М?дени ?сімдіктерді? шы?у тегі ж?не к?пт?рлілігі


Сыныбы 6а
Тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі.
Мақсаты: Оқушыларға мәдени өсімдіктің жабайы өсімдіктен айырмашылығы неде екенін, мәдени өсімдіктерсіз адам өмір сүре алмайтынын меңгерту.  Оқушылардың дүниетанымын ойындар ойнау арқылы, логикалық танымын, биология пәніне деген қызығушылығын дамыту. Қоршаған ортаға деген жанашырлық көзқарастарын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже 1. Мәдени өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын біледі.
2. Мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата алады.
3. Мәдени өсімдіктердің түрлерін біледі.
Керекті жабдықтар Оқулық, жұмыс дәптері,АКТ, слайд,карточкалық тапсырмалар.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Сыныппен сәлемдесу, сыныпты және сынып кезекшілерін түгендеу. Оқушыларды санамақ арқылы 2 топқа бөлу.
Үй тапсырмасы «Иә, жоқ, күмәнданамын» әдісі арқылы жүзеге асады.
1. Судың тартылуына байланысты балдырлар құрлықта өсуге бейімделе алмай жойылып кеткен деген пікірмен келісесіз бе? Жоқ
2. Жер бетіне ауысқан алғашқы өсімдіктер риниофиттер деп аталады деген пікірмен келісесіз бе? Ия
3. Плаунтәріздестер, қырықжапырақтәріздестер басым болған кезде климат салқын, суық болды деген пікірмен келісесіз бе? Жоқ
4. Балдырлар жер бетіндегі өсімдіктердің дамуына бастама болды деген пікірмен келісесіз бе? Ия
5. Қырықжапырақтардан ашықтұқымды өсімдіктер пайда болды деген пікірмен келісесіз бе? Ия
6. Тұқымдары арқылы көбейетін өсімдіктер тек қана сулы ортада тіршілік етуге бейімделген деген пікірмен келісесіз бе? Жоқ
7. Тек жабықтұқымды өсімдіктерде гүл бар деген пікірмен келісесіз бе? Ия
8. Діни ұғымдағылар, діни сенімі бар адамдар өсімдіктер мен жануарларды құдай жаратқан деген пікірге сенеді, осы пікірмен келісесіз бе? Ия
Мұғалімменоо. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды
Тұсау кесер Жұмбақ арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу.
Бір шар бар кіріп шығар есігі  жоқ,Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.Ішінде көп балапан етер мекен,Ас қылып сойып жесең балдай екен.( Қарбыз )
Өсірер тың дала,Көшірер қамбаға.Айналар ұңға да,Айналар нанға да.  (Бидай)
Жазып алыңыздар бүгінгі тақырып: Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі.
Негізгі бөлім «Мивиас» әдісі арқылы жүзеге асады.
Әр топтан бір оқушы шығып қағазда жазылған тақырыптың біреуін таңдайды:
1- Мәдени өсімдіктер және олардың шығу орталықтары
2 - Мәдени өсімдіктердің түрлері
Тақырыпты жеке, жұп, топ болып талқылайды. Талқылап болғаннан кейін постерға түсіріп, қорғайды.
Мұғалім: Оқушылар мен сендерге үй тапсырмасы ретінде мәдени өсімдіктердің 1 түріне сипаттама дайындап келуге тапсырылған болатын. 1 топтан ............. , 2 топтан .................. мәдени өсімдіктердің 1 түріне сипаттама береді. Қалған оқушыларға, яғни клиенттерге ақша беріледі, қай оқушы толық, нақты етіп түсінген оқушыға клиенттер ақша береді.
Енді, клиенттер ақылдасып, қай оқушы мәдени өсімдіктердің түрін нақты, түсінікті, толық етіп айтқан оқушыны анықтап, марапаттайды. Жеке жұмыс. Топтық жұмыс.
Берілген тақырыпты топтар жеке-жеке талқылайды.«Мивиас» әдісі бойынша әр топ өз постерлерін қорғайды.
Қорытынды АВСД минитест
1)    Дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктердің шығу тегін зерттеп, мәдени орталықтарын ашқан ғалым
А) И.Мичурин    в) Н.Вавилов       с) В.Ковалевский         д) Г.Карпеченко2) Қайсысы мәдени өсімдікке жатады?
А) Жуа       В) Жусан    С) Тары      Д) Ебелек3) Жануарлардың қолдан шығарған түрі қалай аталады?
А) Іріктеме          В) Қолтұқым       С) Селекция         Д) Жинаушы кезең
4) Вавилов еңбегінде неше орталықты ажыраттыА) Алты     В)  Сегіз      С) Жеті       Д) Тоғыз
5) Картоптың отаныА) Оңтүстік Америка   В) Солтүстік Америка  С) Азия      Д) Иран
Жауабы: 1-в , 2-с , 3-в , 4-с , 5-а
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Сабақты бағалау Бағдаршам арқылы жүзеге асады Оқушылар бағалау парағын толтырады.
Үйге тапсырма Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
ЖББ Кузнецов негізгі мектебіАшық сабақ
«Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі»

Мұғалімі: А.Ж.АмангельдиеваБірлік 2017

«Базарлық палата» әдісі

«Бағдаршам» әдісі

«Мивиас» әдісі

«АВСД» әдісі

«Ия, жоқ, күмәнданамын әдісі»