Онды?тан аттап ?осу мен азайтуды? ауызша т?сілдері
Сабақ: математикаСабақтың тақырыбы:Ондықтан аттап қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері 26+7 және 33-7түріндегі өрнек».Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.2. Дамытушылық: санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын дамыту, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту; санның құрамын қайталау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту.3. Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа тәрбиелеу; ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, рефлексия.Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ойындар, суреттер.Сабақтың барысы.І Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.Психологиялық дайындық:
Сыңғырлайды қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Орнымызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз
ІІ. Балалар бүгін біз сендермен ондықтаг аттап қосу мен азайту тәсілдерін әрі қарай жалғастырамыз.Сабақ барысында әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.Мұқият жылдам және дұрыс жауап беруге тырысыңдар.1 - ереже: Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!2 - ереже: Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан нақты, дәл жауап береміз!3 - ереже: Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!4 - ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!- Ал, енді қандай баға алатындарыңды айтыңдаршы?Біз білімді баламыз,Күнде бестік аламыз.Жалқаулықты тастаймыз,Жаңа сабақ бастаймыз.Біз баламыз.Бүгін неше аламыз?Бір керегі жоқ,Екі керегі жоқ,Үш керегі жоқ,Төрт орташа,Бес тамаша! Балалар бүгін сабақ барысында сендер тапсырмалар орындау арқылы өздеріңді –өздерің бағалайсыңдар.Мен сендерге тапсырманы дәл нақты орындасаңдар қызыл түсті жаңа жыл ойыншықтарын үлестіремін,көк түсті ол орташа,сары түсті ол нақтытолық жауап бермеген жағдайда аласыңдар.ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.Оқушылар бір-бірін тексеріп бағалайды. Қызығушылығын ояту.Балалар алда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл.Жаңа жылда үйіміздің төрінде не тұрады?шырша.Біз бүгін сендермен бірігіп сынып шыршасын безендіреміз.Ол үшін біз сендермен алдымызда қандай жыл келе жатқанын біліп алуымыз керек.Жылқы
Жылқының төлін қалай айтамыз.Құлын.Құлын сендердің математика сабағында ауызша тапсырмаларға қалай екендіктеріңді көргісі келеді.
37+355+537 - 755 - 534+658+234 - 458 - 833+757+333 - 357 – 7 тапсырмалар барысында түрлі түсті ойыншықтарды үлестіру.Құлын алты айдан кейін қалай аталады білесіңдер ме? Жабағы.сендерге екітаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуды ұсынып отыр.
26,33,49,54,62,86
Жабағыдан әрі қарай өсіп бір жылға толған соң қалай аталады деп ойлайсыңдар? Тай
Сендердің жылдам ойлау шапшаңдықтарыңды тексергісі келеді.
А)Әнел 8 жаста,5 жылдан кейін ол неше жаста болады?
Ә)Манарбек 12 жаста 3 жыл бұрын ол неше жаста еді?
2 жастан асқанды ұрғашы жылқыны байтал деп атайды.Ал екі жастан асқан еркек жылқыны құнан айғыр деп атайды.Сендерге жаңа тақырыпты хабарлап № 1 тапсырманы бірігіп орындағысы келіп тұрІVЖаңа сабақ:Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «26+7 және 33-7 айырмасы түріндегі өрнектерді қосу азайтуі». Өткенді қайталау.
Оқулықтағы № 1 тапсырманы бірігіп талдау Тақтада орындап талдау,бос торкөздерді толтыру.
Дәптерімізді ашайық,Салақтықтан қашайық.Қолға қалам алайық,Көркем етіп жазайық.
Ә) тапсырманы дәптерге оқушылар өздері орындайды.
V.Сергіту сәті
Ипподромда не болады? Ат жарысы.Ендеше бәріміз ипподромға аттанып бір сергіп алайық.
3 жастан асқан ұрғашы жылқыны дөнежін байтал деп атайды,ал үш жастан асқан еркек жылқыны сәурік айғыр деп атайды.Олар сендердің оқулықтағы № 2 сөзді есепті қалай шығаратындарыңды байқап білгілері кедеді.
1-күні-20қап
2-күні-?,5-қап артық 3 күні?қап,сонша,
20+(20+5)=45(қ) Жауабы: Үшінші күні 45 қап жинады.
4 жастан асқан ұрғашы жылқыны сәурік бие,ал 4 жастан асқан еркек жылқыны сәурік айғыр деп атайды.
VІ“Кім жылдам?” Семантикалық картаны толтырады?Мысал ---- 65 ----- 43 ----- 77 ----- 3685 - 856+934+928+8VІІ. 7-8 жастағы ұрғашы жылқыны қасабалы бие деп атайды,5 жастағы еркек жылқыны бесті айғыр деп атайды.Олар сендердің геометриялық фигуралармен қалай жұмыс істейтіндіктеріңді білгілері келеді.Алдымен сендер олардың сұрақтарына жауап берулерің керек.
1.Шаршы деп қандай фигураны айтамыз?
2)Тік төртбұрыш дегеніміз қандай фигура?
3)Фигуралардың периметірін қалай табамыз.
Ұзындығы 4 см,ені 2 см тік төртбұрыштың периметірін табыңдар.
11-14 жастағы бие кәртамыс бие деп аталады екен,11-12 жастағы сақа айғыр деп аталады
Сендердің сандарға байланысты қандай мақал-мәтелдер білетіндіктеріңді білгісі келеді?VІІІ.Сабағымызды қорытындылауға 20 жылдан асқан жасаған бие келіп отыр.Балалар сендер бүгін сабақта жылқының тұқымымен таныса отырып қызықты тапсырмалар орындадаңдар.Енді жаңа жылдық түрлі түсті шыршаның ойыншықтары арқылы өздеріңді алдарыңдағы қағазға бағалаңдар.Міне жылқы жылы да жақындап қалды сыныбымыздағы шыршаны әшекейлеп безендірейік
ІХ.Үйге тапсырма:
Күнделікті енді алайық,Үй тапсырмасын жазайықМатематикадан алған білімдіҰмытпай есте сақтайық.Бағалау:«5» - бәрекелді,«4» - шіркін,«3» - әттең
Х .Рефлексия
«№ 8 орта мектеп» мемлекеттік мекеме
Математика
Сабақтың тақырыбы: «Ондықтан аттап қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері 26+7 және 33-7 түріндегі өрнек».:
2 сынып
Өткізген:Бускеева К.Е