Сыныптас тыс саба? XXI ?асыр к?шбасшысы


ХХI ғасыр топжарғаны
Мақсаты: Ойын арқылы XXI ғасырда бiлiм алып жатқан оқушылардың бiлiм дәрежесiн анықтау . Олардың ой-өрiсiн дамыту.
Армысыздар ағайын
Сiздерге жар салайын
Жүлдегерi ғасырдың
Үздiктерi бiлiмнiң
Сахнадан орын алыңыз
Жарысқа қадам басыңыз
Ойынға қатысушыларды сахнаға шақырамыз:
Бiрiншi ойыншымыз:
7 “А” сынып оқушысы Садыков Дамир
Сүйiктi пәнi: математика
Бос уақытында: спортпен және шахмат ойнағанды ұнатады.
Екiншi ойыншымыз:
7 “А” сынып оқушысы Мырзахметов Аман
Сүйiктi пәнi: тарих
Бос уақытында: кесте тоқығанды және кiтап оқығанды ұнатады.
Болашақта мұғалiм болуды армандайды.
Үшiншi ойыншымыз:
8 “А” сынып оқушысы Сапабек Бахтияр
Сүйiктi пәнi: тарих
Бос уақытында: спорттық ойындармен айналысады.
Төртiншi ойыншымыз:
9 “А” сынып оқушысы Байсаматов Жеңіс
Сүйiктi пәнi: биология
Бесінші ойыншымыз:
9 «А» сынып оқушысы: Қабденова Алтынай
Сүйікті пәні: георафия
Алтыншы оқушымыз:
10 «А» сынып оқушысы: Кұлтанов Еркебұлан
Сүйікті пәні: дене шынықтыру
Жетінші оқушымыз:
11 «А» сынып оқушысы: Есим Алиби
Сүйікті пәні: Математика
Ойыншыларымызды бағалайтын әдiл-қазы мүшелерiмен таныстырып өтейiк:
1. ________________ Сегізбаева Б.І
2. ________________Ахметжанов Т.Қ
3. ________________Кутенко Т.В
Ойынымыз 5-турдан тұрады:
Бәйге
Тiл өнер
Ғажайып жетеу
Тапқырлық
Жорға
Сайысымыздың бiрiншi шарты бойынша: “Бәйге” Бұл турда сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан қосылады.Сұрақ аралас пәндерді қамтиды .Сонымен ойынымызды бастаймыз.Сұрақтар оқылады.
Бәйге
Тiл дыбыстарын тiл бiлiмiнiң қай саласы тексередi?(фонетика)
9 – дан 100 – ге дейiнгi сандарда қанша “9” саны кездеседi? ( 20 )
Күштi өлшейтiн құрал ? (Динамометр)
Пiшiнi мен көлемiн сақтайтын дене ?( қатты дене)
Сызғыштың төрт бұрышы бар. Бiр бұрышын кесiп тастағанда неше бұрышы қалады? (5 бұрыш)
Диффузия сөзiнiң мағынасы? (жайылу, таралу )
Атақты математик әйел? (Софья Коволевская)
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?(10)
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?(3 минутта )
Денелердің жерге тартылу күші? (ауырлық күші)
Қандай планета, күн жүйесін басқа планеталарға қарама-қарсы бағытта қозғалады?(шолпан)
Күн жүйесінде неше планета бар? (8)
Вирусқа қарсы программа?(антивирустық программа)
Қазақстан Республикасының рәмiздерi қашан қабылданды?(1991 жылы)
Ислам дiнiнiң қасиеттi кiтабы? (құран)
Тiзбектi параллель қосқанда қандай шама тұрақты болады?(ток күші)
Компьютердің жанындағы өсімдік? (кактус)
Әріптік –сандық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)
Екі дененің жанасқанда, олардың молекулаларының орналасуы?(диффузия)
Оқушылардың қанша балл жинаған қорытындысы айтылады.
Екiншi турымыз “Тiл өнер” осы турда оқушыларға сұрақ қойылып, дұрыс жауапты үш тiлде яғни, қазақ, орыс, ағылшан тiлiндегi аудармаларын айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
Тiл - өнер.
Тапсырмалары:
Көк жиектi көмкерiп,
Шатыр жайдым кең көрiп.
( аспан – небо- sky )
Сылдыр сұйық, су емес ,
Iшсең шөлiн қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ?
( сүт – молоко - milk )
Сирағы ұзын , мүйiзi қысқа,
Бұл өзi аң ба , құс па ?
( керiк – жираф - giraffe )
Ақыл сөз – атқан оқтай жай кетпейдi,
Жаманға оқ өтсе де , ------------ өтпейдi.
( сөз – слово –word )
Артық ғылым ----------
Ерiнбей оқып көруге.
( кiтапта – книга – book )
------- болам десең, бесiгiңдi түзе.
( ел – народ – people )
----- бәрiнен де қымбат, өйткенi ----- - мектептiң жүрегi.
( мұғалiм – учитель – teacher )
Ақылы қысқаның - ---------- ұзын.
( тiлi – язык – language )
Әдемi түнде мен жүрсем , жүредi бiрге не ?
( ай – луна - moon )
Сабыр – түбi сары ------- .
( алтын – золото - gold )
Әке – асқар --------- .
( тау – гора - mountain )
Ерiншектiң --------- таусылмайды.
( ертеңi – завтра – tomorrow )
Суда қалқиды, отқа балқиды.
