Сценарий мероприятия Жол т?ртібін са?тайы?


№ 31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымы
«Жол тәртібін сақтайық»
(ойын сауық)
Тәрбиеші: Кинжебаева А.Г.
2014-2015 оқу жылы
Мақсаты: Балаларды жол тәртібі жайындағы түсініктерін, жол белгілері мен ережесі туралы алғын білімдерін бекіту. Жолда жүру ержесін сақтауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: проектор, жол белгілері, зал безендіру көрнекіліктер.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар, бүлдіршіндер! Сіздерді
«Жол тәртібін сақтайық» атты апталығымыздың жабылу
салтанатында көруге қуаныштымыз. Апта бойына үйреніп
білгендеріңізді осы жерде анықтап көреміз.
Слайд «Жол белгілері»
(берілген белгілерді атау керек.)
Жүргізуші: Оның аты – атақты,
                     Бар әдемі үш көзі,
                     Алдамайды,аңғарсаң,
                    Ақылды тіпті өзі.
Ол не деп ойлайсыңдар?
Балалар жауабы.
Жүргізуші: Ал ендеше, ортаға жолдағы қозғалыстың бас командирі, машина
мен адамды да өзіне бағындыра білген ғажайып – бағдаршамның үш көзін шақырамын.
(Ортаға бағдаршамның үш түсі келеді)
Жасыл түс: Жанса көзі жасыл,Жолың айдай ашықЖүре бергің батылКерегі жоқ сасып.
Сары түс: Сары көзі жанса,Сен мынаны аңғарТұрып қалмай оншаҚозғалуға қамдал.
Қызыл түс: Қызыл көзі жанса, Мейлі көлік жоқта Қатып қалғын жанғанша Қыбыр етпе тоқта.
Жүргізуші: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады. Жарқырап көрінер түнде де жырақтан, - деп ортаға белгілерді шақырамыз.
(Ортаға ескерту, тыйым салу, сақтандыру белгілері келеді)
Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
                             Үшбұрыш боп тұрамын
                             Қателеспес үшін де,
                             Көз сал маған,шырағым!
Тыйым салу  Болмау үшін қиын күн,
белгісі:           Қажеті бар тыйымның.
                       Қызыл шеңбер ішінен
                      «Болмайды!» деп бұйырдым.
Сақтандыру белгісі: Қып - қызыл үшбұрыш Ескерту белгісі мен болам. Қауіптен сақ бол деп Сәт сапар жолдаған.
Жүргізуші: Ал ендеше балалар, осындай жол тәртібін үйренуге жағдай жасап
тұрған, әсем балабақшамыз туралы ән айтайық.
Ән «Балабақша»
Көрініс «Қоян мен түлкі»
Жүргізуші: Қай көше, қалаға қарай барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. Жолда жүру ережесі заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға – дей отыра бүгінгі «Жол
тәртібін сақтайық» атты апталығымыз осымен
аяқталды. Жолда аман - есен жүрулеріңізге тілектеспін!