?осымша білім беруден ашы? саба?Джут жібі. Джутты? филигран (кендір жіп).


Есенбекова Акылай Бактыгереевна
Қосымша білім беру педагогы
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Сабақтың тақырыбы: Джут жібі. Джуттық филигран (кендір жіп).
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушылардың білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта –ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелілігі:Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық төзімділік деңгейін көтеруге баулу.
Көрнекілігі:Дайын бұйымдар, суреттер
Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі:Сұрақ –жауап, үйрету, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, химия, сызу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ. Сергіту сәті
ІІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
ІҮ. Жаңа тақырып
ҮІ Сарамандық жұмыс
ҮІІ. Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау
І. Ұйымдастыру. (амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу)
ІІ. Сергіту сәті. Шаттық шеңберіне тұрып бір біріне жақсы көңіл күй сыйлау.
ІІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
Бисердің отаны? (Египет)
Бисерді неден жасайды? (шыны,хрусталь,керамика,металл)
Бисердің қандай түрлерін білесің? (домалақ,сопақша, таяқша)
Қандай тігіс түрлерін білесің? (рококо,шынжыр,ине алдына шаншу,ине артына шаншу, барқыт, тамбурлы т.б)
ІҮ. Жаңа тақырып «Жұт жібі. Жұттық филигран (кендір жіп)»