( мұз – лёд – ice )
Үшiншi турымыз “Ғажайып жетеу”
Бұл тур бойынша ұпай санын (30,40,50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.
Ғажайып жетеу
Информатика
Winzip , WinRAR қандай программа?(архиватор)
______________________________________________
Әріптік сандық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)
_______________________________________________
Компьютерде сақталынған зат?(құжат)
Қазақ тілі.
Сөйлем мүшесi бола алмайтын сөз табы?(шылау)
_______________________________________________
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?(9)
_______________________________________________
Қанша? неше? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы?(сан есім)
_____________________________________________
Математика ____________________________________________________
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
____________________________________________
72 санын 12,5%-ке кемітіңіз :(63)
y=(x+4)², мұндағы х= - 2, y-ті тап. (4)
қазақстан тарихы
Кесенелерді салудағы негізгі үлгі: (күмбез тәріздес)
1990 жылдың қазан айында Қазақстан өзінің: (Егемендік туралы Декларациясын қабылдады. )
Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте үш жүздiң бас қолбасшысы болып
сайланған хан кiм, қай жылы? (Әбiлхайыр хан 1723 жылы)
геометрия
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы... (180 градус)
Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары... (катеттері)
Тікбұрышты үшбұрыштың 30˚қарсы жатқан катеті... (гипотенузаның жартысына тең)
Биология
Физика
Физиканың атасы кiм? (аристотель )
Қозғалыссыздық, әрекетсiздiк қай сөздiң мағынасы?(инерция)
Тоқ күшінің өлшем бірлігі? (ампер)
Төртiншi тур. “Тапқырлық”
Оқушыларға шырпы, бiр картоп, банкi және су құйылған тәрелке түбiнде тиыны бар берiледi. Олар осы қосымша затты қолдану арқылы тәрелке түбiндегi тиынды қолдарын суламай алулары керек. Ойыншыларымызға ойлануға 1 минут уақыт берiледi. Ұпайды әдiл-қазы мүшелерi бередi.
Дұрыс жауабы: су құйылған тәрелкеге картопты салып, оған шырпыны кiргiзiп, жағады да, банкiнi төңкередi. Сол уақытта банкiнiң iшiнде қалған ауа оттың жануымен суды көтередi. Осылай тиынды қолды суламай алады.
Бесiншi тур .“Жорға”Қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 20 сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай жинайды.
( А нұсқасы )
Сұрақтары:
1. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілі қандай бұрышты көрсетеді? (тік бұрышты)
2. Егер үшбұрыштың барлық қабырғалары тең болса... (тең қабырғалы)
3. 1 сағатта қанша секунд бар ? (3600 сек)
4. Еркін түсу үдеуі нешеге тең? g=9,8м/с²
5. Вирусқа қарсы прорамма?(антивирустық программа)
6. Кедергiнiң өлшем бiрлiгi ?(ом)
7. Денелердің жерге тартылу күші?(ауырлық күші)
8. Амперметр қандай шаманы өлшейтiн құрал ?(ток күші)
9. Екi қатынастың теңдiгi ?(пропорция)
10. Не ауыр? Бір кг түбіт ауыр ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (тең)
(Б нұсқасы )
Сұрақтары:
Орын ауыстырудың жылдамдыққа қатынасы ?(уақыт)
Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4)
Жұмыстың өлшем бiрлiгi?(джоуль)
Серік өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн? (29 ақпан)
Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут ? (15)
Ньютонның неше заңы бар ? (3)
“Отрар сазы ”поэмасының авторы ? ( М. Шаханов )
Тең қабырғалы төртбұрыш ? (шаршы)
Пiшiнi мен көлемiн сақтамауқай денеге тән қасиет? (газ)
Тікбұрышты үшбұрыштың 30˚қарсы жатқан катеті... (гипотенузаның жартысына тең)
Тікбұрышқа қарсы жатқан қабырға..(. гипотенуза)
Ойын мәресiне жетiп, қатысқан оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңген оқушыға мақтау қағазы және бағалы сыйлық тапсырылды.

«Алтынсарин ауданы әкімдігі білім бөлімі Маяков орта мектебі» КММ

Интеллектуалды ойын
Физика және математика пәні мұғалімдері: Усербаева Г.С.
Тайлыкова А.С.
2014 оқу жылы