Наурыз мейрамы ??тты болсын!
Наурыз - жыл басы
Мақсаты: Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алғаны, күн мен түннің теңесуі, салт-дәстүр туралы түсінік беру; cыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, ұлттық киім үлгілері, рөлге байланысты киімдер, үнтаспа т.б.
Қатысатындар: мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар.
Жоспары: 1. Наурыз - жыл басы
2.Сәлемдесу рәсімі
3.Салтым - асыл қазынам
4. Наурыз- думан1 жүргізуші: Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме Жер- Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр-салтымның
Көзелсін бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз - жыл басы.
2 жүргізуші: Наурыз өте ертеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отыр. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз - күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-інен 22-сіне ауысқан түнде болады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.Бұл түні даланы Қызыр аралайды.
Наурыз- жыл басы. Парсы тілінен аударғанда “Нау”- жаңа, “Руз”- күн деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқы жаңа жылды наурыздың 22-сі күні таңғы сағат 3-те қарсы алады.
1 жүргізуші: Біздің арамызға алыстан ат терлетіп аса қадірлі қонақтарымыз “Қызыр баба” мен « Күн» де келіпті.
Оқушы №1. Қызыр баба (ортаға шығады).
Оу, аман ба жарандар,
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып
Рахатын тапты жан.
Келе жатыр жылымыз Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып
Жадырайды күніміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық тұрыңдар!
( музыка естіледі)
Оқушы №2. Күн ( ортаға шығады)
Сәлем ата-аналар,
Айналайын балалар!
Қызыр баба аман ба,
Жаса жайлы заманда.
Уақыт үдеп келдім мен
Бақыт тілеп адамға.
Қудым жерден суықты
Қырдан салқын бу ықты.
Құтты болсын мерекең,
Наурыз айы туыпты.
Әне, Наурыз келеді.
Ән салып, билеп береді.
( Би орындалады). Наурыз келеді.
Оқушы №3. Наурыз Сәлем, анам,алтын күн.
Сәлем, қарты халқымның
Уақытыма ризамын Бақытыма шалқыдым.
1 жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бері қараңдар.
Наурыз айға бас иіп Күнге сәлем беріңдер.
2 жүргізуші: 22- наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше, күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.
Көрініс. Күн: (1) Сәулесі мол күнмін
Түн: (1) Жұлдызы мол түнмін
Екеуі: (1) Бірдей болып біздер Теңелеміз бүгін.
Түн: (2) Ал, ертең күн ұзақ
Күн: (2) Түн қысқарар бірақ.
Екеуі: (2) Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек жылап.
Қыдыр баба: Балаларым, ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Ал, маған айтатындарың бар ма? Мені күтіп отырған жалпақ ел бар, асығыспын.
1 жүргізуші: Ата, мына жиылған көпшілікке бір тілегіңізді айтып кетсеңіз екен.
Қыдыр баба: Жарайды, онда тілегімді айтып аттанайын.
Жарқыра, жайна, Наурызым.
Қабағы жаудың қиылсын,
Береке- байлық дәм тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын.
2 жүргізуші: Ата, “Батамен ел көгерер,
Жаңбырмен жер көгерер”
деген халқымыз, ал енді сіз де балаларға аз батаңызды берсеңіз.
Қызыр баба: Жарайды, мен де батамды берейін.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Қайда барсаң жол болсын Ұлыс бақты болсын Төрт түлік ақты болсын Ұлыс береке берсін Бәле-жала жерге енсін.
Мал қосылсын малыңа
Бас қосылсын басыңа.
Кетпесін дәулет қасыңнан.
Әумин!
Сау болыңдар, келесі кездескенше!
(кетіп қалады).
II. 1 жүргізуші: “Біреу білмегенді біреу білер” дегендей салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп көрейік.
1. Жүннен жасалатын бұйым. (киіз)
2. Сәндік бұйым жасайтын ұста. (зергер)
3. Ұлыс күні жасалатын тағам. ( Наурыз көже)
4. Қазақ қыздарының бас киімі. (сәукеле)
5. Төрт түліктің жайылымы. (өріс)
6. Жыл он екі ай неше маусымға бөлінеді? (көктем, жаз, күз, қыс)
7. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын қалай атаған? (көктеу, жайлау, күзеу, қыстау)
8. Шөптің шалғыны басылып, сары сүрлеу тартатын мезгіл қалай аталады? (сарыжайлау)
III.Сәлемдесу рәсімі
1 оқушы: Армысың, шапағатты күніміз (Күнге қарайды)
Армысың, мейірімді жеріміз (Қолдарын жерге жақындатады)
Армысың, Табиғат Анамыз (Басын иеді)
Келді сізге өзіңіздің балаңыз. ( Өздерін көрсетеді)
1 жүргізуші: Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бір-бірін көріп, білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесуді тілмен айту- парыз.
2 жүргізуші: Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, ендеше тамашалайық.
( Ортаға екі оқушы шығады)
1 оқушы: Ассалаумағалейкум!
“Мен адаммын.
Адамдығымды білдіремін.
Алланың нұры жаусын!”
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
2 оқушы: Уағалейкумассалам!
“Мен де адаммын.
Адамдығымды білдіремін.
Сізге де Алланың нұры жаусын”
Ұлыс береке берсін, пәле жала жерге енсін.
(Екі бала төс қағыстырып амандасады)
IV. Наурыз- думан.
2 жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бері қараңдар.
Наурыз- думан басталды.
Бір сәт құлақ салыңдар.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар
Ұлттың ойын, өнерін
Тамашалап көріңдер.
Әдеби тақпақтарды ырымдау.
1 оқушы: Наурыз тойың, наурыз тойың
Құтты болсын халайық
Күй төгілсін, күй төгілсін
Шырқап әнге салайық.
2 оқушы: Құтты болсын Наурыз той
Құлпырып тұр қыр мен ой
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
3 оқушы: Малдар төлдеп қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты Молшылыққа аңыз боп Басталыпты Наурыздан.
4 оқушы: Ата салтым асыл мұра, аруағым,
Бабалардың жалғастырар арманын Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірін,
Өткенімді бүгінгімен жалғадым.
5 оқушы: Қазағымның салт- дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт- дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған!
1 жүргізуші: Наурыз тойына жиналған халайық!
Ойын- тойымызды жалғастырайық.
Той- тойға ұлассын!
Бүгінгі салт- дәстүрімізді жаңғыртып,
Көсегеміз көгерген күн.
2 жүргізуші: Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбилеік мәні зор, астарлы.
Қазақтың салт- дістүрімен қатар ұлттық ойындары да бар. Қане кім атайды?
“Қыз қуу”, “Арқан тарту”, “Көкпар”, “Қол күрес”, “Ханталапай”, т.б.
(Ханталапай ойынын ойнату)
Оқушылардың өнерін тамашалау.
Қорыту.
1 жүргізуші: Аталар сөзімен өсіп-өнген
Бабалар бұлағынан нәр алған
Даналар өсиетінен тәрбие алған
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен.
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.
2 жүргізуші: Бүгінгі мақсатымыз- заман өзгерсе де, ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту.
Ой қосылсын ойыңа
Бой қосылсын бойыңа
Аман-есен жетейік Келесі Наурыз тойына!
Бірге: Қош, сау болыңыздар!