білім,  білім,  білім-ай,
             Білім  жолы  қиын-ай.
             Кім  көп  білер  бұл  пәнді-
             Анық  болар  бүгін – ай. (2рет)