?сімдіктерді? г?лдеуі мен тоза?дануы (6 сынып )


Шанханай негізгі мектебі
Тақырыбы: «Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы.»
/ашық сабақ/
Сыныбы:6
Өткізген: Мұратбек С.М.
2016-2017 оқу жылы
Күні: 17.11.2016ж. Пәні: биология Сынып: 6 Тексерген:
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдану, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру).
№15 зертханалық жұмыс. Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы, тозаңданудың түрлері жөнінде түсінік қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Өсімдіктердің генеративті мүшелері туралы түсініктерін және алған білімді қорытындылай, салыстыра пайдалану икемдігін дамыту;
3. Тәрбиелік: Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануының маңызын түсіндіре келіп, оларды қорғауға баулу.
Сабақта қолданылатын жаңа технология түрлері: тірек-сызба
Техникалық құралдар түрлері: интерактивті тақта
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, дәріс
Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: Кесте: «Тозаңдану», оқулықтағы суреттер.
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, отырғызу, оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің және оқушылардың санитарлық-гигиеналық жағдайларына назар аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:
Гүл дегеніміз не?
Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар.
3. Гүлсерігі деп қандай бөліктерін айтады және олар қалай бөлінеді?
4. Гүлшоғыр дегеніміз не?
5. Гүлшоғырлар қайда дамиды?
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Сұрақтарға берілген жауаптарды талдап, толықтырып, жаңа сабақты түсіндіремін.
Сызбанұсқаны пайдалана отырып, тозаңдану туралы түсінік беріледі.
Тозаңдану – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі.
Тозаңдану
1714500692150030861006921500
Өздігінен тозаңдану Айқас тозаңдану
Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі гүлдің аналығының аузына түсуі
46863005397500411480053975009143995397500
бунақденелілер арқылы жел арқылы айқас
Жер жаңғақ, шегіргүл, саумалдық, айқас тозаңданатын тозаңданатын
бетеге, тары өсімдіктер өсімдіктер
36709342540005614034254000
шие, алхоры, алма ағаштары, қант қызылшасы,құлмақ
лимон, шай, асқабақ қарасора,жүгері, қайың,
қарабидай, емен
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер белгілері:
1.Тозаңдары құрғақ, майда, жеңіл, өте көп.
2. Гүлдері реңсіз.
3. Гүлдерінде иіс болмайды.
4. Гүлінде шірнеліктері болмайды.
5. Аталық жіпшелері ұзын, төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады.
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер белгілері:
1. Гүл күлтелері ашық реңді.
2. Гүлдері аңқыған хош иісті.
3. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі.
4. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы қалың, тікенекті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес.
5. Аналық аузы ірі, түкті.
Бекіту сұрақтары:
Тозаңдану дегеніміз не?
Оның қандай түрлері бар?
Тозаңдану кезіндегі бунақденелілердің маңызы қандай?
Ұрықтану деген не?
Өсімдіктерде ұрықтану қалай жүреді?
Сабақты қорытындылау. Оқушылар өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы, тозаңданудың түрлері жөніндегі мағлұматтармен танысады.
Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы бойынша және сабақ барысындағы біліміне қарай оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы:§25. 81-83 беттер.
Тақырып соңындағы «Біліміңді тексер» тапсырмасын орындау.
Рефлексия кезеңі. Оқушылар сабақ барысында алған әсерлерін ортаға салады.