8 наурыз мерекесі ??тты болсын
8 наурыз мерекесі
Тақпақтар перекличка
Ералы 8-Наурыз 2016 жыл көктемі
Қыстың кетті аязының өктемі
Мерекеніз құтты болсын аналар
Күндей болып жарқыраңдар көктегі
Диас Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шуақтарың бар әлемге таралған
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың
Орындалсын жүректегі бар арман
Алтынай құтты болсын аналардың мейрамы
Жарқыраңдар жаз күніндей жайдарлы
Мерекі бұл көктемнің алғашқы
Бақыт берсін әр көктемнің айлары
Али 8-Наурыз қуанышқа бөлесін
Әкелсінші жаздың жылы елесін
Барлық халық аман болып елімде
8-наурыз жете берініздер келесі
Мадина Дүниеде ең кемеңгер дананы
Ана табады , аялайды, бағады
Сол үшінде кеудесіне бас иіп
Құрметтейік қасиетті ананы.
Нұралы Гүлдей болсын өміріңіз
Нұрға толсын көңіліңіз
Биік боп жұлдызыңыз
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз.
Мирас Аналар , қыздар жасай берсін,
Анашымды күніне мың сағынам
Тірлік үшін әулиеге табынам
Аналардың ақ сүтіне табынам.
Аружан Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз
Амина Бізге қарап елжіреп
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп
Жүгіреміз күлімдеп.
Әміре Мерейлі сәт мерекеге ұлассын
Сегізінші Наурыз келді қыр асып
Әжелер, аналар, нәзік жандар мейрамы
Көктемнің шапағатын түр шашып
Айкөркем Аялаған анашым
Әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз
Анамыздың мамасын
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
4. Ән «Көктем»
1. Вальс
Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Аналарды құттықтап
Би билейміз бәріміз
2.Аналарға тақпақтар
Бүгін науырыздың 8 – і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Аналарға айтар лебізі
Арнай Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрінде
Кәусар Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам
Нұрдаулет Мерекелі күнің
Қандай тамаша
Кеудедегі гүлің
Қалды жараса
Күлімдеген көзің
Күннің нұрындай
Күнім деген сөзің
Ақыл жырындай
3. Хор «Анашым»
Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімде
Арнадым саған бәрінде
4. Сахналық қойлым «Үш қыз» (Қыздар биге киінеді)
5.Ойын «Көмекші»
6. Вокал қыздардың орындауында «Жақсы көрем күлкіңді»
Ана десем шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар ажары
Ана деген тіршілікке пана боп
Әр бір үйде шуақ болып жанады.
7. Әже туралы тақпақтар,ән.
Той пердесін ашады
Тойға шашу шашады
Әжелерін құрметтеп
Ән маржанын шашады.
Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құрметтей отырып, тақпақ әнімізді қарсы алыңыздар.
Аяна Құрт пен майын жинаған
Балаларға сыйлаған
Бұл әжемнің өмірі
Таусылмайтын жыр маған.
Альбина Алтын әжем, ақ әжем
Бар нәрсеге сақ әжем
Немересін бағады
Бәріне уақыт табады
Алинұр Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем менің өйткені
Өте жақсы көреді.
Айша Мамамыздың анасы
Ақ жаулықты ақ әжем
Айналайын құлыным
Деп айтатын дана әжем
Еркелетіп өсірген
Айналайын дана әжем
8. Домбыра биі.
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы әдепті де, әдемі
Қазақ қызы ақылына көркі сай
Тұнып тұрған әдемілік әлемі
9.Тақпақ көктем
О, алақай, балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді ән салып
10.Ойын «Ашық хат»
Әр адам өз анасына деген сезімдерін ерекше жеткізеді. Әркім әр түрлі сыйлық жасаса біздің топтың балалары «Ашық хат» хат арқылы аналарына деген алғыстарын білдірмекші.
11. Ән «Анамың әлдиі»
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Қаймақты сүттей қалқытқын
Суық болса жөргегі қорғасындай балқытқан аналарына балаларымыздың орындауындағы «Анамың әлдиі» әнін қарсы алыңыздар.
12. Джентельмен биі
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
13.Ағылшын тілінде тақпақ, ән.
Қазақша – ана, орысша – мама, ағылшынша – мазе әр елде әр түрлі айтылса да бұл сөзінің мағынасы бір. Ағылшын тілінде балаларымыздың аналарына арнаған тақпақ – өлеңдерін қарсы алыңыздар.
14. Ән «Анашым» ТРИО
Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
Ән саламыз бәріміз
15.Меңгерушінің құттықтау сөзі
16.Сыйлық сыйлау. Вальс. Соңы.
Құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер, қонақтар. Баршаңызды келе жатқан халық аралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға бақыт, береке – бірлік, шапағат тілейміз! Әр күндеріңіз шуақты, нұрлы болғай. Балаларыңыздың қуаныштарына тоймай, махаббаттарына бөленіңіздер.Бүгінгі мерекелік ертеңгілік тек қана сіздердің құрметтеріңізге арналады. Олай болса, даярлық «Б» тобының балаларын қарсы алайық.