?дебиеттік о?у ?ожанасыр мен Аш?ара? 2 сынып


Пәні : Әдебиеттік  оқу .    Ашық сабақ                            
Сабақтың тақырыбы: Аңыздар.    Қожанасыр мен ашқарақ
Сабақтың мақсаты: 1.  Аңыз туралы түсінік беру, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға,                                Аңыздардың мазмұнын салыстыру . Негізгі ойды анықтату  мазмұнын айта білуге дағдыландыру
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:  Оқу құралдары, кестелер, суреттер, слайдтар
  Сабақтың барысыҰйымдастыру кезеңі:
б) Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Әңгімені оқыту 
ә)  Мазмұнын айтқызу ,рөлге бөліп диалог жүргізу.
б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III.  Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
 Сұрақтарға  жауап  алу. (Крассворд шешу) Тігінен «Аңыздар» деген сөз шығады
 Қазақтың ұлы ақыны
«Уф» десе ұшасың,«Суф» десе қонасың – деген өлең жолдары қай кейіпкерге қатысты     айтылған?
Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан ұстаз
Шоқан Уалиханов туралы жазылған әңгіме қалай айтылады?
Жиғанымыз дән,Айналамыз толған ән – деген кейіпкерді атаЖұмыртқадай жұқа басын жарып, жан тапсырған ертегі кейіпкері«Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көкке шүйірген.» не?
– Ертегілер неше топқа бөлінеді? (3 ке)  (жануарлар туралы, қиял – ғажайып, шыншыл    ертегілерімен таныстық)
9.- Төрт түлік туралы қандай жырлар оқыдыңдар? (Сиыр, Торы құлын, Қой, Түйе)
10.- Атадан қалған асыл мұра бойынша біз қандай әлеммен  таныстық? (ертегілер әлемі)
11.- Атадан қалған асыл мұраның келесі саласы аңыздар мен танысамыз.
Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың  мақсаты– аңыз туралы түсінік алу, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға мазмұнын айта білуге дағдылану
ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Балалар аңыз деген не екенін түсіну үшін, қазір екі бала қолымдағы қағазда жазылған әңгімені оқиды. Сендер мұқият тыңдаңдар. Сосын аңыз деген не екенін білетін боламыз (Тақтаға екі баланы шығарып біреуі ертегі оқиды, екіншісі аңыз оқиды).
Қайсысы аңыз екен?
Сендер бірінші сыныпта Қожанасыр туралы оқығансыңдар, қане кім қожанасыр туралы біледі? (Балалар «Қожанасырдың тойға баруы» аңызын айтып береді)
Қожа қаңдай адам болған деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалынады)
Олай болса мен  сендерге  Қожанасыр жайлы қысқаша  мәлімет  берейін.
1 слайд (Қожанасырдың суреті және қысқаша мәлімет беру.)
Сондай аңыз  әңгімелердің бірі « Қожанасыр мен ашқарақ» аңызымен  танысамыз.
Оқулықпен жұмыс :
Мәтінді түсініп оқу, талдау.
Сұрақтарға жауап алу.(суретпен жұмыс)
– Мәтінге сүйеніп, суреттен кімдерді көріп тұрғандарыныңды айт.
– Қонақтың қалтасына шай құйып отырған кім деп ойлайсың? Неліктен?
– Ашқарақ не себептен өз-өзін қонақта дұрыс ұстамады?
– Мәтін неге аңызға жатады деп ойлайсың?
Рөлге бөліп ойнатуСергіту сәті. 
Дәптермен жұмыс:
Жақсы балалар, олай болса, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, аңыздың түсініктемесін жазып алсақ деймін. 
Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
Балалар енді біз сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді көреміз.Мынау құпия суреттерді ашып суретін көріп оқуымыз керек,ол үшін топтық тапсырмаларды  орындаймыз (ауызша ).
1.Қожағанасырға  сипаттама беріндер.
2.Ашқараққа  мінездеме  беріндер.
3.Аңыз деген не?
4.Бұл аңызды өз ойларымен қалай  жалғастырар едіңдер.
-Балалар Қожанасырдың қандай үйде тұрғанын білгілерің келе ме?
- Ендеше мына қима суреттерді дұрыс қойсаңдар Қожанасырдың үйі шығады (Киіз үй құрады)
(Киіз үйдің әр бөлігінде сөздер жазылған) -Мына сөздерді оқиық
«Қонақ туралы не білеміз»
Иа, қонақ туралы біз не білеміз (Балалар ауызша ойларын айтады)
Топтық жұмыс
1-топ «Қонақ күту» ережесін құру
2-топ «Қонақта өзіңді қалай ұстайсың» сол туралы ереже құру
 3-топ «Келген қонақты қалай қарсы аласың» сол туралы ойыңды жазҚорытынды.
– Сабақта не жайлы әңгімеледік?
Мақал – мәтелдер : (слайд 3)
Әдептілік , ар-ұят,
Адамдықтың белгісі .Есіктен орын тапсаң төрге озбаЖат үйінде жатық бол
!   Білемін : (Қожанасыр туралы әңгімелерді)
?! Нені  білдім : (Аңыз туралы)
!! Таңқалдым : (Қожанасырдың шынымен өмірде болғанына)
?   Білгім келеді : (Бұдан да қызықты аңыздар)
Оқушының «білгім келеді»деген  тапсырманы келесі сабақта  талқыланады.
Тілек  ағашына өз тілектерін жазады.
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды смайлик арқылы бағаланады: 3смайлик-5, 2смайлик-4
VIII. Үйге тапсырма беру: Аңызды оқып мазмұндап келу.
 «Қонаққа бару» деген тақырыпта  оқушылар тақырыпты таңдап алып әңгіме құрап жазып келеді.