?ылым мен білімні? дамуы


Сабақтың тақырыбы:  Ғылым мен білімнің дамуыСабақтың мақсаты: Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғылымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру; Оқушылардың тарихи-ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту; Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағлым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: АраласӘдісі:сұрақ-жауап, әңгімеКөрнекілігі: Д.ж. карта, ғалымдардың суреттері,инт тақта.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі& Оқу құралын тексеріп түгелдеу& Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Сабақтың негізгі ұғымдары: Әбу Насыр әл-Фараби шығармалары, Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері, Махмұд Қашғаридің кіәтаптары, Жүсіп Баласағұнидің еңбектері, Ахмет Иүгенки шығармасы,Қожа Ахмет Йасауидің «Данлық» кітабы,Сүлеймен Бақырғани шығармаларыІІ. Үй тапсырмасын сұрау:– Үй тапсырмасын талдау барысында оқушылардың түсінбеген сұрақтарына тоқталып, шолу жасау. Оқушылар өткен сабақтың негізгі мәселелерін еске сақтай отырып, жаңа сабақты қабылдауға дайын болады. Үй тапсырмасын тексеру үшін мынадай сұрақтарға назар аударылады.
Ислам діні қай жерде және қашан  пайда болды? Ислам дінінің негізін салушы және діннің басты қағидасы Ислам дінінің негізгі бес парызы Ислам дініндегі елдерVIIғасырдың  ортасында араб елінде пайда болған. Діннің басты қағидасы- бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаға бас ию.Негізін салған Алланың жалғыз елшісі Мұхаммед пайғамбар. 1.Бес мезгіл намаз оқу2.Ораза ұстау3.Садақа беру
4.Иман.
5. Қажылыққа бару. Сирия, Палестина, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері,Сауд Арабиясы, Ливан, Марокко, Эфиопия т.б.
“Почта” ойыны1. Тотемге табыну дегеніміз не?
2.  Қырғыз халқында отқа табынуды немен байланыстырады?
3.  “Дін үшін соғыс” қай жылдары болды?
4.  Атлах шайқасы қай жылы болды ?
 
Әл-Макдиси Қазақстан жеріндегі мешіттер туралы қандай мәлімет келтірді?
Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслимнің  Шашты басып алған жылы?
 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған кім?
 Отбасында қандай дінді ұстанасыңдар?
 
Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды?
Ислам діні қай кезде қабылданды?
 Зороастризм діні туралы не білесіңдер?
Фарн- сөзінің мағынасы?
1.Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай қай дін тарады?
2. Қыпшақтар арасында қай ғасырдан бастап ислам діні тарай бастады?
3. Құран туралы не білеміз?
4. Орта ғасырлық қай қалаларға алғашқы кезде мешіт медреселер салына бастады?
Үй тапсырмасын қорытындылау«Кім жылдам?»
1. Ертедегі шығыс халықтарының тарының дуалистік діні – зороастризм2. Қарахан мемлекетінің – негізін салушы – Сатұқ3. Дүние жүзіне кең тараған діни сенімдердің бірі – Ислам4. Ислам дінінің бес парызының бірі – Намаз5. Жібек жолы бойымен Иранда III ғасырда қалыптасқан дін – МанихейлікІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Әбу Насыр әл-Фараби еңбектері.
Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері.
Махмуд Қашғари- «Түрік тілдерінің сөздігі».
Жүсіп Баласағұни- «Құт негізі білік».
Ахмет Иүгнеки- «Ақиқат сыйы».
Қожа Ахмет Йасауи- «Даналық кітабы».
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қоямын.
1.Ғылым дегеніміз не?
2.Ғылымның қандай түрлерін білесіңде?
3.Ғылым, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
«Оқу-білім азығы,
Білім-ырыс қазығы»,
«Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды мысалға келтіре отырып, шәкірттерді үнемі білім,ғылымға ұмтылуға шақыру.
«Өз сыңарыңды тап» ойыны.
Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған.  Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск қаласында игерген.
(973-1050) жылдары аралығында өмір сүрген энциклопедист ғалым. Тарих,математика, география, астрономия, медицина т.б ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан.