Жұт- иіру өсімдігі, өндіру бойынша мақтадан кейін екінші орында тұр. Сонымен, 1999-2000 жж. жұттың өндірісі әлем бойынша 2,09 млн тоннаға жетті. Оның екі түрі бар: ұзын жемісті жұт және дөңес жемісті жұт. Ең көп тараған түрі ұзын жемісті жұт, себебі ол ыңғайлы әрі тез өндіріледі. Оның пайда болған жері - Бангладеш және оңтүстік-шығыс Үндістан.
Жұтты негізінен орауыш материал ретінде, жиһаздарды және маталарды өндіруде қолданылады. Сонымен қатар қазіргі таңда оның қолданылуында жаңа мүмкіндіктер пайда болды, одан өндірілетін тауарлардың саны бірнеше жүзге дейін жетті. Сонымен қатар жұттың дәндерін фармацевтикаға қолдануға болады, себебі олардың құрамында әртүрлі алкалоидтар бар.
Жұттың тарихына келетін болсақ иіру өсімдігі бойынша өзінің бастауын ертедегі Үндістаннан алды. Оның алғашқыда қолданылғаны туралы қасиетті Ведалардан (ежелгі кітап жазбалары)табуға болады. Сол естерліксз уақытта жұттан жасалған киім, сол жердегі халықтың негізгі және ажырамас киімі болатын. Мыңдаған жылдар бойы жұт Бенгалияда, Ассамда және басқа да әлемге белгісіз, Үндістанның оңтүстік-шығысында өсірілген.
Жұттың кең тарауы ағылшын колонизациясының нәтижесінде пайда болды. Тез дамып жатқан Британ мемлекетіне шикізат табу үшін Ост-Үнді атты компания пайда болып, сол халықтың сондай өнермен айналысып жатқанын байқаған. Жұтты басқа елдерде өндіру алғаш рет 1832 ж. Шотландияның Дэнди қаласында жасалған.
Кері байланыс
Жұттың неше түрі бар?
Ең көп тараған түрі?
Оның пайда болған жері?
ЖҰтты қайда қолданады?
Жұттың дәндері қайда қолданылады? Құрамы неден тұрад?
Жұтты басқа елдерде өндіру қай жылы басталды?
Биология пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі Карманова Гүлбақыт Айтбайқызы сіздерді жұт жібінің мәдениетімен таныстырып, жұт талшықтарының қасиеті мен қолданылуы туралы мағлұмат береді. Слайд №1
Жұттың мәдениеті
Жұт бұл- бір жылдық өсімдік, үйеңкі өсімдіктес отбасынан шыққан. Оның 100-ден аса түрі бар, олар көбінесе Азияның, Африканың және Американың тропикаларында кездеседі.
Жұт талшықтарының қасиеті мен оның қолданылуы
Жұттың талшықтары сабағының түбінде орналасқан. Химиялық жағынан жұт талшықтары басқа өсімдіктердің талшықтарынан өзгеше болып келеді. Оның құрамында лингнин мен бастин қоспалары көп.
Жұттың ерекшелігі оның арзандылығы, талшықтардың тазалығы және салмағы жеңіл. Сонымен қатар оның кемшіліктері де бар: талшықтардың ірілігі, судан жылдам бүлінеді де көп мерзімге шыдамайды.
Жұттың табиғи түсі - сары, қызғылт және қоңыр. Жоғарғы сападағы жұттың түсі ақшыл-сары, кейде сұрғылт-сары немесе сұрғылт түсті, өзінің бірыңғай қалыңдығымен, жылтырлығымен және жұмсақтығымен ерекшеленеді. Төменгі сападағы жұттың түсі қоңыр-сары немесе қызғылт-күрең түске ие, жылтырлығы аз және қатаң болып келеді. Уақыт өте келе жұттың түсі қараланып, жылтырлығы мен беріктігі азаяды, әсіресе ылғалды болса.
ҮІ Сарамандық жұмыс Слайд №2
Кендір әдісін пайдалана отырып керемет кестеленген абажурды, панельдерді, қораптарды жасауға болады. Қолөнердің бұл түрі зейінді, табандылықты, дағды мен шексіз қиялды талап етеді.
Жұттық филигран - заманауи өнер түрі. Оның техникасы - жұқа, иілгіш жіпті бұралау арқылы олардан әртүрлі суреттерді шығару. Жұттық филигран аса қымбат және арнайы материалды қажет етпейді, оның барлығы да арзан, әрі қол жетімді. Ол негізінен әр түрлі декоративті заттарды жасауға және дизайнерлік идеяларды іске асыруға қолданылады.
Басты материал - жұттық жіп болып табылады және ол жіпті табу қиын емес. Егер сіздің өнер туындыңыз түрлі-түсті болуын қаласаңыз, онда оны акрил краскасы арқылы оңай бояй аласыз. Слайд №3
Бізге қажетті құралдар:
Жұттық жіп;
Пинцет, қайшы,
Жіңішке спица,
Түссіз желім «Титан»,
Полиэтилендық файл.
Бізге жасағымыз келетін бұйымның трафареті керек болады. Біздің трафаретіміз жақсы бейнеленіп, контурлары анық көрініп бейнеленуі керек. Ол үшін өзіміз жасаған немесе дайын тұрған эскизді қолдана аламыз. Содан кейін трафаретімізді полиэтиленді файлға саламыз. Файлға салып болғаннан кейін суреттің контурларына мұқият, асықпай желімді жағамыз, ал оның үстіне жұтты орнатамыз. Жіңішке спица арқылы жұтты контур бойынша түзетеміз. Сол арқылы барлық суретпен жұмыстанамыз. Түгел эскизді толтырып, жұмыстанғаннан кейін жұмысымызды кептіру керек. Ол үшін оны пресске салып 6 сағат бойы кептіреміз. Содан кейін пышақ арқылы абайлап кесіп алып, лактаймыз. Дайындаған жұмысымыз бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Ендеше алдымыздағы трафареттегі гүл күлтешелерін жұт жібімен жапсырайық.
Қауіпсіздік ережелері.
пинцетпен, қайшымен желіммен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтаймыз.
ҮІ. Бекіту сұрақтары: Слайд №4
1. Жұт жібінің неше түрі бар және ең көп тараған түрі қандай?
2. Жұт жібінің пайда болған жері?
3. Жұт талшықтарында қандай қоспалар бар?
4. Жұттың табиғи түсі қандай?
5. Жұт материалын қайда қолдануға болады?
Рефлексия (алдарына үлестірілген стикерлерге өз ойларын жаздыру)
1. Қызықты болды .
2. Қиын болды.
3. Үйрендім.
4. Енді білетін болдым.

Жұмыс орнын жинастыру. Оқушылардың жұмысын бағалау. Үйге тапсырма беру.