Конспект урока по казахскому языку М.Ма?ауин «Бір атаны? балалары»


Кіріспе сөз
Сараптамалық технология сабағы әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттейді. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятынан алынған үзіндідегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы оқушылардың білімін тереңдете түседі. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттері дамып, еркін ойлау және еркін сөйлей білуі артып, өздігінше жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушылар әдебиетшілер және тарихшылар тобы болып бөлініп, зерттеу жұмысын жүргізеді.
Сараптама жасау жұмыстары: зерттеу, зерделеу, түйіндеу және осы жұмыстардың нәтижесінде әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін табудан құрылған.
І Зерттеу
Жұмыс түрі: топтық жұмыс (тарихшылар мен әдебиетшілер топтары)
1. Тарихшылар тобы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен алынған үзіндідегі тарихи кезең сипатын анықтайды.
Әдебиетшілер тобы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятынан алынған үзіндінің мазмұнына талдау жасайды, тақырыбы мен идеясын ашады.
ІІ Зерделеу
1. Жұмыс түрі: топтық жұмыс
1. Тарихшылар тобы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен алынған үзіндідегі тарихи кезең туралы жинаған мәліметтерімен таныстырады.
Әдебиетшілер тобы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты туралы әдеби дәйектерімен таныстырады.
ІІІ Түйіндеу
Жұмыс түрі: ұжымдық жұмыс
1. Оқушылар Зерттеу, Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша қорытынды жасайды, ой тұжырымтайды, белгілі бір түйін жасайды.
2. Әдебиетшілер мен тарихшылар топтары өз жұмыстарының нәтижесін кестеге түсіреді.
Оқушылар мұғалімнің көмегіне сүйене отырып, өздері орындаған жұмыстардың нәтижесінде әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін табады.

Әдебиет 6-сынып
Сабақтың тақырыбы:
М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятындағы ауыл өмірінің шындығы
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік : М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятынан алынған үзіндідегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы оқушылардың білімін тереңдете түсу.
2. Дамытушылық : оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, еркін ойлау және еркін сөйлей білу қабілеттерін арттыру, өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: туған тілін, елін, жерін, халқын, тарихын сүюге, жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сараптама жасау сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілі: зерттеу, зерделеу, түйіндеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, өзін- өзі тану
Сабақтың көрнекілігі: М.Мағауиннің шығармалар жинағы, интерактивті тақтамен жұмыс: слайд, кестелер, сызбалар
Сараптама жасалатын тақырып: Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты.
Сараптама мақсаты: «Бір атаның балалары» хикаятын зерттеу арқылы әдебиет пен тарихтың үндестігін табу.
Сабақ барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу
2.Сабақ мақсатымен таныстыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Мұхтар Мағауин
Өмірі мен шығармашылығы
Мұхтар Мағауин баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдар ішінде негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды ("Қобыз сарыны" монографиясы). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Негізгі шығармалары да осы жанрда.
Мұхтар Мағауин көптеген әңгімелердің, "Тазының өлімі" (1969), "Бір атаның балалары" (1973), "Көкбалақ" (1978), "Жүйріктің тағдыры" (1979), "Шақан-Шері" (1984) т.б повестерінің, "Көк мұнар" романы (1971) мен "Аласапыран" роман-диологиясының (1980-1982) авторы. Жазушының негізгі шығармалары орыс тіліне аударылған; СССР халықтары мен шет ел тілдерінде басылған. (Мұғалім Мұхтар Мағауин туралы слайдты пайдаланды)
Ескерту: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинау, оны кестеге түсіру алдын-ала тапсырылды.
Оқушылар жазушы өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындаған кестесі бойынша жазушының өмірі, шығармашылық жолы, әдеби туындылары әңгімелейді, бірін-бірі толықтырады:
Мұхтар Мағауин – аса көрнекті жазушы, белгілі әдебиет зерттеушісі, ғалым.
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, бүгінгі қазақ әдебиетінің көшбасшыларының бірі.
Реті Өмірі мен шығармашылық жолы Шығармалары
Сараптама жасау жұмыстары:
І Зерттеу
Жұмыс түрі: топтық жұмыс (тарихшылар мен әдебиетшілер топтары)
1. Тарихшылар тобы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен алынған үзіндідегі тарихи кезең сипатын анықтайды.
