Ашы? саба?: ?ожанасыр мен аш?ара?


Мұнайлы ауданы
№6 жалпы білім беру орта мектебі

1218222391300
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Қожанасыр мен ашқарақ»
Уақыты: 24.10.2016ж.
Сыныбы: 2 «Ә»
Өткізген: Кабакова Зоя


2016/2017 оқу жылы
Пәні: әдебиеттік оқу Күні: 24.10.16ж 2 «Ә» сынып Мұғалімі: Кабакова З
Сабақтың тақырыбы Қожанасыр мен ашқарақ
Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің үлгісі, жанры-аңызбен таныстыра отырып , қомағайлық, тойымсыздықтың ұятқа қалдырып, азапқа түсіретінін, қанағатшыл, байсалдылық бақытқа жеткізетінін түсіндіру. 2. Аңызды дұрыс түсініп, түсінгенін баяндай білуге баулу. 3. Топтық жұмысқа, шығармашылыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтиже Алға қойған мақсатқа жете алатын оқушы тәрбиелеу. Әр оқушы өз білім деңгейін, іскерлігін дамытады. Оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттері шыңдалады.
Негізгі дерек сөздер құрал-жабдықтар Оқулық, интербелсенді тақта, смайликтер, А-4 форматтағы парақтар, стикерлер, дәптер, т.б.
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру а) Психологиялық дайындық.
ә) Үй тапсырмасын тексеру: «Төрт түліктің кеңесі»
б) Оқушыларды топтарға бөледі. Бағалау түрімен таныстырады. Оқушылар «Атадан қалған асыл мұра тобы», «Ертегілер», «Төрт түлік туралы жырлар», «Аңыздар» топтарына бөлінеді.
Тұсаукесер 1-тапсырма
Сөзжұмбақ арқылы сабақтың тақырыбын ашады. 1.Қазақтың ұлы ақыны (Абай).
2.«Уф» десе ұшасың, «суф» десе қонасың – деген өлең жолдары қай кейіпкерге қатысты айтылған? (Қаңбақ).
3.Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан ұстаз (Ыбырай).
4.Шоқан Уалханов туралы жазылған әңгіме қалай айтылады? (Зеректік)
Мағынаны тану Жаңа сабақ
Аңыз халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Аңыздарда тарихта болған адамдардың іс- әрекетіне байланысты оқиғалар әңгімеленеді.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
«Ойлан, бірік, талқыла» әдісі
1-топ:  Кейіпкерледі ата және суретін сал.
2-топ: Ашқарақтың іс –әрекетін туралы не дер едің?
3-топ: Қожанасырдың іс–әрекетітуралы  не дер едің?
4-топ:  Сен ашқарақтың орнында болсаң не істер едің? Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды.
Шығармашылық жұмыс Топтық жұмыс
1- топ: «Қонаққа бару»
2-топ: «Қонақта»
3-топ: «Қонақ күту»
4-топ: «Сахналау» Топтық тапсырмаларды орындайды.
Ой толғаныс Болжау кестесі
Қожанасыр мен ашқарақтың әрекеті дұрыс па?
Сенің ойыңша? Дәлелің қандай? Не болды?
Оқушылар топ болып кестені толтырады.
Үй тапсырма Аңызды әңгімелеу, мазмұны бойынша сурет салу. Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау Әр топтың смайликтерін санау арқылы бағалау. Кері байланыс