Наурыз – 2014» мейрамы ??тты болсын!


___________________________________ Наурыз десе – көгімде жүзді күнім,Наурыз десе – көркейтер түз де гүлін.Наурыз деген – ырысым, ынтымағым,Наурыз деген – дәстүрім, ізгілігім. “Наурыз – 2014» мейрамы құтты болсын! ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы ___________________________________ Наурыз туралы мағлұмат Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді. Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады. Көже жеті тағамның қосындысынан тұрады: арпа, бидай, күріш, қара бидай, сүт, ет , май. Наурыз-көже – мейрамның, көктем келгендігінің белгісі.Наурыз ерекшеліктері:- Сіз келген күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек. Ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.- Бұлақ көрсең көзін- аш- деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады.- Бір тал кесең, он тал ек- дескен қариялар бұлақбасына тал егеді. Ал әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, “Армысың қайрымды Күн-Ана!”, - деп иіліп сәлем береді және кеудесі түкті жер- Ана, құт дарыт, жарылқа!- деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді. Наурыз басы: “Күнге сәлем ету” Армысың қайырымды, Күн - Ана!Атар таңға, шығар күнге Тәу – тәу!Басымызға амандық,Елімізге береке дарыта көр! Тәу – тәу!Жыл басы келді, жаңғырта келді,Тәу – тәу!Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді,Жаңа Жыл келді, Тәу – тәу!Қайырымды Күн-Ана, тілегімді бере көр!Тәу – тәу! ___________________________________ Игі дәстүр: “Бұлақ көзін аршып, тал егу” Оу, айналайын, балалар!Тоя ішсін деп тамсаныпЖеті түрлі дәм салыпНаурыз көже пісірдім.Оттан қазан түсірдім.Бал көжеден татыңдар.Бар қызыққа батыңдар.Көктем Наурыз тойындаҚұмар болып ойынғаІске үлес қоспағанІшер бір – ақ тостағанЕңбекқорға талаптыҚоямын қос табақтыАсқа кәрі - жасыңдыШақырып , ием басымды. Уа, құдайым, оңдасын,Жаманшылық болмасын. Әруақ біткен жар болып,Қызыр бабам қолдасын. Аман сактап, төл басын, Еккен егін солмасын.Орта толып ырысқа,Бейбіт өмір орнасын.Бақыт ашып қақпасын,Мәңгі бақи жаппасын.Пәле-жала қазақты, Іздесе де таппасын. Әумин! ___________________________________ Наурыз тілек: Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын. Наурыз белгілері: Наурыз күнгі тағам – “Наурызкөже”Наурыз күнгі айтылатын ән: “Жарапазан”Наурыз күнгі жауған қар – “Наурызша”Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағыс – “Әз”Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария – “Қызыр ата” Наурыз - ән Наурыз, Наурыз күнгейгiКүнгейгi жердiң түрі игiБауыры жылып науат қарБабымен ғана жiбейдiШашылып ырыс жанаттанШақырып бiр үй бiр үйдiШаттанушы едi бiр үйге Қайырмасы:Наурыз айы туғандаТой болушы едi бұл маңдаСақталушы едi сыбағаСапарға кеткен ұлдарғаНаурыз айы туЈандаОсынау игi кеЎ жергеНаурыз айы келгендеНаурыз тойы болғандаКелiп едi өмiр орманғаОсынау игi кең жергеНаурыз тойы келгендеКөрмегендерде армандаАрманда оны көргендеНаурыз тойы келгенде Наурыз тойы басталғанда, ауыл бойжеткендері жігіттерге арнап, соғымның етін уызға салып пісіріп, «ұйқы ашар» деп аталатын ерекше дәм дайындаған екен. Ал, Наурыз келгенде жігіттер көңілі ұнатқан бойжеткендерге айна, тарақ, иіссу сияқты сыйлықтар ұсынған. Бұл сыйлықтардың аты – «селтеткізер», «діреткізер» деп аталған. БҰЛ КҮНІ:Сапарға шықпайды;Ешкіммен ренжіспейді;Жаман, блапыт сөздер айтпайды;Жаман қылықтар көрсетпейді.Шаш, тырнақ алмайды.Іс тікпейді, Кір жумайдыБҰЛ КҮНІ:Күн мен түн теңеледіРенжіскен адамдар достасадыЖақын туыстармен дәм алысады7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайдыАт шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды. ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы Қоян жылы құт береке әкелсін! Наурыз құтты болсын!Ұлыс береке берсін!Ұлыс күні алдына келсе, атаңның құнын кеш Жақсылыққа жақсылық - жай адамның ісі, Жамандыққа жақсылық - ер жігіттің ісі.Жыл басы - Наурыз, мол болсын дәм - тұз Наурыз ойындары ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы Батаменен ел көгерер. Тамашаға толтырып тұнық төрді, Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді, Барша үйге бақыт боп, береке боп, Жанарынан нұр шашып күліп келді. ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы