?дебиеттік о?у 2 — сынып ?ожанасыр мен аш?ара?
Әдебиеттік оқу 2 – сынып 23.10.2015
Сабақтың тақырыбы Қожанасыр мен ашқарақ
Жалпы мақсаты Аңыздың не екенін ұғындыру, аңыздың мазмұнын түсіндіру. Аңыздың не екенін ұғындыру. Аңыздардың мазмұнын салыстыру. Негізгі ойды анықтату
Оқу нәтижелері Аңыздың не екенін ұғынып, ажырата алады
Қожанасыр туралы, қонақ туралы мәліметтер алады
Мәтінің негізгі ойын ажырата алады
Әдістер Ойын, топтық жұмыс, ой қорыту, сынып ішін аралау, сиқырлы конверт, рефлексия, «Күн шұғыласы»
Көрнекілігі Оқулық, тақырыпқа байланысты суреттер, А4,3 форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер, сөзжұмбақ, кесте, слайд
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру
Психология -лық дайындық
Мұғалім ----------Балалар (хормен)Әрбір адам? -Туысым, досым, жұрағат.Әрбір сабақ? ---Үйрену, ұғу, ұлағат.Әрбір ісің? ----Тірлік, тірек, адамдық.Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
Оқушылар барлығы орындарынан тұрып, өлеңді хормен айтады. .
«Капитан» ойыны
Топқа бөлу Оқушылар қане, бәріміз шеңберге тұрып ойын ойнайық. Ойынның шарты:
Капитан - 2 адам болып бірігеді
Түскі ас - 3 адам болып бірігеді
Бақылаушы - 4 адам болып бірігеді Оқушылар ойынға белсенді, көңілді қатысады.
Әрқайсысы орындықтарының артында жапсырылған стикерлердің түсіне қарай топқа бөлінеді Смайликтер Стикер
Слайд
«Қайталау – білім анасы» І топ: - «Атадан қалған асыл мұра» бөлімінде халық ауыз әдебиетінің қандай жанрымен таныстыңдар? ІІ топ: - Халық ауыз әдебиетінің – ертегілер жанры туралы нені білдіңдер? Қандай ертегілер оқыдыңдар?
ІІІ топ: - Халық ауыз әдебиетінің бір түрі – төрт түлік туралы жырлар. Бұл бөлімде не үйрендіңіздер? Оқушылар топ болып ақылдасады.
Өткен сабақтарын естеріне түсіреді.
Постерге жазады.
Топтан бір оқушы шығып қорғайды Қол шапалақтау Плакат
Түрлі түсті
маркерлер
слайд
Ой қорыту
Сөзжұмбақ шешу Жақсы әр топтың осы бөлім туралы ойларын тыңдадық. Енді қыркүйектен бері әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдерімізді жалпылама түрде қорытып өтсек. Олай болса, тақтаға назар аударамыз.
А Б А Й Қ А Ң Б А Қ Ы Б Ы Р А Й З Е Р Е К Т
Балалар тақтаға шығып, сөзжұмбақты толтырады.
Мадақтау
Плакат түрлі түсті маркерлер
Мағынаны тану - Осы сөзжұмбақты шешкенде, тігінен қандай сөз шықты? - Дұрыс аңыздар - Ал, балалар аңыз деген сөзді кім қалай түсінеді екен? (оқушылардың ойларын тыңдау) - Өте жақсы, олай болса бүгін біздер қазақ әдебиетінің ауызша жеткен халық шығармаларының бір түрі аңызбен танысамыз. Олай болса экранға назар аударамыз (аңыз туралы электронды оқулықтан көрсету)
Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады.
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.
- Жақсы балалар, аңыз туралы көптеген мәліметтермен таныстық, енді осы аңызға айналған тағы бір тұлғамен танысу үшін оқулығымыздағы № 2 –тапсырманы қараймыз. (Берілгенін бір оқушыға оқыту) - Жақсы, балалар , енді барлығымыз экранға назар аударайық. (экраннан аңызды көрсету)
- Міне, балалар аңызды тыңдадық. Аңыз кім туралы екен?
Қожанасыр туралы мәлімет беру
Оқушылар электрондық оқулықтан аңыз туралы мәліметтермен танысады.
Қожанасыр туралы мәтінмен танысады Мадақтау Оқулық
Электрон ды оқулық
Үнтаспа
Слайд
«Сынып ішін аралау» аңызбен танысу - Енді осы аңыз, жалпы мәтін 3 бөлімнен тұрады. 1- бөлім Кіріспе бөлімі. Қожанасырдың тойда болуы. 2- бөлім Негізгі бөлім. Қожанасырдың тойдағы қылығы. 3- бөлім Қорытынды бөлімі . Қожанасырдың ашқарақтың әрекетіне берген жауабы.
Әр топ өздеріне берілген бөлімдерін оқиды, талдайды, ой қорытады
Топтан бір оқушы шығып түсінгенін айтады. Қол шапалақтау
А4 қағаздар
Слайд
қылқалам
«Сиқырлы конверт» суретпен жұмыс 3 топқа ішінде әр түрлі суреттері бар конверттер таратылады. Тақтада тұрған бос ватман қағазға «Қонақта» тақырыбына қатысты суреттерді жапсырып шығуы керек. Топ болып ақылдасады. Тиісті суреттерді тауып, тақтаға жапсырады Мадақтау плакат суреттер
конверт слайд
Сергіту сәті - Өте жақсы балалар, барлығымыз қонаққа барып, көңіл көтергенді жақсы көреміз. Той мерекелерге барғанда не істейміз? - Билейміз. - Дұрыс балалар, би адамның көңілін көтеріп, денсаулыққа едәуір пайдасын тигізеді. Көп билеп, қимылдаған адам артық салмақ қоспай, әдемі, сымбатты болып өседі екен. - Олай болса, бәріміз билеп бой сергітіп алсақ деймін.
Оқушылар орындарынан тұрып, қимылды бірге жасайды Мадақтау Слайд колонка
«Болжау» кестесі Қожанасыр мен ашқарақтың әрекеттері дұрыс па?
Сенің ойыңша Дәлелің қандай? Не болды?
Топ болып ақылдасып, кестені толтырады Қол шапалақтау А3 қағаз кесте маркерлер
Рефлексия
«Күн шұғыласы» ойыны Бүгінгі сабақта не білдік?
Нені үйрендіңдер? Бүгінгі сабақта не туралы білді? не қызықты болды? Не ұнамады? Мадақтау Күн суреттері плакат
Үйге тапсырма Аңызды әңгімелеу, аңыздың суретін салу Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Оқулық күнделік
Бағалау. Формативті бағалау,Оқушыларды мадақтау бағалау