Математика. Та?ырыбы: 1-ден 20-?а дейінгі сандар.
Білім беру саласы: Таным.
Оқу іс-әрекеті: Қарапайым математика.
Тақырыбы: 1-ден 20-ға дейінгі сандар.
Мақсаты:1) 1-ден 20-ға дейінгі сандар туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау.
1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау. Есту барысында
сандарды ажырата білуге жаттықтыру.
2) Балалардың ой-өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-төсілдер: сұрақ-жауап, ойын түрінде.
Қолданылатын көрнекіліктер:суреттер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы
Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялау
Іздену іс-әрекеті
Рефлексия Ұйымдастыру
Сәлемдесу
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бір аптада неше күн бар?
-Апта күндерін атау.
Жұмбақ шешу.
-Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір-ақ асады.
-Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
-Өзі қу,
Жүрген жері шу.
-Сұр түсті,
Ақсиған көп тісті.
-Қанжардай тісі бар,
Суық үрейлі түсі бар
-Бұл жұмбақтар нелер туралы?
Аңдардан хат келіпті.
Ол хатта аңдарды сиқыршы сиқырлап ,
Күннің астына тығып қойыпты. Оларға көмектесу үшін сиқыршының тапсырмасын орындауымыз керек.
Сонда ғана ол аңдарды босатады.
-Қоянның тапсырмасы.
Тура және кері санау.
«Адасқан сандар» ойыны. Сандарды ретімен қойып санау.
Қоянның тапсырмасын орындадық.
Аюдың тапсырмасы.
Қалдырылған санды жазу. Әрбір екінші жапырақты сары түспен боя.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың ,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Қасқырдың тапсырмасы.
Әр ыдысқа бір қарындаштан қос. Әрыдыста неше қарындаштан болады?
10+1=11 12+1=13 13+1=14
Түлкінің тапсырмасы.
Қиып алынған бөлігін тап.
Арыстанның тапсырмасы
-Қояндарды санау.
-Қоян немен қоректенеді?
-Сәбіздерді санау.
-Сандарды салыстыру.
-Сандардың жазылуын үйрету.
-Сандарды жазу
Қорытынды
-Аңдардың тапсырмасын орындадық.
Аңдар өте риза « Рахмет» айтып жатыр сендерге.
-біз аңдарға көмектесіп нені білдік?
-нені үйрендік?
Қуан,шаттан,алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін де күн.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
-Қоян
-Аю
-Түлкі
-Қасқыр
-Арыстан
Аңдар туралы.
Сандарды тура және кері санайды.
Қалдырылған санды жазады.
Ормандағы аюдың ,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Тапсырманы орындайды
Тапсырманы орындайды.
17 қоянСәбізбен
18сәбіз
Сандарды жазады
Балалар сұрақтарға жауап береді.