Әдебиетшілер тобы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятынан алынған үзіндінің мазмұнына талдау жасайды, тақырыбы мен идеясын ашады.
2. Жұмыс түрі: ұжымдық жұмыс.
Әдебиетшілер мен тарихшылар топтары өз жұмыстарының нәтижесін кестеге түсіреді.
ІІ Зерделеу
1. Жұмыс түрі: топтық жұмыс
1. Тарихшылар тобы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен алынған үзіндідегі тарихи кезең туралы жинаған мәліметтерімен таныстырады.
Әдебиетшілер тобы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты туралы әдеби дәйектерімен таныстырады.
2. Жұмыс түрі: ұжымдық жұмыс
Әдебиетшілер мен тарихшылар топтары өз жұмыстарының нәтижесін кестеге түсіреді.
ІІІ Түйіндеу
Жұмыс түрі: ұжымдық жұмыс
1. Оқушылар Зерттеу, Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша қорытынды жасайды, ой тұжырымтайды, белгілі бір түйін жасайды.
2. Әдебиетшілер мен тарихшылар топтары өз жұмыстарының нәтижесін кестеге түсіреді.
ІV Сабақты қорытындылау.
Оқушылар мұғалімнің көмегіне сүйене отырып, өздері орындаған жұмыстардың нәтижесінде әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін табады.
V Үйге тапсырма:
Шығармашылық жұмыс:
Әңгіме желісіне байланысты өздеріне ұнаған, әсер еткен оқиға бойынша сурет салу;
Ойтолғау, эссе жазу;
Шығарма жазу.
І Сараптамалық жұмыстар нәтижелерінің кестелері:
І Зерттеу
Жұмыс түрі: топтық, ұжымдық жұмыстар
Зерттеу жұмысының нәтижесі:
Хикаятқа арқау болған тарихи кезең сипаты Көркем шығарма сюжетіндегі тарихи оқиғаның әдеби сипаты
Ұлы Отан соғысы
1941 жылы 22 қыркүйекте таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері КСРО-ға, соның ішінде батыс шекараларына ене бастады. Соғыс 1941-1945 жылдар аралығын қамтыды.
Тылдағы еңбек
1941-1945жылдар.
Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді.
1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңінде қазақ зиялыларының таңдаулы өкілдерін “халық жауы” деп жаппай қамауға алған.
Эвакуация саясаты
Бір мезгілде ұлтаралық қатынастарға өз ықпалы мен зор әсерін тигізе білген режімнің тұтас халықтарды күштеп көшіру саясаты жүзеге асты. Шығарманың сипаты: Ұлы Отан соғысы біздің жүрегімізде өшпестей із қалдырды. Өткен тарих деп оны санамыздан алып тастау мүмкін емес. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында балаларынан айрылған ата-аналар мен жетім қалған балалар, тылдағы тіршілік суреттелген М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты шығармасы.
1. Мазмұны.
Ауданнан жұмысшы қолын алып қайтамын деп кеткен ауыл басқармасы, алты жас үрпек баланы алып келеді. Оларды ауыл адамдары бөлісіп алады. Ата-анасынан көз жазып қалған балалардың бірі - Зигфрид Вольфганг Вагнерді өз балалары майданнан оралмаған Ахмет таңдайды. Қазақтанған сол неміс баласының тағдыры баяндалады. Ахмет Зигфридке Зекен деп ат қойып, тілін кәлимаға келтіріп, сүндетке отырғызады. Қаңқу сөз Ахметті туып-өскен жерінен қоныс аударуға мәжбүр етеді.
2. Тақырыбы:
Ұлы Отан соғысы жылдарында балаларынан айрылған ата-аналар мен жетім қалған балалар тағдыры, тылдағы тіршілік.
3. Идеясы:
Үлкендерге де, панасыз жетімдерге де сын болған фашизм мен соғыс, оның зардабы суреттеу арқылы адамгершік, қайырымдылық, бірлік, достық рухының қуатын таныту.
