Бір?алыпты емес ?оз?алыс кезіндегі орташа жылдамды? (7 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық Сабақтың мақсаты: Жылдамдық және орташа жылдамдық ұғымдарын түсіну,оларды формула арқылы есептей білу Сабақтың міндеттері:білімділік теориялық білімдерін практика жүзінде көрсетуге бейімдеу 2. Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру 3.Тәрбиелік: сауаттылыққа, ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу Сабақ түрі: сайыс сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері:Ақпараттық технологияны,СТО технологияның стратегияларын қолдану,топтық жұмыс,деңгейлік тапсырмалар,семантикалық карта,эксперименттік тапсырма,логикалық есептер Сабақтың көрнектілігі:оқулық,слайд,проектр,экран,түрлі-түсті қағаздар,штатив,шарик,науа т.б. Сабақтың жоспары: 1Кім жылдам? 2.Білім сайысы 3.Тапқырлар сайысы 4.Сергіту сәті 5.Алғырлар сайысы Кім жылдам? I топқа 1.Орын ауыстыру деп нені айтамыз? 2. Орын ауыстыру қаңдай әріпен белгіленеді? 3. Орын ауыстырудың өлшем бірлігі 4. Орын ауыстырудың формуласы жазу II топқа 1. Бірқалыпты қозғалысқа анықтама беріңдер? 2.Бірқалыпты қозғалысқа мысал келтіріңдер? 3.Уақыттың формуласы жазу 4. Уақыттың өлшем бірлігі III топқа 1.Жол дегеніміз не? 2. Жол қаңдай әріпен белгіленеді? 3. Бірқалыпты емес қозғалысқа анықтама беріңдер? 4. Жылдамдықтың формуласын жазу 5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі
2. Білім сайысы Денелердің осындай бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегіжылдамдықты қалай түсінеміз? Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі,яғни бірқалыпты қозғалытың жылдамдығын есептегендегі амал орындалады Vорт= ℓ/t ℓ= Vорт*t t=ℓ/ Vорт Мысал: Автомобиль алғашқы 40минутта 60км/сағ жылдамдықпен,одан кейінгі 20 мин ішінде 30км/сағ жылдамдықпен қозғалды делік.Автомобильдің орташа жылдамдығы қаңдай болады? Берілгені: t1 = 40мин V1=60км/сағ t2= 20мин V2=30км/сағ Vорт =? Vорт= ℓ/t t= t1 + t2 ℓ= ℓ1 + ℓ2 Vорт= ℓ1 + ℓ2 / t1 + t2 ℓ1 = V1* t1 ℓ2 = V2* t2 Шешуі: t= 40мин+20мин=60мин =1сағ ℓ1= 60км/сағ*40/60сағ= 40км ℓ2 = 30км/сағ*20/60сағ= 10км ℓ= 40км+10км =50км Vорт =50км/1сағ=50км/сағ Жауабы: Vорт =50км/сағ
3. Семантикалық карта
ℓ Vорт t
? 13 7
105 ? 5
144 72 ?
4. Логикалық есептер №1 Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ20 мин ұшады,ал, кері қарай 80мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? №2 Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүрді.Осы уақыттың ішінде 1ат қанша жол жүреді? №3 Қояның жылдамдығы 15м/с, ал дельфиннің жылдамдығы 72км/сағ. Олардың қайсысы үлкен жылдамдыққа ие болады?
5.Эксперименттік тапсырма Шар көлбеу науамен домалап түсті, ал горизонталь науамен тоқтағанша жүрді.Шардың көлбеу науамен қозғалғандағы орташа жылдамдығын есептеңдер?
6. Рефлексия ББҮ
7. Үй тапсырмасы: § 26 №8 (2,3)
Бағалау парағы Топтың аты:
Реті Аты-жөні Үй тапсырмасы 0-5 ұпай Семантикалық карта Бір дұрыс жауабы-3ұпай Логикалық есептер 5-ұпай Эксперименттік тапсырма 8ұпай Жиын-қ ұпай Баға
1 2 3 4 5 Жиынтық ұпай Баға
1-ден 9-ға дейін 3
10-нан 16-ға дейін 4
17-ден 21-ге дейін 5