?аза?станым, са?ан арналады облысты? ?здік т?рбие са?аттар бай?ауы


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№24 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Ермекова Роза Кырыкмылтыковна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстаным, саған арналады!
Тәуелсіздіктің 24 жылдығына арналған облыстық үздік тәрбие сағаттар байқауы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Тәрбиелік : Тәуелсіздікті қадірлеуге, елін шексіз сүюге үйрету, Қазақстан мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіндіре отырып болашақ ел тізгінін ұстар саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ой-өрісін, танымдық, ізденімпаздық , шығармашылық қабілетін дамыту, Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту
Білімділігі: Оқушыларды еліміз тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру. 
Тәрбие бағыты: Азаматтық-патриоттық тәрбие
Сабақ көрнекілігі: Prezi және Power Point бағдарламасы бойынша дайындалған презентация, көк жалаушалар мен әдемі шарлар, стикерлер, қажетті жазу құралдары
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі арқылы кері байланыс жасауСабақтың түрі: сабақ болашаққа саяхат түрінде өтеді
І бөлім: Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, танысу. Оқушыларды суреттерді таңдату арқылы екі топқа бөліп отырғызу.
Топ атаулары: «Қазақ елі», «Мәңгілік ел»
Топтардың алдында сабаққа қажетті маркерлер, стикерлер, көк жалаушалар орналасқан.
ІІ бөлім: Сабақтың барысы:
-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан тәуелсіздігіне қанша жыл болды?
-Ендеше Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінеміз
«Тәуелсіздік» сөзіне топтастыру жасау / оқушылардан сұрау/
-Өз топтарымыздың атынан нені аңғардық?
Слайдпен мемлекеттік рәміздер бейнеленген суреттерді көрсетіп қою
-Балалар, көк туда бейнеленген қандай құс? Құстай биікте ұшқыларың келе ме? (иә)
-Олай болса, құстардың бізден айырмашылығы қандай? (олар қанатымен ұшады)
-Бізде қанат бар ма? (жоқ)
-Бізде де қанат бар, ол - біздің арманымыз. Құстар алыс жақтарға қанатымен ұшып жетсе, біз арманымызбен талай жерлерді шарлай аламыз. Олай болса, бүгін біздер құстай самғай ұшып болашаққа саяхат жасаймыз.
1-тапсырмадан соң Қазақстан-2015 жылдан тарих кітабымен бірге ұшып өту
Мұғалім сөзі: Ата-бабаларымыз тәуелсіздікті үш ғасырға жуық уақыт бойы армандап кеткен. Тәуелсіздікке жету үшін халқымыздың басынан талай қиындықтар өтті. Енді осы тәуелсіздік бізге қалай келді, тәуелсіздігімізді алғанға дейінгі кезеңді  бір сәт үзінділермен еске түсіре кетейік.
Тарих қойнауынан бейне-жазба
/топтағы оқушылардан бейне-жазба көңіл-күйлеріне қалай әсер еткендігін сұрау/
-Желтоқсан оқиғасы не себептен болды, қалай болды?
-Желтоқсан оқиғасына кімдер қатысты, олар туралы қандай шығармалар оқыдыңдар?
Мұғалім сөзі: Тәуелсіздіктің түп-тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген - әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. 26 жыл бойы республиканы үздіксіз басқарып келген Д. А. Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. Бұл не масқара, халықпен неге санаспайды, ең болмаса, өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды? - деп қазақ жастары алаңға шықты. Жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбітшілік пен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
«Бірлігіміз жарасқан-Тәуелсіз Қазақстан» бейне-жазба
Мұғалім сөзі: Бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16-ыншы желтоқсанында өз егемендігін жер-жаҺанға жария етті. Тәуелсіздік таңы атып, еліміздің қанаты жайылды, төбемізде көк байрағымыз желбіреп, өз Елтаңбамыз төрімізден орын алды. Қазақ халқы достық құшағын кеңге ашқан ұлыстардың отаны болды. Көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орната білуіміз елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы деп білеміз.
/топтағы оқушылардың бейне-жазбадан алған әсерлерімен бөлісу/
І тапсырма «Тәуелсіздік шежіресі» айдарының сұрақтарын тақтаға шығарып отыру
1-топқа
1.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?1986 жылы  16 желтоқсан2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?1991 жылы 16желтоқсан3.Ұлттық валютамыз - төл теңге қашан айналымға енді?1993жылы 15 қараша4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата? Ту, Елтаңба, Гимн
5.Қазақстан Республикасы туының  авторы кім? Шәкен Ниязбеков6. Қазақстан Республикасы Гимнінің  авторы?Сөзі: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов . Әні: Ш.Қалдаяқов
2-топқа
7. Елордамыз Астана қаласы болып қай жылы аталды? 1997ж 10 желтоқсан8. Қазақ ғарышкерлерін ата? Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мусабаев, Айдын Айымбетов9. Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында тұр? 9-орында10. Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні қашан тойланады? 1 желтоқсан
11. Қазақтың үш биін ата? Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.12. Мұнайлы өлкелерді ата? Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе
2-тапсырмадан соң Қазақстан 2017 жылдан қазақ тілі кітабымен бірге ұшып өту
3-тапсырма «Қазақстан балдырғандар көзімен» айдары бойынша постер қорғау, түйін сөз айту
1-топқа Қазақстан-бүгін
2-топқа Қазақстан-болашақта
3-тапсырмадан соң Қазақстан 2030 жылдан салт-дәстүр кітабымен бірге ұшып өту
4-тапсырма
1-топқа: Тәуелсіз Қазақстанға тілек арнау
2-топқа: Елбасы-Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс хат жазу
4- тапсырма орындалған кезде Мәңгілік ел 2050 жылға Қазақстан картасымен бірге келу. Оқушылардың әр асуларды бағындыра отырып жеткен жетістіктерін сұрау, суреттер туралы идеясын сұрай отырып түйін жасау.
ІІІ бөлім Қорытынды
Мұғалімнің түйін сөзі:
- Бұл күнде көгінде көк байрағы шалқыған Қазақстан - өз өміріне түбегейлі мақсат қойған, кең дүниені ерлікпен қорғаған, қырандай күшті, қанатты қазақ деген халықтың құт дарыған қара шаңырағы!
Алда әлі ұзақ жол,үлкен асулар бар. Сол асуларды бағындыру үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек.
Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінгімізді ертеңге жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
Хор: Атамекен
/Дөңгелене жиналған оқушылар қолына көк ту ұстап , көгілдір шарларға мерекелік тілектерді байлап ұшырады /
1-оқушы
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге оны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік- Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Келді осылай аңсаған күніміз де
Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге.
Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан,
Қасиетті тіліміз бен дініміз де.
2-оқушы
Тәуелсіз елді жырлап ғарыштанҚазағыммен бүкіл әлем танысқанКелешегі кең өрісті кемелдіЖайна мәңгі Қазақстан - Гүлстан!Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерінКөрсең ашық Алатаудың күндерінЖерінде гүл, көгінде күн бір жүзгенҰлан -байтақ Республикам бұл менің!
1-оқушыШарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағағыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға әлем кезіп,Әнұраным,
Қалықта елтаңбасы-шаңырағым.
Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,
Аспандат атам қазақ Аруағын
2-оқушы
Тойланып мың мереке ұлыс күні
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры
Халқымның бақыты үшін аз байлық па
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы
Тәуелсіздік бұл менің парасатым
Күншілмен де тіл тауып, жарасатын
Қорғайтын елдігіңді ерлігімен Қазақтың шығаратын Алаш атын!