Таным саласы бойынша ?йымдастырыл?ан о?у ?ызмет Та?ырыбы: Биік-аласа, Бір-к?п
№ 48 «Мұрагер» бөбекжайының дефектологы Жардемова А.И.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Биік-аласа», «Бір көп»
Мақсаты:
Білімділік:таңертең тәулік бөлігімен таныстыру;осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс заттарды көлеміне қарай (биік аласа)және санына қарай (бір-көп)салыстыруды үйрету;
Дамытушылық: қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
Тәрбиелік: Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу
Кажетті көрнекіліктер мен құрал жабдықтар:үй:биік-аласа. қарындаштар.
Сөздік жұмыс:биік,аласа,ұшбұрыш
Блингвальды компонент:биік-высокий,аласа-низкий
Іс-әрекет кезеңдері Дефектологтың іс әрекеті Баланың іс-әрекеті
Себепті қозғаушы Ғажайып сәт.
«Қара және салыстыр»ойыны.
Екі бала фланелеграфқа жақын келіп,одан 2үйді өз еріктерімен таңдапалуларын сұраймын.
-Үйлер бірдей ме,жоқ әртүрлі ме?
-Дұрыс!Бір үй биік,ал басқа үй аласа.
-Бір-біріңе арқаларыңмен тұрыңдар,қайсың биік,қайсысың аласа екенін көреміз.Бірі екіншісіне биік екен балаларға көрсетемін,үйлердің биік және аласа болатынын түсіндіремін. Қызығушылық танытып,үйлерді таңдап
алады.
Салыстырып жауап береді де,өзінің көршісімен салыстырады.
Ұйымдастыру іздену Суреттен ұшбұрышты затты табыңдаршы?
Суреттегі қай заттың пішіні ұшбұрышты?
Шатыры ұшбұрышты биік үйде Айбек,ал шатыры ұшбұрышты аласа үйде Айсұлу есімі қыз бала тұратынын айтады.
-Айбек қандай үйде тұрады?
-Айсұлу қандай үйде тұрады?
Айсұлудан аласа үйге дейін,ал Айбектен биік үйге дейін жол салуын ұсынамын.
Сөздік жұмыс:биік,аласа,ұшбұрыш
Блингвальды компонент:биік-высокий,аласа-низкий,ұшбұрыш-треуголник.Балалар мен сендерге тақпақ оқып беремін.Үйшікте қоян,бақылдауық бақа тұрады,Қасқыр,түлкі,жертесер тышқан тұрады,
Тек қана аю оған сыймай қалды.
Үйшікке ол кіремін деп қиратты.
Сұрақтар:
-Бұл тақпақ қай ертегіден?
-Үйшік кім қиратты?
-Аю неге оны қиратты?
-Қараңдаршы ертегі кеіпкері не істеп жатыр?
-Дұрыс айтасыңдар,аңдар бәрі бірі тұратын және оған аю да сыйатын жаңа үлкен үйшік тұрғызып жатыр.Олар тасып жүрген тақтайлар үй салуға керек.Бірақ олардың кейбіреуі оң жаққа қарай,кейбіреуі сол жаққа қарай кетіп барады.
Суреттен ұшбұрышты заттарды іздейді.
-Үйді шатыры
-Биік үйде.
-Аласа үйде
Балалалар жол салады.
Қайталайды:биік-высокий,аласа-низкий,ұшбұрыш-треуголник.
Тақпақты тыңдайды
Сұрақтарға жауап береді
-Үйшік
-Аю
-Өйткені аю үлкен.
-Тақтайларды тасып жүр.
түлкі,қасқыр.
-Аю,бақа тышқан.
-Тақтайшаларды.
-Жаңа үйшік тұрғызу үшін.
-Ақ.
Рефлексиялық қортындылаушы -Балалар,үйшікке не жетпей тұр?
-Үйшіктің шатыры қандай геометриялық фигураға ұқсайды?-Айсұлу қандай үйде тұрады?-Айбек қандай үйде тұрады? Балалар қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:биік-аласа ұғымдарын;
Игереді:қағаз бетінде бағдарлай білуді:сол жақ-оң жақ;
Меңгереді:дайын пішіндерді орнына жапсыруды.