Жалпы көптеген түрік тілдес тайпалар түрік тілінде сөйлемегенімен олардың ішінде жергілікті тіл ерекшеліктері де болған.Оғыз, қарлұқ, қыпшақ тайпалары түбі түрік тілдес тайпалар қосылып ,бірігіп кетіп отырған. Түркі тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама үш кітаптан тұратын “Түркі тілдерінің сөздігі”атты мәңгі өшпес мұра қалдырды.Бұл еңбекті жазудан бұрын ол бүкіл түріктердің елі мен жерін түгел аралап шыққан.
Ол өзінің атақты  “Құт негізі-білік” атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш  рет түрік тілінде жазылған. Құтадғу білік”-ХІ ғ түркі тілді халықтарының қоғамдық ой-санасын орын алған,терең мазмұнды ғылыми еңбек. Оның еңбектерінде ғылымның философия, астрономия, алгебра салаларына тоқталады.Сол сияқты аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер,шешендік сөздер көп кездеседіҮІІ-ІХ өркендеген ауыз әдебиеті Х ғасырда қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің негізін қалады.Бұл кездегі ислам дінінің кең тарауы  жазба әдебиетінің  жандануына әсерін тигізді. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын
Дұрыс жауабын тауып   “+” таңбасын қой.
               Өмір с.жылд.Ғалымдар 870-950 1021-1075 1103-1167 973-1050 1030-1090
Махмуд Қашғари Жүсіп Баласағұни Әбу Наср әл-Фараби Қожа Ахмет ЙасауиӘбу Райхан әл-Беруни ІҮ. Сабақтың бекіту:
Дискуссиялық әдіс: келісемін, келіспеймінӘл- Фараби “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы” туралы философиялық туынды жазған.
2. Әл- Фараби “Шұбар айғыр” күйін шығарған.
3. Әбу Райхан әл-Беруни “Бақытқа жету” туралы философиялық туынды жазған.
4. Әбу Райхан әл-Беруни 150 астам еңбектер жазып қалдырған.
1. Махмуд Қашқари өзінің саналы ғұмырын туған халқының тілін зерттеуге арнаған.
2.  Махмуд Қашқариға “Ұлы хас- хажип”деген лауазым берген.
3. Жүсіп Баласағұни Баласағұн қаласында туған
4. Жүсіп Баласағұни “Құдатғу білік” еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан.
1. Қарахан мемлекеті кезінде аты шыққан ақын Ахмет Иүгенеки
2. Ахмет Иүгенекидің  бізге жеткен шығармасы “Ақиқат сыйы”
3. Қожа Ахмет Йасауи Түркістан қаласында туған
4. Қожа Ахмет Йасауи  7 жаста әкесінен жетім қалған
1. Қожа Ахмет Йасауи Юсуф Хамаданидан діни білім алған
2. Қожа Ахмет Йасауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани
3. Қожа Ахмет Йасауидің бізге жеткен еңбегі “Құдатғу білік”
4. Ахмет Иүгенекиге көзі тірісінде-ақ “ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы”деп баға берген.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 20 параграфты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Ғұламалардың өмірбаянына қатысты қосымша кітаптар оқу, реферат жазып келу.
ЖОББ Семиглавый Мар мектебі
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Андрон мәдениеті»
Пәні: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Джубандыкова К.М.
Сыныбы: 6
2016жыл
21.112015
Тақырыбы: Андрон мәдениеті
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімін қола дәуірінің сипаты және Андрон мәдениеті мен Беғазы- Дәндібай мәдениетімен ұштастыра отырып қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушылардың топтық жұмыс шығармашылығы арқылы ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Ұрпақ санасына ұлағатты ой ұялату.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ізгілікке, тәрбиелеу, елжандылық сезімге баулу. Көрнекілік: Интерактивті тақта, сұрақтар жазылған тапсырмалар , сұлбалар мен кестелер.
