?лысты? ?лы к?ні ??тты болсын!


Сыныбы:3 «ж»
Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!»
Мақсаты:оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату,ана тілін, оның тарихын,өнерін,мәдениетін қастерлеуге қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту,сөйлеу шеберлігін жетілдіру,мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу; халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету; сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын,нақыл сөздерін балаларға ұғындыру.
Көрнекілігі: сахнаны мерекеге сай безендіру,оқушылардың Наурыз тақырыбына арнап салған суреттері,нақыл сөздер, ұлттық тағам түрлері,құрақ-көрпе,мақал-мәтелдер,қабырға газеті.
Сабақтың барысы
Қазақ биі. «Білезік сылдыры»
1-жүргізуші:Құрметті ата-аналар ,мұғалімдер,оқушылар!Бүгінгі«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыз мерекесі күні - қасиетті күн. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. 1-жүргізуші: Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған.2-жүргізуші:Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білідреді. Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл-қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ. 1-жүргізуші: Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Мадың қыстан аман шығуы, оның өніп – өсіп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам, жаңа жыл болып саналған. Жыл басы – Наурыз халқымыздың салтында ойын – күлкінің көркі мен сәні. Міне енді «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Хор «Қазақы дастарханым»
1-оқушы: Құралбек Нұралы
Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Наурыз қайта оралды аты да аңыз.
Сұрамаймыз алғыс та,ақы да біз.
Үй-дастархан,даламыз-сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
2-оқушы: Турешева Аяулым
Наурыз тойы құтты болсын,
Ел ырысы құтқа толсын!
Бақыт әкеп Ұлыс күні,
Бұзылмай ел тыныштығы,
Бақыт құсы баққа қонсын!
3-оқушы: Қыдырбай Жарқын
Жайнап мереке ажары,
Қайнап береке қазаны,
Той боп жәрмеңке, базары
Келді,Наурызым!
Елім жоғын тапқандай,
Өшкен отын жаққандай,
Бүгін шаттық той-думан!
Көрініс: «Күн мен түн». (Хисмет Атынмен Әлібекова Аруна)
4-оқушы: Кабрахманова Жанару
Мәңгі бұзылмас антымыз,
Енді үзілмей салтымыз,
Еркін тыныстап халқымыз,
Шырқа,Наурызым!
Қонақ толтырып төріне,
Шуақ қондырып жеріме,
Шашуын шашып еліме
Келді,Наурыз төріме!
Көрініс. «Наурыз туралы хикая»
5-оқушы: Мергенгалиев Асылбек
Есебімен дананың,
Күн мен түнді теңеген.
Наурызымыз-жаңа күн,
Парсы сөзі көнеден.
Жаңа күн ол –жыл басы,
Жиырма екісі Наурыздың.
Наурыз айда-төл басы,
Бүршік атар бау бідің.
6-оқушы: Купболсынова Дамира
Біліп айдың амалын,
Түйдік оның бағамын.
Кім айтады қанекей
Наурыздың бас тамағын.
7-оқушы: Нұрболатов Мансұр
Арпа,бидай,бастаған,
Жеті дәмнен жасаған.
Наурыз көже көп көже
Бұл тойдағы бас тағам.
Көрініс. «Жарасып тұр дәстүрім» (Құралбек Нұралы мен Хамитов Адільжан)
-Ассалаумағалейкүм,қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе , алпыстағы шал сәлем береді» деген,сәлем беруге келдім.
-Амансың ба , достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
-«Сыйлап берген су сатып алған судан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.
-«Сыйға сый сыраға бал демекші өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.
-«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.
-«Төртеу түгел болса алар,алтау ала болса алдырар» деген ғой , о не дегеніңіз.
-«Бірлік түбі-тірлік» деген ғой бабаларымыз,бірлік болсын.
-«Биік төбеге шықсаң,көзің ашылады,жақсымен сөйлессең,көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
-«Әңгіме әңгіме дегізер,әңгіме бұзау емізер» демекші қой қайтайын,мал келетін уақыт болды.
-«Тау тауға қосылмас,адамға адам қосылар»деген,әлі кездесерміз,сау бол!
8-оқушы: Ибатуллиева Балауса
Көргенде қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.
9-оқушы: Дәулеткерей Жарас
Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе,кәрі білер.
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, бар інілер.
10-оқушы: Талапқали Дильназ
Жасай берсн алтын күн,
Туа берсін жаңа нұр,
Дүр сілкінсін дала бір.
Құтты болсын Наурыз той!
Құтты болсын Жаңа жыл!
Би: «Қара жорға»
1-жүргізуші.
Қазақтың дәстүрлерін білесің бе,
Білгеніңді ойға тоқып жүресің бе?
Білмесең тыңдап алғын бүгін бізден,
Содан соң шын мәнінде істеп үйрен.
11-оқушы: Құралбек Мақпал
Дастархан басында
Қазақ халқының аса мән-маңыз беретін орны-дастархан басы.Әрбір қазақ шаңырағы үшін дастархан басы тәрбие мектебі болған.Тамақты бас қосып отырып үй-іші болып ішеді.Дастархан басына әуелі үлкендер жайғасады, содан кейін барып жасы кішілер орналасады.Жас адам үлкендерден бұрын бас салып тамақ алмайды.Тамақ ішіп болған соң да елден бұрын тұрып кетуге болмайды,бұл-біздің халқымызда тым тұрпайы,көргенсіз қылық.Егер асығып отырған адам болса,дастархан басындағылардан кешірім өтініп,кетуге рұқсат береді.
12-оқушы: Рамазан Алина
Қонақтың бабы
Үйге келген қонақты апыл-ғұпыл тамақтандырып,шығарып салуға асықпайды,шай ішкен соң ас дайын болғанша қонақтардың көңілді отыруына,бабын табуға мүмкіндік жасайды.Ол үшін әңгіме дүкен құрып,үй иесі қонақпен бірге отырады.Реті келсе,ауылдағы әнші,күйші деген жстарды шақырып өнерлерін ортаға салады.Үй иесінің өнерлі балалары болса,олар да көңіл көтеруге атсалысқаны ерсі емес.
13-оқушы: Салауат Сұңғат
Қонақты шығарып салу
Қазақ халқы-ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын ел.Сондықтан қонақты қарсы алып,шығарып салуға ерекше мән берген.Үй иесі «шақырылған қонақ», «құдайы қонақ» деп бөліп жатпай бәріне бірдей сый-құрмет көрсеткен.Ертеректе адамдар көбінесе атпен жүретіндіктен қонақтың атының шылбырын ұстап, аяғын үзеңгіге салғанда екінші қолтығынан демеп атқа мінгізген.
«Ал сау болыңдар!» деп үйде қала бермей,далаға бірге шығып қоштасқан абзал.
Қазақ биі.
Ән. «Наурыз думан»
Бата: Тлеп Болатжан
Ұлыс оң болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
1-жүргізуші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен думанымыз аяқталды.
2-жүргізуші:Дастарханы халқымның тола берсін,
Бақыт құсы басына қона берсін.
Ұлы тойдың төресі-Наурыз тойы,
Жаңа жылдың құт басы бола берсін!