Саба?ты? та?ырыбы: ?ожанасыр мен Алдарк?се


Әдебиеттік оқу 2- сынып
Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр мен Алдаркөсе
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың аңыз туралы, Қожанасыр туралы алған білімдерін дамыта отырып, мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ ауыз әдебиетіндегі тағы бір аңыз кейіпкері Алдар көсемен таныстыру. 2. Оқушылардың ойлауы мен сөздік қорларын молайту,аңыздың мазмұнын айта отырып, өз ойларын қосуға, пікір айтуға дағдыландыру.Оқу жылдамдықтарын арттыру ,пәнге қызығушылықтарын ояту.3. Өмірде адам бойында кездесетін жаман әдеттерден аулақ болу, өтірік айтпау, адамдарды алдамау сияқты жақсы қасиеттерді бойларына сіңіру.Көрнекіліктер: сөзжұмбақ, оқулықтың 61 - бетіндегі суреттер,слайдтар, мультфильм,интербелсенді тақта,таратпа қағаздар.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Әдісі: сұрақ жауап, сурет бойынша әңгіме, проблемалық жағдаятты шешуСабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі1. Үй тапсырмасын тексеру- Қожанасыр мен Ашқарақ әңгімесі бойынша түсінгенін сұрау.- Өмірде болған адам басына құралған әңгіме қалай аталады?
2. Үй тапсырмасын қорытындылау Сөзжұмбақ Күз мезгілінде пісетін дәнді дақылдар туралы жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Б А Қ Ш А
А Л М А Б И Д А Й А Н А Р Қ А Р Б Ы З
ІІ. Жаңа сабақ
Біз бүгін сендермен тағыда бір аңыз әңгімемен танысамыз. Аудиотаспа тыңдату Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс

Мына сурет қай аңызға қатысты?
1.Аңыз кейіпкерлерін ата? 2.Екі кейіпкерге қандай қасиеттер тән екен?
Алдайды кедейге көмектеседі
Алдайды күлкілі


Екеуі де тапқырОқушылардың мәтінді тізбектей оқуы ,мәтін соңындағы сұрақтарға жауап алу арқылы шығармашылық тапсырма орындату.
ІV. Сергіту сәті Оқушыларға интербелсенді тақтадан Алдаркөсе мультфильмін көрсету.
V. Дәптермен жұмыс
Су бергеннің сауабы бар,Су төккеннің жауабы бар.
Су - ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
VІ. Сабақты бекіту
Семантикалық карта
тапсырма
жауап
Аңқау арыстан Ұр,тоқпақ Қожанасыр мен ашқарақ Қожанасыр мен Алдаркөсе
Ертегі мақал аңыз жұмбақ VІІ. Үйге тапсырмаМәтінді мазмұндап келуге дайындалып келу. Алдар Көсе мен Қожанасыр туралы қосымша мағлұмат жинау.VІІІ. Бағалау