Мектепке дейінгі ?йымда?ы ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті ?дептілік ?лемі


Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Математика», «Қоршаған ортамен таныстыру» .
Тақырыбы: «Әдептілік әлемі» .
Мақсаты: Ертегіні мазмұндау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту. Балалардың геометриялық пішіндер, түстерді ажырату, санау дағдыларын арттыру, үй жануарларын және төлдерін атауға, жемістер мен көкөністерді атау және ажырату іскерліктерін қалыптастыру,байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. 
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, саяхат, дидактикалық ойындар, мадақтау.

Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, карточкалар, суреттер, муляждар, т.б.
Сөздік жұмыс: әдептілік, сәлемдесу,кешірім, ренжу.
Іс-әрекет
кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы Шаттық шеңбері:
«Болашақ» атты бақшаның
Тәрбиелі ұл-қызы.
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз,
«Сәлеметсіздер ме!» Балалар шаттық шеңберінде қонақтармен амандасады.
Іздену –ұйымдасты
Рушылық
Рефлекс
коррекциялаушы -Балалар, бүгін біз «Әдептілік әлемі» атты ашық ұйымдастырылған оқу іс –әрекетін бастаймыз.
Балалар, сіздер «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білесіздер ме?
Білесіздер ме, бұл ертегіні балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин жазған.
Тақтаға суретке назар аударыңызшы!
Бұл қай ертегінің кейіпкерлері?
Мақта қыз не істеп жүр?
Ол не тауып алды?
Мақта қыз нені шақырды?
Мысық келді ма?
Мақта қыз не қылды?
Мысық келіп Мақта қыздан не деп сұрады?
Мақта қыз қалай жауап берді?
Мысық не істеді?
Мақта қыз қайтті?
Мақта қыз не деді?
Мысық неге барды?
Сиыр не сұрады?
Мысық жапырақты неден сұрады?
Ағаш одан не сұрады?
Суды кімнен сұрады?
Қыздар не сұрады?
Мысық сағызды кімнен сұрады?
Ол не сұрады?
Мысық жұмыртқаны неден сұрады?
Тауық мысықтан не сұрады?
Мысық тарыны неден сұрады?
Балалар, мысық тышқанды ұстап алып тары сұрайды. Тышқан «менің тапсырмамды орындасаң, мен саған тары беремін» дейді.
Қане, балалар, мысыққа көмектесеміз бе?
Олай болса, орнымызға отырып, тапсырмаларды орындайық.
Тапсырма: «Шардың бауын тап».
Мақсаты: түрлі-түсті шарлардың түстерін ажыратып , атауын айту.
Тышқан мысыққа тары береді. Ол тарыны тауыққа береді. Ал , тауық мысыққа тапсырма береді.
Тапсырма: «Өз ұяшығын тап».
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратып, атауын атап, ұяшықтарына жаңылыспай орналастыру.
Тауық мысыққа жұмыртқасын береді. Мысық оны дүкеншіге береді. Сағызды бермес бұрын олда тапсырма береді. Мысыққа көмектесеміз бе?
Тапсырма: «Аққала құрастыру»
Мақсаты: дөңгелек пішінін, ақ түсін атау, 3-ке дейін санау, үш түрлі көлемді ажырату (үлкен, орташа, кішкентай).
Мына суретке қараңыздар! Суретте балалар не істеп жатыр?
Неден жасап жатыр?
Қар қай кезде жауады?
Аққаланың пішіні қандай?
Неше дөңгелектен жасаған? Санаңыз!
Көлемдері қандай?
Сөйтіп, мысық сағызды алып қыздарға келеді. Қыздар «біздің көңілімізді көтерсең, саған су береміз» дейді.
Сергіту сәті: бейнежазбаға қарап жаттығулар жасау.
Қыздар мысыққа су береді. Мысық суды ағашқа әкеледі. Ол да мысыққа тапсырма береді.
Тапсырма: «Көкөністер мен жемістер»
Мақсаты:көкөністер мен жемістерді ажыратып, атауын атау. Екі себетке көкөністерді және жемістерді теріп салу.