ІІ Зерделеу
Жұмыс түрі: ұжымдық жұмыс
Әдебиетшілер мен тарихшылар топтары өз жұмыстарының нәтижесі:
ІІ Зерделеу
Тарихшылар тобы Әдебиетшілер тобы
Тарихи деректер Әдеби дәйектер
Міндеттері:
-Ұлы Отан соғысы
*1941 жылы 22 қыркүйекте таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері КСРО-ға, соның ішінде батыс шекара-ларына ене бастады... Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРО-ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорық-тары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақ болды. /М.Қозыбаев,К.Нұрпейісов,Қ.Жүкешов Қазақ-стан тарихы.75-бет/ *Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен Кеңес Ода-ғы, оның ішінде қазақ халқы бір адамдай Отан қор-ғауға аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерін жұмсады. І дүниежүзілік соғысқа 1 млд. астам халқы бар 36 мемлекет қатынасса, Соғысқа 500 мың қазақ аттанған. Оның 70% қайтыс болған. Міндеттері:
...Осы ауылдан соғысқа сайдың тасындай 43 азамат кетіп еді. Әзірге оралғаны екеу-ақ. Дәуренбек қолдан, Берден аяқтан айрылып қайтты. Жиырма төртіне қара қағаз алдық. Хабарсыз қаншама. Тегіс жетімбіз. .
Тылдағы еңбек
Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді: 1941-1945жж. Олар майдан елге 5829 мың т. астық, 734 мың т. ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
* Үкімет біздің ауданның тоғыз колхозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ. Түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағын таңдап алдым.(244 бет
* Жетім болмасақ, жетпіске келген Ахмет күндіз мал қарап, түнде күш көлік баға ма? (246 бет)
* Соқа тартатын өгіз, лобогейкаға жегілетін ат, қырман айдайтын құнан, тай, астық артатын түйе-үш төрт түліктен құралған елу қаралы күш колікті түні бойы қалт еткізбей бағатын Ахаң күн ұзақ мынадай өнімсіз тірліктен әбден қажып бітті. (255 бет)
Саяси қуғын-сүргін сипаты
1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңінде қазақ зиялыларының таңдаулы өкіл-дерін қуғындау әрекетінде НКВД үшін таптырмайтын негіз болды.
Қазақтың көзі ашық азаматтарын “халық жауы” деп жаппай қамауға алған 1937 жылдың зобалаңында 116 мың 685 коммунист атылып кеткен екен. Ал ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылып, Сібірге жер айдалып кеткендердің көбінің сүйегі жат жерде қалғаны белгілі.
* Апарып қайта өткіз. Көзін құрт. Әйтпесе сен де жаусын. Халық жауысың! Нағыз халық жауы сенсің, сен немістен де жамансың. Сен нағыз пәшистсің,-деді Дәуренбек (257 бет)
* Бес-алты күннен соң ауылға қызыл ала жағалы бір топ адам сау ете түсті. Әлдекім Ахмет шалды сыртынан көрсетіпті. Ата тегі қалмақ деп басқарманы, ұлттар достығына қайшы келетін сөздер айтып, үгіт таратып, тылдағы еңбекшілердің арасына іріткі сап жүр депті. Бұл түк емес-ау, үйіне бір фрицті паналатып отыр. Оның аты Зекен емес, Зигфрид Вангер таза неміс депті. ( 257 бет)
Эвакуация саясаты
* Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернационалдану барысы мейлінше күшті жүргі-зілді.Тұрғындарды жаппай көшіру салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Кешендерде шешендер, ингуштар, қалмақтар, қара-шайырлар, қырым татарлары, түріктер еңбек етті. Республикаға 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады.
* Бір мезгілде ұлтаралық қатынастарға өз ықпалы мен зор әсерін тигізе білген режімнің тұтас халықтарды күштеп көшіру мен зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін қамтыды.
* Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк ай-дап әкелінген болатын.Еділ бойындағы Неміс авто-номиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мыңнан асмам неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді./М.қозыбаев,К.Нұрпейісов, Қ.Жүкешов Қазақстан тарихы. 84-85бет Жоқ, неміс көрінеді. Сондықтан Зигфрид Вангердің бұл ауылда тұруына болмайды. Ойдағы «Қызыл ту» колхозына немістер көшіп келмек. Зигфрид те сол араға орын аударуы қажет. Ахмет Бегімбетов қоса көшем десе қарсылық жоқ.(258бет )
Көп ұзамай, қараша үйінен барлық мал- жайымен Ахаң төменгі колхозга көшіп кетті.(258 бет)
ІІІ Түйіндеу
3. Жұмыс түрі: ұжымдық жұмыс
Әдебиетшілер мен тарихшылар топтары өз жұмыстарының нәтижесін түсірген кесте:
ІІІ Түйіндеу

Қорытындылау
Ел-жұрт аш-жалаңаш соғыс кезінде немістің жетім баласын бауырына басып, басынан сипаған баяғы  Ахмет шал қайда? Сол рух неге жоқ? Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» дейтін әңгімесі есіңізде ме? Председатель бір қора баланы арбаға отырғызып, ауылға алып келеді. «Халайық, мына балалардың әке-шешесі бомба астында өлген, – дейді ел ағасы. – Бірі – белорус, бірі – украин, бірі – орыс. Бір-бір баладан асырап аласыңдар!» Бәрінің жанарына жас үйіріліп тұр. Көп үйге қарақағаз келген. Сонда қазақ «оққа ұшқан баламның орнына жарылқағыр Құдай бала беріп тұр» деп шүкірлік етіп, кең құшағын ашты ғой. Қара сирақ, шибұт топ баланың ішінен шошайып жалғыз бала қалады. Неміс баласы – Зигфрид. Ауылдың әйелдері бетін шымшиды. «Масқара, фашистің баласы» дейді... «Тіпәй, беті құрсын...» Сол кезде Ахмет ақсақал не деп еді?! «Тәйт, – деп тыйып тастады. – Білсеңдер, көзінен сорасы аққан нағыз тас жетім осы!» Кейін ол бала Зекен Ахметұлы болды. Қандай қиын-қыстау кезең болсын, қазақ бір жапырақ нанға зар болып отырып, өзінің жетіміне қосып, өзгенін жетімін де асырады. Ал сол рухы мықты адамдар қазір әдебиет кейіпкері болып қана қалды ма?
«Алаш айнасы» газеті Автор: Дәурен ӘБДІРАМАНОВ
Тұжырымдау
Мағауин — ұлы жазушы. Бұл — талассыз шындық. Оған өзі төбесіне тұтқан аталарының аруағы қонған. Көзі тірі классик. Осыдан тура 20 жыл бұрын Ғ.Мүсірепов: «Мағауин Мұхтар бұдан он-он бес жыл бұрын-ақ іргелі жазушылардың қатарына қосылды демекпіз», — деген еді. «Мағауин Мұхтар — орнықты дарын, үлкен талант», — дейміз Жұбаназар Асанханұлы.
«Мұхтар Мағауин – бүгінгі ұрпақтардың да,келешек ұрпақтардың да алдында айрықша еңбегі бар айтулы қаламгер » Әбіш Кекілбаев
«Сен біздің қазақ ойының,санасының, әдебиетінің бағына туған қайраткерсің. Сенің қаламыңнан туған шығармаларың да қазақ тарихының,санасының мәртебесін көтеруге қызмет етіп келеді»
Мырзатай Жолдасбеков
Түйіндеу
Соғыс кезіндегі бір ауылдың басынан өткен ауыр тұрмысы, қыршын кеткен ерлердің ата-аналарының, жетім қалған балалардың тағдыры, олардың жан толқыныстары шынайы суреттеледі. Шығарманың негізгі идеясы соғыс қасіретін көрген осы балалардың басқа отбасында тәрбиеленіп, бір атаның балаларындай өсіп-өнуі арқылы түйінделеді.
Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятындағы
әдебиет пен тарихтың өзара үндестігі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының қаһармандық ерлігін, ұлттық сипатын, адамгершілік қасиеттерін таныту.
КСРО-ның соғыс жылдарындағы эвокуация саясаты.
Оның зардаптары
Соғыс жылдарында саяси қуғын-сүргіннің қоса жүргізілуі
Тылдағы еңбек Бәрі де майдан үшін, Бәрі де жеңіс үшін!
1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуы
Ауылға әкелінген жетім бала-лар тағдыры. Ахметтің «Қызыл ту» ауылына еріксіз қоныс аударуы.
Ахметті «қызыл ала жағалылардың» ауданға айдап алып кетуі
Ауылдаң қарттар мен балалардың ауыр еңбегі
Ауыл азаматтарының майданға аттануы
Тарих
Әдебиет
Әдебиет пен тарихтың өзара үндестігі