Әдісі: Топтық жұмыс
Сабақтың түрі: Дәстүрлеу сабағы
Сабақты жүргізу барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі / сабақтың мақсатымен таңыстыру/.(2 мин )
II. 1.Оқушылар екі топқа бөлінеді 2. топтағы оқушылардың әрбір дұрыс жауабына бағдаршам суреттерімен бағалап отыру 3. Соңында топтың жұмысын талқылау, нысанаға дәл тигізіп, жасыл,сары,кызыл бағдаршам көп жинаған топты бағалау. I топ «Андронов мәдениеті» II топ «Беғазы – Дәндібай мәдениеті»
III. Екі топқа тапсырмалар беру (оқушыларға дайын сызбалар беріледі)
(3 мин )
I топ 1.Қола қалай пайда болды? 2.Қоланың кезеңін жаз? 3.Қоланың үш түрлі ерекшелігін жаз?
II топ 1.Қола қалай пайда болды? 2.Қоланың кезеңін жаз? 3.Қоланың үш түрлі ерекшелігін жаз?
IV. Топтастыру әдісі (оқушыларға топтастыруға арналған тапсырмалар беріледі) (5 мин )
I топ «Андронов мәдениеті»
II топ «Беғазы –Дәндібай мәдениеті»
V. Екі топтың топ басшыларына сұрақтар қою арқылы тапсырмалар беру.(10 мин )
I топ «Андронов мәдениеті» тобына 1. Жезқазған қаласында 1- млн тоннадай мыс кенін өндірген кім ? (Қ.И.Сәтпаев) 2. Қ.И.Сәтпаев туралы қысқаша мәлімет беру.
II топ «Беғазы –Дәндібай мәдениеті» тобына 1. Беғазы – Дәндібай мәдениетін зерттеген кім ? (Ә.Марғұлан ) 2. Ә.Марғұлан туралы қысқаша мәлімет беру. Ой сергіту
VI. Екі топқа ауызша сұрақтар беру. (5 мин )
Сұлбалар мен кестелер (электронды оқулықпен жұмыс жасау, сұрақтың дұрыстығын сызбадан тексеру.)
№13 Қола дәуірінің кезеңдері қалай аталады және оның ескерткіштерін атаңыз?
№14 Қола дәуірінің үш ерекшелігін ата?
№15 Қола дәуірінің тайпалары неге табынды? №16 Аталық рудың қалыптасу себептерін ата?
VII. Электрондыоқулықпен жұмыс(10 мин )
Тапсырмалар:
1. № 5 Суреттегі тұрғын үйлер қай кезеңдерге жатады? Осының ішінде кейінгі қола дәуіріне жататын тұрғын үйді тап ?
2. №6 Суретте қай тайпалардың жауынгерлері бейнеленген? Соның ішінде Андронов жауынгерін табамыз ?
3. № 7 Антропологиялық өзгерістер туралы кесте толтырыңдар? Сипаттама бер?
4. №8 Керамикалық (қыш) ыдыстардың ішінде Андронов мәдениетіне жататын ыдысты тап?
5. №11 Андрон мәдениеті жайлы алаған білімдеріңе сүйене отырып, кестені толтыр? (компьютерге жазып, шығару)
6. №13 Бақташылық негізін малдың қандай түрлері құрады?(5- түрін табамыз)
7. №14 Төмендегі ыдыс –аяқтың суреттері. Көшпенділер бұл ыдыс- аяқтардың қай түрін пайдаланған? (4- түрін табамыз)
Ежелгі адамдардың өмірі: (тапсырмалар)
1. №17 Мына суретте андрондық жауынгерлер бейнеленген.Андрондықтардың әскери күш қуаты неде деп ойлайсыңдар ? (компьютерге жазып, шығару)
2. №18 Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың нәсілі қандай болды? (компьютерге жазып, шығару)
VIII. Тақтамен жұмыс. (5 мин )
Андронов мәдениеті мен Беғазы –Дәндібай мәдениетін салыстыру.
1. Неге Андронов мәдениеті деп аталды?
2. Алғаш зерттеген кім?
3. Ескерткіштері?
4. Жерлеу әдістері?
5. Неге Беғазы – Дәндібай мәдениеті деп аталды?
6. Алғаш зерттеген кім?
7. Ескерткіштері?
8. Жерлеу әдістері?
IX. Топтардың жұмыстарын бағалау, жинаған бағдаршамды есептеп айту, оқушылардың бағасын журналға қою.(5 мин )