Ағаш мысыққа жапырақ береді. Мысық жапырақты сиырға әкеледі. Сиыр сүтін берместен бұрын тапсырма береді.
Тапсырма: « Төлдерін тап».
Мақсаты: үй жануарларын атау және олардың төлдерін орналастыру.
Сиыр сүтін мысыққа береді. Мысық оны Мақта қызға әкеледі:
«Көрдің бе, Тарғылым!? Әуелде мені тыңдағанда мұндай әуреге қалмас едің!» - дейді.
Балалар, біз мысыққа әдепті болудың әліппесін үйретейік. Әдептілік туралы тақпақтарымызды айтып береміз.
Мінеки, балалар, біздер әрдайым әдепті болуымыз керек. Әдептілік дегеніміз:
Үлкендерге сәлем беру,
Кішілерге көмектесу,
Ата-анамызды тыңдау,
Үйімізді шашпай жинау,
Балабақшада жыламау ,
Топта шуламау керек.
Ренжіткен адамнан кешірім сұрау керек.
Ал, енді мысығымыз Мақта қыздан кешірім сұрады ма?
Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтып беріп, екеуі дос болыпты.
Ал, балалар ортаға шеңберге жиналайық.
Балалар, бүгін біз қандай ертегіні мазмұндадық?
Біз қандай жануарға тапсырма орындауға көмектестік?
Біз қандай тапсырмаларды орындадық?
Қанекей, балалар, шеңбер құрайық,
Қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық. Ия.
«Мақта қыз бен мысық»
Үй жинап жүр.
Мейіз.
Мысықты.
Жоқ.
Мейізді жеп қойды.
«Мені неге шақырдың?»
«Айтпаймын» деді.
Қатықты төгіп тастады.
Мысықтың құйрығын кесіп алды.
«Менің қатығымды әкеліп берсең , құйрығыңды беремін.»
Сиырға.
Жапырақ сұрады.
Ағаштан сұрады.
Су сұрады.
Қыздардан.
Сағыз сұрады.
Дүкеншіден.
Жұмыртқа.
Тауықтан сұрады.
Тары.
Тышқаннан сұрады.
Ия.
Жасыл, сары, ақ, қызыл, көк (балалар түстеріне қарай шардың бауын орналастырады).
Дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш, сопақша (балалар әр пішінді ұяшықтарға орналастырады).
Ия!
Аққала жасап жатыр.
Қардан.
Қыста.
Дөңгелек.
1,2,3.
Үлкен, орташа, кішкентай.
(балалар дөңгелек пішіндерден аққала құрастырады).
Балалар бойларын сергітеді.
Балалар жемістер мен көкөністердің атауын айтады, екі себетке ажыратып салады.
Сиыр-бұзау, жылқы-құлын, түйе-бота,қой-қозы.(Балалар үй жануарларының төлдерін орналастырады) .
1.Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.
2.Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
3. Атам маған қашанда,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
4. Құс ұясын бұзбаймын
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын,
Жинап қоям бөлмемді.
5. Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
6.Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
Ертемен, ақ пейілмен,
Қайырлы таң деймін мен.
7.Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
8.Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
9.Ұстамды бала маңынан ,
Ұнамды қылық байқайсың.
10. Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

Ия!
Балалар ортаға шеңберге жиналады.
«Мақта қыз бен мысық».
Мысыққа.
Түстерді ажырату, пішіндерді атау, санау, көкөністер мен жемістерді ажырату, үй жануарларының төлдерін табу, әдептілік туралы тақпақ айту.
Балалар шеңберде тұрып қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: балалар әдептілік туралы , жемістер мен көкөністерді , үй жануарларын, түр-түстерді, геометриялық пішіндерді, 3-ке дейін санауды біледі.
Қолынан келуі: балалар тапсырмаларды орындайды, ертегі желісіне байланысты бір-біріне жанашырлық танытады, ойын анық жеткізеді.