Ту?ан к?ні?мен бала?ай! мерекелік ерте?гілігі


Жүргізуші: Қане, қане тұрайық.
Жылулық шеңберін құрайық.
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді біз білмейміз.
Бүгін бізде ерекше күн! Тобымызда Раминаның туған күні.Рамина бүгін үш жасқа толып отыр. Қане, бәріміз құттықтаймыз деп қайтайық.
Балалар бәрі бірге: құттықтаймыз, құттықтаймыз, құттықтаймыз.
Жүргізуші: Сенің туған күн мерекеңмен,
Кел бәріміз ән салайық,
Бәріміз айналып тұрып,ән салайық.
Ән: Бала, бала, балақан.
Жүргізуші: балалар қазір біз сендермен көптеген ойындар ойнайтын боламыз.
Ойын: Кім жылдам? (себеттерге доп жинау)
Ойын: Тауықтар мен балапандар.Ойын: Қар тасу
Жүргізуші: Балалар сендер ойындарды жақсы ойнадыңдар, енді кезекті биге берейік. Балалар әуен қосылғанда әр түрлі қимылдармен би билейді.
Жүргізуші: балалар көңіл күйлерің қалай? Ендігі кезекті мерекелік дастарханға көңіл аударайық. Міне, әдемі жанған шырақтар, тәтті торт. Олай болса дастарханға отырайық.Туған күн иесі Раминаны тағы бір рет құттықтайық. Тәрбиешілердің құттықтаулары. Осымен туған күніміз аяқталды.Сау болыңыздар!